Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2012 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel – Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft жəне Windows – Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. SD Logo – өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ........................................................................................................................... 1 Ең жақсы тəжірибе .............................................................................................................................. 1 Қызықты əрекеттер ............................................................................................................................. 2 Қосымша HP ресурстары .....................................
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану ................................................................. 23 Сымды желіге қосылу ....................................................................................................................... 24 Жергілікті желіге (LAN) қосылу ........................................................................................ 24 Модемді пайдалану .........................................................................................................
Жиектерді сипау ............................................................................................................... 43 Оң жақ жиекті сипау ........................................................................................ 43 Сол жақ жиекті сипау ....................................................................................... 44 Үстіңгі жəне төменгі жиектерді сипау ............................................................. 45 Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану .................
Сандық жад картасын салу жəне шығарып алу ............................................................................. 62 8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету ............................................................................................. 63 Компьютер жұмысын жақсарту ........................................................................................................ 63 HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану ...................
Windows жүйесінің қалпына келтіру мүмкіндігін тез əрі оңай қалпына келтіру үшін пайдалану ......................................................................................................................... 81 Барлығын жою жəне Windows жүйесін қайта орнату .................................................... 81 HP Recovery Manager бағдарламалық құралын пайдалану арқылы қалпына келтіру .......................................................................................................................
x
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер жұмыс істеуді жəне көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты əрекеттер жəне қосымша HP ресурстарын алуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Қызықты əрекеттер 2 ● Компьютерден YouTube бейнелерін көруге болатынын білесіз. Ал, компьютерді теледидарға немесе ойын консоліне жалғауға болатынын білесіз бе? Қосымша ақпаратты HDMI құрылғысын жалғау 31-бетте бөлімінен қараңыз. ● Сондай-ақ, компьютерден музыка тыңдауға болатынын білесіз. Ал компьютерге тікелей эфирдегі радионы орнатып, бүкіл əлемдегі радио арналарының музыкасы мен бағдарламаларын тыңдай алатыныңызды білесіз бе? Дыбысты пайдалану 29-бетте бөлімін қараңыз.
Қосымша HP ресурстары Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Өнім туралы егжей-тегжейлі мəліметтер, əдістер, т.б. туралы ақпарат алу үшін, осы кестені көріңіз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға жəне мүмкіндіктеріне жалпы шолу. Windows 8 Негіздері нұсқаулығы ● Windows® 8 пайдалану жəне шарлау туралы шолу.
Ресурстар Мазмұны Шектеулі кепілдік* ● Осы компьютерге қатысты арнайы кепілдік мəліметтері. Нұсқаулыққа қол жеткізу үшін HP Support Assistant app (НР қолдау жөнінде көмекші) бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін Гарантия и службы (Кепілдік жəне қызметтер) пəрмендерін таңдаңыз немесе http://www.hp.com/go/ orderdocuments веб-торабына өтіңіз.
2 Компьютермен танысу Аппараттық жəне бағдарламалық құрал туралы мəліметтерді табу Аппараттық құралды табу Компьютерде орнатылған аппараттық құралдардың тізімін көру үшін: 1. Бастау экранында п əрпін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз. 2. Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) параметрін таңдаңыз жəне жүйе аймағында Диспетчер устройств (Құрылғы реттеушісі) пəрменін басыңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімі көрсетіледі.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Aудио кіріс (микрофон) ұясы Қосымша компьютердің гарнитура микрофонын, стереомикрофонды немесе моно микрофонды қосады.
Бөлік (5) (6) Сипаттама Айнымалы ток адаптерінің шамы Қуат қосқышы ● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядтаулы. ● Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядталуда. ● Өшірулі: компьютер тұрақты ток арқылы жұмыс істеуде. Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама RJ-45 (желі) күй шамдары (2) ● Ақ (сол жақта): желі қосылған. ● Сары (оң жақта): Желіде əрекет орын алуда. (2) RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады. (3) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген сыйысымды сандық не аудио құрылғысы сияқты қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын қосады. (4) USB 3.0 порттары (2) Қосымша USB 3.0 құрылғыларын жалғауға арналған жəне USB арқылы қосылатын жақсартылған қуат өнімділігімен қамтамасыз етеді.
Бөлік (6) Сипаттама Қатты диск жетегінің шамы ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard көмегімен қатты диск уақытша қауіпсіз позицияға орнатылды. ЕСКЕРІМ: HP 3D DriveGuard қызметі туралы ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану 63-бетте бөлімінен қараңыз. (7) Қуат шамы ● Ақ: компьютер қосулы. ● Ақ түсте жыпылықтау: қуатты үнемдеу режимі болып табылатын «Ұйқылық күй» қосылған.
