HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide
HP Scan бағдарламалық құралының көмегімен сканерлеу
(Windows)
HP Scan бағдарламасын пайдаланып компьтердегі бағдарламадан сканерлеуді бастаңыз. Сканерленген
суретті файл ретінде сақтауға немесе басқа бағдарламаға жіберуге болады.
1. Құжатты құжат беру құрылғысына немесе сканер шынысына принтердегі көрсеткіштерге сәйкес
қойыңыз.
2. Компьютерде Бастау түймесін таңдап, Бағдарламалар (немесе Windows XP жүйесінде Барлық
бағдарламалар
) түймесін басыңыз.
3. HP тармағын басыңыз да, принтерді таңдаңыз.
4. HP Scan тармағын таңдаңыз, сканерлеу сілтемесін басыңыз, содан кейін қажет болса параметрлерді
реттеңіз.
5. Scan (Сканерлеу) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша опцияларды көру үшін More (Қосымша) тармағын таңдаңыз.
Арнаулы параметрлер жиынтығын жасау үшін Create New Scan Shortcut (Жаңа сканер сілтемесін жасау)
опциясын таңдап, оны сілтемелер тізіміне сақтаңыз.
60 6-тарау Сканерлеу KKWW