HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide
ЕСКЕРТПЕ: HP компаниясы электрондық поштаның профилін қорғау үшін PIN кодын жасауды
ұсынады.
ЕСКЕРТПЕ: PIN коды жасалғанда, сканерлеуді электрондық поштаға жіберу үшін профиль
пайдаланылған сайын оны принтердің басқару тақтасына енгізу керек.
11. Таңдаулы электрондық пошта параметрлерін реттеу үшін E-mail Message Preferences (Электрондық
хабар параметрлері) аумағындағы мына жолдарды толтырыңыз:
а. Maximum Size for E-mail Message Attachments (Электрондық пошта тіркемелерінің ең үлкен
өлшемі) ашылмалы тізімінен электрондық хабар тіркемелерінің ең үлкен өлшемін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP компаниясы ең үлкен өлшемге Automatic (Автоматты) әдепкі файл өлшемін
пайдалануды ұсынады.
ә. Профильден жіберілген электрондық хабарларға жіберушіні автоматты түрде көшіру үшін Auto
CC (Авто жасырын көшірме) параметрін белгілеңіз.
12. Ақпаратты қарап шығып, мына параметрлердің біреуін таңдаңыз:
●
Save and Test (Сақтау және тексеру): ақпаратты сақтау және байланысты тексеру үшін осы
опцияны таңдаңыз.
●
Save Only (Тек сақтау): байланысты тексермей ақпаратты сақтау үшін осы опцияны таңдаңыз.
●
Cancel (Бас тарту): конфигурациядан сақтамай шығу үшін осы опцияны таңдаңыз.
3-қадам: контактілерді электрондық поштаның мекенжай кітабына қосу
▲
Сол жақ шарлау тақтасында электрондық пошта мекенжайларын принтерден алынған мекенжай
кітабына қосу үшін E-mail Address Book (Электрондық поштаның мекенжай кітабы) опциясын
басыңыз.
Жеке электрондық пошта мекенжайын енгізу үшін мына тапсырманы орындаңыз:
а. Contact Name (Контакт аты) жолына электрондық поштаның жаңа контактісінің атын енгізіңіз.
ә. Contact E-mail Address (Контактінің электрондық мекенжайы) жолына жаңа электрондық пошта
контактісінің электрондық мекенжайын енгізіңіз.
б. Add/Edit (Қосу/Өзгерту) опциясын басыңыз.
Электрондық пошта тобын құру үшін мына тапсырманы орындаңыз:
а. New Group (Жаңа топ) опциясын басыңыз.
ә. Enter the group name (Топ атауын енгізу) жолына жаңа топтың атауын енгізіңіз.
б. Кез келген атты All Individuals (Барлық тұлғалар) аумағынан таңдап, Individuals in Group (Топтағы
тұлғалар) аумағына жылжыту үшін көрсеткі түймені басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Ctrl пернесі мен атты басу арқылы бірнеше атты таңдаңыз.
в. Сақтау түймесін басыңыз.
KKWW Электрондық поштаға сканерлеуді реттеу мүмкіндігі 75