HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide
а. Scan File Type (Сканер файл түрі) ашылмалы тізімінен сканерленетін файлдарға арналған әдепкі
файл пішімін таңдаңыз.
ә. Scan Paper Size (Сканер қағаз өлшемі) ашылмалы тізімінен сканерленетін файлдардың әдепкі
қағаз өлшемін таңдаңыз.
б. Scan Resolution (Сканер ажыратымдылығы) ашылмалы тізімінен сканерленетін файлдарға
арналған әдепкі ажыратымдылығын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Ажыратымдылығы жоғарылау кескіндерде нүкте/дюйм (н/д) көбірек болады,
сондықтан олар анығырақ болады. Ажыратымдылығы төмендеу кескіндерде нүкте/дюйм (н/д)
азырақ болады және кескін анықтығы төмендеу болады, бірақ мұнда файл мөлшері кішілеу
болады.
в. Output Color (Шығыс түсі) ашылмалы тізімінен сканерленген файлдардың ақ-қара немесе түрлі
түспен болуын таңдаңыз.
г. File Name Prex (Файл атауы префиксі) жолына файл атауының префиксін (мысалы, MyScan)
енгізіңіз.
10. Ақпаратты қарап шығып, мына параметрлердің біреуін таңдаңыз:
●
Save and Test (Сақтау және тексеру): ақпаратты сақтау және байланысты тексеру үшін осы
опцияны таңдаңыз.
●
Save Only (Тек сақтау): байланысты тексермей ақпаратты сақтау үшін осы опцияны таңдаңыз.
●
Cancel (Бас тарту): конфигурациядан сақтамай шығу үшін осы опцияны таңдаңыз.
Желілік қалтаға сканерлеу мүмкіндігін Mac жүйесінде реттеу
●
Бірінші қадам: HP ендірілген веб-серверіне (EWS) өту
●
Екінші қадам: Scan to Network Folder (Желілік қалтаға сканерлеу) мүмкіндігін реттеу
Бірінші қадам: HP ендірілген веб-серверіне (EWS) өту
Ендірілген веб-сервер (EWS) интерфейсін ашу үшін келесі әдістердің бірін пайдаланыңыз.
Бірінші әдіс: HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашу үшін веб-шолғышты пайдалану
1. IP мекенжайын немесе хост атауын көрсету үшін принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы
Желі
немесе Сымсыз түймесін түртіңіз.
KKWW Scan to Network Folder (Желілік қалтаға сканерлеу) мүмкіндігін реттеу 67