HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide
Факстерді жіберуді және алуды реттеу
●
Бастау алдында
●
1-қадам: телефон қосылымының түрін анықтау
●
2-қадам: факсті реттеу
●
3-қадам: факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу
●
4-қадам: факс сынағын орындау
Бастау алдында
Факс қызметін қоспай тұрып, принтердің толығымен реттелгенін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Принтерді телефон ұясына жалғау үшін принтермен бірге жеткізілген телефон кабелін және
кез келген адаптерлерді пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сериялық телефон жүйелері пайдаланылатын елдерде/аймақтарда принтермен бірге
адаптер жеткізіледі. Принтер жалғанған телефон ұясына басқа телекоммуникациялық құрылғыларды
жалғау үшін адаптерді пайдаланыңыз.
Келесі төрт қадамның әрқайсысындағы нұсқауларды орындаңыз:
1-қадам: телефон қосылымының түрін анықтау (84-бет).
2-қадам: факсті реттеу (85-бет).
3-қадам: факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу (89-бет).
4-қадам: факс сынағын орындау (91-бет).
1-қадам: телефон қосылымының түрін анықтау
Қолданылатын орнату әдісін анықтау үшін келесі жабдық және қызмет түрлерін қарап шығыңыз.
Қолданылатын әдіс телефон жүйесінде орнатып қойылған жабдыққа және қызметтерге байланысты.
ЕСКЕРТПЕ: Принтер аналогтық құрылғы болып табылады. НР компаниясы принтерді арнаулы аналогтық
телефон желісінде пайдалануды ұсынады.
●
Арнайы бөлінген телефон желісі: Принтер телефон желісіне қосылған жалғыз жабдық немесе қызмет
болып табылады
●
Дауыстық қоңыраулар: дауыстық және факс қоңыраулары бір телефон желісін пайдаланады
●
Автожауапбергіш: автожауапбергіш факс қоңыраулары үшін қолданылатын телефон желісінде
дауыстық қоңырауларға жауап береді
●
Дауыстық пошта: дауыстық поштаға жазылым қызметі факспен бірдей телефон желісін пайдаланады
●
Ерекше қоңырау шалу қызметі: Бірнеше телефон нөмірін бір телефон желісімен байланыстыруға
мүмкіндік беретін телефон компаниясының қызметі, әр нөмірдің қоңырау үлгісі басқаша болады;
принтер өзіне белгіленген қоңырау үлгісін анықтайды және қоңырауға жауап береді
●
Компьютердің терілмелі модемі: компьютер терілмелі қосылым арқылы Интернетке қосылу үшін
телефон желісін пайдаланады
84 7-тарау Факс KKWW