HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide

а. Your E-mail Addressлектрондық поштаңыздың мекенжайы) жолына жаңа шығыс электрондық
пошта профиліне арналған жіберушінің электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.
ә. Display Name (Көрсетілетін атау) жолына жіберушінің атын енгізіңіз. Бұл ат принтердің басқару
тақтасында көрсетіледі.
8. SMTP Server Settings (SMTP сервер параметрлері) аумағында мына жолдарды толтырыңыз:
а. SMTP Server (SMTP сервері) жолына SMTP серверінің мекенжайын енгізіңіз.
ә. SMTP Port (SMTP порты) жолына SMTP порт нөмірін енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Көп жағдайларда әдепкі порт нөмірін өзгертудің қажеті жоқ.
ЕСКЕРТПЕ: Егер gmail сияқты хосттық SMTP қызметін пайдалансаңыз, SMTP мекенжайын, порт
нөмірін және SSL параметрлерін қызмет провайдерінің веб-сайтынан немесе басқа
ресурстардан тексеріңіз. Әдетте gmail үшін SMTP мекенжайы smtp.gmail.com, порт нөмірі 465
болады, ал SSL қосулы болуы керек.
Бұл сервер параметрлерінің ағымдағы болуын және конфигурация кезінде жарамды болуын
растау үшін онлайндық ресурстарды қараңыз.
б. Егер электрондық пошта қызметіне Google™ Gmail қызметін пайдаланып жатсаңыз, Always use
secure connection (SSL/TLS) (Әрқашан қауіпсіз байланысты пайдалану (SSL/TLS)) параметрін
белгілеңіз.
9. Егер SMTP серверіне электрондық хабар жіберу үшін аутентификация қажет болса, SMTP
Authentication (SMTP аутентификациясы) аумағындағы мына жолдарды толтырыңыз:
а. SMTP server requires authentication for outgoing e-mail messages (SMTP серверіне шығыс
электрондық хабарларға арналған аутентификация қажет) параметрін белгілеңіз.
ә. SMTP User ID (SMTP пайдаланушы идентификаторы) жолына SMTP серверінің пайдаланушы
идентификаторын енгізіңіз.
б. SMTP Password (SMTP құпия сөзі) жолына SMTP серверінің құпия сөзін енгізіңіз.
10. Принтердің басқару тақтасына енгізілетін PIN кодын талап ету үшін электрондық хабарды
электрондық пошта мекенжайы арқылы жіберместен бұрын, Optional PINаңдаулы PIN коды)
аумағындағы мына жолдарды толтырыңыз:
а. PIN (Optional) (PIN (Таңдаулы)) жолына төрт таңбалы PIN кодын енгізіңіз.
ә. Conrm PIN (PIN кодын растау) жолына төрт таңбалы PIN кодын қайта енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: HP компаниясы электрондық поштаның профилін қорғау үшін PIN кодын жасауды
ұсынады.
ЕСКЕРТПЕ: PIN коды жасалғанда, сканерлеуді электрондық поштаға жіберу үшін профиль
пайдаланылған сайын оны принтердің басқару тақтасына енгізу керек.
11. Таңдаулы электрондық пошта параметрлерін реттеу үшін E-mail Message Preferencesлектрондық
хабар параметрлері) аумағындағы мына жолдарды толтырыңыз:
а. Maximum Size for E-mail Message Attachments (Электрондық пошта тіркемелерінің ең үлкен
өлшемі) ашылмалы тізімінен электрондық хабар тіркемелерінің ең үлкен өлшемін таңдаңыз.
78 6-тарау Сканерлеу KKWW