HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide

2. Принтерді факс қоңырауларына автоматты түрде жауап беруге реттеңіз.
а. Принтерді қосыңыз.
ә.
Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Setup (Параметрлерді орнату) түймесін
түртіңіз.
б. Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мәзірін түртіңіз.
в. Basic Setup (Негізгі параметрлерді орнату) мәзірін түртіңіз.
г. Answer Mode (Жауап беру режимі) параметрін түртіңіз.
ғ. Automatic (Автоматты) параметрін түртіңіз.
3. 3-қадам: факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу (89-бет) бөліміне өтіңіз.
Ортақ дауыс/факс желісі
Принтерді ортақ дауыс/факс желісінде орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз.
1. Телефон ұясына қосылған барлық құрылғыларды ажыратыңыз.
2. Телефон кабелін принтердегі факс портына және қабырғадағы телефон ұясына жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір елдерде/аймақтарда принтермен бірге берілген телефон кабеліне адаптер қажет
болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір принтерлерде факс порты телефон портының үстінде болуы мүмкін. Принтердегі
белгішелерді қараңыз.
86 7-тарау Факс KKWW