HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide
1. Start (Бастау) мәзірінде Programs (Бағдарламалар) тармағын таңдаңыз.
2. HP түймесін, принтердің атауын, одан кейін Scan to Network Folder Wizard (Желілік қалтаға сканерлеу
шебері) опциясын басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер Scan to Network Folder Wizard (Желілік қалтаға сканерлеу шебері) опциясы болмаса,
Екінші әдіс: HP ендірілген веб-сервері арқылы желілік қалтаға сканерлеу мүмкіндігін реттеу (Windows)
(65-бет) қадамын орындаңыз
3. Network Folder Proles (Желілік қалтаның профильдері) диалогтық терезесінде New (Жаңа) түймесін
басыңыз. Scan to Network Folder Setup (Желілік қалтаға сканерлеуді реттеу) диалогтық терезесі
ашылады
.
4. 1. Start (1. Бастапқы) бетінде қалтаның атауын Display Name (Көрсетілетін атау) жолына енгізіңіз. Бұл
ат принтердің басқару тақтасында көрсетіледі.
5. Төмендегі жолдардың бірімен Destination Folder (Мақсатты қалта) жолын толтырыңыз:
а. Файлдың жолын қолмен енгізіңіз.
ә. Browse (Шолу) түймесін басып, қалта орналасқан жерге өтіңіз.
б. Ортақ қалта жасау үшін мына тапсырманы орындаңыз:
i. Share Path (Бөлісу жолы) түймесін басыңыз.
ii. Manage Network Shares (Желіде бөлісуді реттеу) диалогтық терезесінде New (Жаңа)
түймесін басыңыз.
iii. Share Name (Бөлісу атауы) жолында ортақ қалтаға көрсетілетін атауды енгізіңіз.
iv. Қалта жолы өрісін толтыру үшін Browse (Шолу) түймесін басып, мына опциялардың бірін
таңдаңыз. Болғаннан кейін OK түймесін басыңыз.
●
Компьютердегі бұрыннан бар қалтаға өтіңіз.
●
Жаңа қалта жасау үшін Make New Folder (Жаңа қалта жасау) опциясын таңдаңыз.
v. Егер ортақ қалтаға сипаттама керек болса, сипаттаманы Description (Сипаттама) жолына
енгізіңіз.
vi. Share Type (Бөлісу түрі) жолына мына опциялардың бірін таңдап, Apply (Қолдану) түймесін
басыңыз.
●
Public (Ортақ)
●
Private (Жеке)
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздікті қарастыру мақсатында HP компаниясы Private (Жеке) опциясын
бөлісу түрінде таңдауды ұсынады.
vii. The share was successfully created (Бөлісу сәтті жасалды) хабары көрсетілгенде, OK түймесін
басыңыз.
viii. Мақсатты қалтаның параметрін белгілеңіз де, OK түймесін басыңыз.
6. Компьютердің жұмыс үстелінде желілік қалтаның белгішесін жасау үшін Create a Desktop shortcut to
the network folder (Желілік қалтаның жұмыс үстеліндегі белгішесін жасау) параметрін белгілеңіз
64 6-тарау Сканерлеу KKWW