HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide

Екі жағына басып шығару (дуплекс)
Екі жағына автоматты түрде көшіру (fdn және fdw модельдеріне ғана арналған)
Қолмен екі жағына басып шығару
Екі жағына автоматты түрде көшіру (fdn және fdw модельдеріне ғана арналған)
1. Түпнұсқа құжаттарды құжат бергішке бірінші беттің бетін жоғары қаратып әрі беттің жоғарғы
жағымен салыңыз.
2. Қағаз бағыттағыштарын құжат өлшемі бойынша реттеңіз.
3.
Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Copy (Көшіру) белгішесін түртіңіз.
4. Settings (Параметрлер) түймешігін түртіңіз.
5. Two-Sided (Екі жақты) түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
6. Опциялардың арасынан бір опцияны таңдау үшін, оны түртіңіз.
7. Көшіруді бастау үшін Start Copy (Көшіруді бастау) түймешігін түртіңіз.
Қолмен екі жағына басып шығару
1. Құжатты бет жағын төменге қаратып сканер шынысына қойыңыз, беттің жоғарғы сол жақтағы
бұрышы шынының жоғарғы сол жақтағы бұрышында болуы тиіс. Сканерді жабыңыз.
2.
Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Copy (Көшіру) белгішесін түртіңіз.
3. Settings (Параметрлер) түймешігін түртіңіз.
4. Two-Sided (Екі жақты) түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
5. Опциялардың арасынан бір опцияны таңдау үшін, оны түртіңіз.
6. Көшіруді бастау үшін Start Copy (Көшіруді бастау) түймешігін түртіңіз.
7. Принтер келесі түпнұсқа құжатты салуды ұсынады. Оны шыныға қойыңыз да, OK түймешігін
басыңыз.
8. Соңғы бетті сканерлегенше осы процесті қайталаңыз. Көшірмелерді басып шығаруды аяқтау үшін
Done (Орындалды) түймешігін түртіңіз.
KKWW Екі жағына басып шығару (дуплекс) 57