HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide
2. Веб-браузерді ашып, мекенжай жолына IP мекенжайын немесе хост атауын дәл принтердің басқару
тақтасындағыдай теріңіз. Компьютер пернетақтасындағы Enter пернесін басыңыз. EWS экраны
ашылады.
EWS қызметін ашқан кезде веб-браузер There is a problem with this website’s security certicate (Бұл
веб-сайттың қауіпсіздік сертификатына қатысты бір мәселе бар) хабарламасын көрсетсе, Continue to
this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды жалғастыру (ұсынылмайды)) опциясын
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Continue to this website (not recommended) (Бұл веб-сайтты ашуды жалғастыру
(ұсынылмайды)) опциясын таңдау HP принтері үшін EWS қызметінде шарлау барысында компьютерге
зиян келтірмейді.
Екінші әдіс: HP утилитасын пайдаланып HP ендірілген веб-серверін (EWS) ашу
1. Go (Өту) мәзірінен Utilities (Утилиталар) тармағын басыңыз, одан кейін Hewlett-Packard қалтасын
таңдап, HP Utility (HP утилитасы) опциясын екі рет басыңыз. Негізгі HP утилита экраны көрсетіледі.
2. Негізгі HP утилита экранында HP ендірілген веб-серверіне (EWS) мына жолдардың біреуімен өтіңіз:
●
Printer Settings (Принтер параметрлері) аумағында Additional Settings (Қосымша параметрлер)
опциясын таңдап, Open Embedded Web Server (Ендірілген веб-серверді ашу) тармағын басыңыз.
●
Scan Settings (Сканерлеу параметрлері) аумағында Scan to Network Folder (Желілік қалтаға
сканерлеу) опциясын таңдап, Register My Shared Folder... (Ортақ қалтамды тіркеу...) түймесін
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер ортақ желілік қалта қолжетімді болмаса, қалтаны жасау үшін Help Me Do This
(Оны жасауға көмектессін) түймесін басыңыз.
HP ендірілген веб-сервері (EWS) ашылады.
Екінші қадам: Scan to Network Folder (Желілік қалтаға сканерлеу) мүмкіндігін реттеу
1. System (Жүйе) құсбелгісін қойыңыз.
2. Сол жақ шарлау тақтасындағы Administration (Басқару) сілтемесін басыңыз.
3. Enabled Features (Қосылған мүмкіндіктер) аймағында Scan to Network Folder (Желілік қалтаға
сканерлеу) параметрін On (Қосу) күйіне қойыңыз.
4. Scan (Сканерлеу) қойындысын басыңыз.
5. Сол жақ шарлау тақтасында Network Folder Setup (Желілік қалта орнату) сілтемесінің
ерекшеленгеніне көз жеткізіңіз. Scan to Network Folder (Желілік қалтаға сканерлеу) беті көрсетілуі
керек.
6. Network Folder Conguration (Желілік қалтаны реттеу) бетінде New (Жаңа) түймешігін басыңыз.
7. Network Folder Information (Желілік қалта ақпараты) аумағында мына жолдарды толтырыңыз:
а. Display Name (Көрсетілетін атау) жолында қалтаға көрсетілетін атауды енгізіңіз.
ә. Network Path (Желілік жол) жолына қалтаның желідегі жолын енгізіңіз.
68 6-тарау Сканерлеу KKWW