HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide
б. Username (Пайдаланушы аты) жолына желідегі қалтаға өтуге қажетті пайдаланушы атын
енгізіңіз.
в. Password (Құпия сөз) жолына желідегі қалтаға өтуге қажетті құпия сөзді енгізіңіз.
8. Принтердің басқару тақтасына PIN кодын енгізуді талап ету үшін принтер файлды желілік қалтаға
жіберместен бұрын, Secure the Folder Access with a PIN (PIN коды арқылы қалтаға өтуді
қауіпсіздендіру) аумағындағы мына жолдарды толтырыңыз:
а. PIN (Optional) (PIN (Таңдаулы)) жолына төрт таңбалы PIN кодын енгізіңіз.
ә. Conrm PIN (PIN кодын растау) жолына төрт таңбалы PIN кодын қайта енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: HP компаниясы мақсатты қалтаны қорғау үшін PIN кодын жасауды ұсынады.
ЕСКЕРТПЕ: PIN коды жасалғанда, сканерленген құжат желілік қалтаға жіберілген сайын оны
принтердің басқару тақтасына енгізу керек.
9. Scan Settings (Сканерлеу параметрлері) аумағында мына жолдарды толтырыңыз:
а. Scan File Type (Сканер файл түрі) ашылмалы тізімінен сканерленетін файлдарға арналған әдепкі
файл пішімін таңдаңыз.
ә. Scan Paper Size (Сканер қағаз өлшемі) ашылмалы тізімінен сканерленетін файлдардың әдепкі
қағаз өлшемін таңдаңыз.
б. Scan Resolution (Сканер ажыратымдылығы) ашылмалы тізімінен сканерленетін файлдарға
арналған әдепкі ажыратымдылығын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Ажыратымдылығы жоғарылау кескіндерде нүкте/дюйм (н/д) көбірек болады,
сондықтан олар анығырақ болады. Ажыратымдылығы төмендеу кескіндерде нүкте/дюйм (н/д)
азырақ болады және кескін анықтығы төмендеу болады, бірақ мұнда файл мөлшері кішілеу
болады.
в. Output Color (Шығыс түсі) ашылмалы тізімінен сканерленген файлдардың ақ-қара немесе түрлі
түспен болуын таңдаңыз.
г. File Name Prex (Файл атауы префиксі) жолына файл атауының префиксін (мысалы, MyScan)
енгізіңіз.
10. Ақпаратты қарап шығып, мына параметрлердің біреуін таңдаңыз:
●
Save and Test (Сақтау және тексеру): ақпаратты сақтау және байланысты тексеру үшін осы
опцияны таңдаңыз.
●
Save Only (Тек сақтау): байланысты тексермей ақпаратты сақтау үшін осы опцияны таңдаңыз.
●
Cancel (Бас тарту): конфигурациядан сақтамай шығу үшін осы опцияны таңдаңыз.
KKWW Scan to Network Folder (Желілік қалтаға сканерлеу) мүмкіндігін реттеу 69