HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide
2. Веб-браузерді ашып, мекенжай жолына IP мекенжайын немесе хост атауын дәл принтердің басқару
тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS экраны
ашылады.
EWS қызметін ашқан кезде веб-браузер There is a problem with this website’s security certicate (Бұл
веб-сайттың қауіпсіздік сертификатына қатысты бір мәселе бар) хабарламасын көрсетсе, Continue to
this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды жалғастыру (ұсынылмайды)) опциясын
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Continue to this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды жалғастыру
(ұсынылмайды)) опциясын таңдау HP принтері үшін EWS қызметінде шарлау барысында компьютерге
зиян келтірмейді.
Екінші қадам: Scan to Network Folder (Желілік қалтаға сканерлеу) мүмкіндігін реттеу
1. System (Жүйе) құсбелгісін қойыңыз.
2. Сол жақ шарлау тақтасындағы Administration (Басқару) сілтемесін басыңыз.
3. Enabled Features (Қосылған мүмкіндіктер) аймағында Scan to Network Folder (Желілік қалтаға
сканерлеу) параметрін On (Қосу) күйіне қойыңыз.
4. Scan (Сканерлеу) қойындысын басыңыз.
5. Сол жақ шарлау тақтасында Network Folder Setup (Желілік қалта орнату) сілтемесінің
ерекшеленгеніне көз жеткізіңіз. Scan to Network Folder (Желілік қалтаға сканерлеу) беті көрсетілуі
керек.
6. Network Folder Conguration (Желілік қалтаны реттеу) бетінде New (Жаңа) түймешігін басыңыз.
7. Network Folder Information (Желілік қалта ақпараты) аумағында мына жолдарды толтырыңыз:
а. Display Name (Көрсетілетін атау) жолында қалтаға көрсетілетін атауды енгізіңіз.
ә. Network Path (Желілік жол) жолына қалтаның желідегі жолын енгізіңіз.
б. Username (Пайдаланушы аты) жолына желідегі қалтаға өтуге қажетті пайдаланушы атын
енгізіңіз.
в. Password (Құпия сөз) жолына желідегі қалтаға өтуге қажетті құпия сөзді енгізіңіз.
8. Принтердің басқару тақтасына PIN кодын енгізуді талап ету үшін принтер файлды желілік қалтаға
жіберместен бұрын, Secure the Folder Access with a PIN (PIN коды арқылы қалтаға өтуді
қауіпсіздендіру) аумағындағы мына жолдарды толтырыңыз:
а. PIN (Optional) (PIN (Таңдаулы)) жолына төрт таңбалы PIN кодын енгізіңіз.
ә. Conrm PIN (PIN кодын растау) жолына төрт таңбалы PIN кодын қайта енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: HP компаниясы мақсатты қалтаны қорғау үшін PIN кодын жасауды ұсынады.
ЕСКЕРТПЕ: PIN коды жасалғанда, сканерленген құжат желілік қалтаға жіберілген сайын оны
принтердің басқару тақтасына енгізу керек.
9. Scan Settings (Сканерлеу параметрлері) аумағында мына жолдарды толтырыңыз:
66 6-тарау Сканерлеу KKWW