HP LaserJet Pro MFP M426, M427 - User's Guide
3. Принтердің артындағы телефон желісінің шығыс портының тығынын алыңыз, одан кейін телефонды
осы портқа жалғаңыз.
4. Принтерді факс қоңырауларына автоматты түрде жауап беруге реттеңіз.
а. Принтерді қосыңыз.
ә.
Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Setup (Параметрлерді орнату) түймесін
түртіңіз.
б. Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мәзірін түртіңіз.
в. Basic Setup (Негізгі параметрлерді орнату) мәзірін түртіңіз.
г. Answer Mode (Жауап беру режимі) параметрін, одан кейін Automatic (Автоматты) параметрін
түртіңіз.
5. Факсты жіберу алдында теру үнін тексеруге принтерді реттеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл басқа біреу телефонды пайдаланып жатқан кезде принтердің факс жіберуін
болдырмайды.
а.
Принтердің басқару тақтасының негізгі экранындағы Setup (Параметрлерді орнату) түймесін
түртіңіз.
ә. Fax Setup (Факс параметрлерін орнату) мәзірін түртіңіз.
б. Advanced Setup (Кеңейтілген параметрлерді орнату) мәзірін түртіңіз.
в. Detect Dial Tone (Теру үнін анықтау) параметрін, одан кейін On (Қосу) күйін түртіңіз.
6. 3-қадам: факс уақытын, күнін және тақырыбын реттеу (89-бет) бөліміне өтіңіз.
Автожауапбергіш бар ортақ дауыс/факс желісі
Принтердің авто жауап бергіш бар ортақ дауыс/факс желісінде орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз.
1. Телефон ұясына қосылған барлық құрылғыларды ажыратыңыз.
2. Принтердің артындағы телефон желісінің шығыс портының тығынын алыңыз.
KKWW Факстерді жіберуді және алуды реттеу 87