HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide

Көшірме жасау
1. Құжатты сканер шынысына принтердегі көрсеткіштерге сәйкес қойыңыз.
2.
Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Copy (Көшіру) белгішесін түртіңіз.
3. Әр түрлі құжаттардың көшіру сапасын оңтайландыру үшін Settings (Параметрлер) түймешігін түртіңіз,
одан кейін Optimize (Оңтайландыру) түймешігіне жылжып барып, түртіңіз. Опциялар арқылы жылжу
үшін, басқару тақтасын басып, оны таңдау үшін бір опцияны басыңыз. Келесі көшірме сапасының
параметрлері қолданылады:
Auto Select (Автоматты түрде таңдау): көшірменің сапасы маңызды болмаған кезде осы
параметрді пайдаланыңыз. Бұл әдепкі параметр болып табылады.
Mixed (Аралас): бұл параметрді мәтіні мен суреттері араласып келетін құжаттар үшін
пайдаланыңыз.
Text (Мәтін): мәтіні көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
Picture (Сурет): құрамында суреттері көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
4. Number of Copies (Көшірмелер саны) түймешігін басып, көшірмелер санын реттеу үшін сенсорлы
экранның пернетақтасын пайдаланыңыз
.
5. Көшіруді бастау үшін Start Copy (Көшіруді бастау) түймешігін түртіңіз.
56 5-тарау Көшіру KKWW