Дисплей Бөлік (1) Сипаттама Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді жəне егер дисплей қуат қосулы кезде жабылған болса, ұйқы күйін қосады. ЕСКЕРІМ: Ішкі дисплей қосқышы компьютердің сыртынан көрінбейді. (2) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLANs) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (3) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (4) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда.
Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақта тақтасын қосады немесе өшіреді. (2) Сенсорлы тақта шамы ● Қосулы: Сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: Сенсорлы тақта қосулы. (3) Сенсорлы тақта аймағы Экрандық меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (4) Сол жақтағы Сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Ақ: компьютер қосулы. ● Ақ түсте жыпылықтау: қуатты үнемдеу режимі болып табылатын «Ұйқылық күй» қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу режимі. ЕСКЕРІМ: Таңдаулы үлгілерде, Intel® Rapid Start Technology (Жылдам қосу технологиясы) мүмкіндігі зауытта қосылады.
Түймешік, үндеткіштер жəне сабвуфер Жоғарыдан қарағандағы көрінісі 13
Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, түймешікті басып қалып күту күйінен шығыңыз ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрса, сақталмаған ақпараттар жойылып кетеді.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі b пернесі немесе esc пернесімен бірге басылған кезде жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows логотипті перне Ашық болған бағдарламадан немесе жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРІМ: Windows логотипті перне қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады. (4) Əрекет пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама Желдеткіштер (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. Жапсырмалар оңай қол жеткізуге болатын жерлерде орналасқан. ● Қызметтік жапсырма маңызды ақпарат береді, соның ішінде: ЕСКЕРІМ: Жапсырманың көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғы жəне бір не екі сымсыз байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз байланыс шамы (ақ) жанып тұрады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы қосылған.
Интернет провайдерін пайдалану Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметін жəне модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз жолжоспарлағышты модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРІМ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзді береді.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін бастау экранында с əрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
Сымды желіге қосылу Сымды байланыс орнатудың 2 түрі бар: жергілікті желі (LAN) жəне модем арқылы қосу. LAN байланысы желі кабелін пайдаланады жəне телефон кабелін пайдаланатын модем арқылы қосылыстан жылдамдығы жоғарырақ. Кабельдің екі түрі де бөлек сатылады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
Модем кабелін қосу Модем кабелін қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Модемнің кабелін компьютердегі модем ұясына (1) жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын RJ-11 қабырғалық телефон ұясына (2) жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Модем кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз.
Елге/аймаққа арналған модем кабелінің адаптерін қосу Телефон ұялары елге/аймаққа қарай əр түрлі болады. Модемді не модем кабелін компьютерді сатып алған елден/аймақтан тыс жерде пайдалану үшін сол елдің/аймақтың арнайы модем кабелінің адаптерін сатып алу керек. Модемді RJ-11 телефон ұясы жоқ аналогтық телефон желісіне қосу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз. 26 1. Модемнің кабелін компьютердегі модем ұясына (1) жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын модем кабелінің адаптеріне қосыңыз (2). 3.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау жəне басқару, бейнефильмдерді жүктеу жəне көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, теледидар немесе үндеткіштер мен құлаққаптар сияқты сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. Мультимедиа мүмкіндіктері Төменде осы компьютердің бірнеше көңіл көтеру мүмкіндіктері көрсетілген.
Бөлік (3) Сипаттама HP TrueVision ажыратымдылығы жоғары веб-камерасы Бейнені жазады жəне суреттерді түсіреді. Бастау экранында п əрпін теріп, одан кейін CyberLink YouCam тармағын таңдаңыз. (4) USB 2.0 зарядтау порты Қосымша USB құрылғысын жалғайды. Компьютер өшірулі кезде ұялы телефондар мен MP3 ойнатқыштарының таңдаулы үлгілерін де USB 2.0 зарядтау порты арқылы зарядтауға болады.
Веб-камераны пайдалану Бұл компьютердің келесі бөлмедегі немесе əлемнің басқа бөлігіндегі жақын достарыңыз немесе əріптестеріңізбен байланысуға мүмкіндік беретін қуатты əлеуметтік желі құралы болып табылатын ішкі веб-камерасы бар. Веб-камераны пайдаланып лездік хабар алмасу бағдарламалық құралымен бейне ағынын жасауға, бейнеге түсіруге жəне бөлісуге, сондай-ақ, фотосуреттер түсіруге болады.
Beats Audio басқару тақтасын ашу Beats Audio басқару тақтасында дыбыс жəне төменгі дыбыс жиілігі параметрлерін көріп, қолмен басқара аласыз. ▲ Beats Audio басқару тақтасын ашу үшін, бастау экранында п əрпін теріп, Панель управления (Басқару тақтасы), Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс), Панель управления Beats Audio (Beats Audio басқару тақтасы) тармақтарын таңдаңыз. Beats Audio қосу жəне өшіру ▲ Beats Audio функциясын қосу не өшіру үшін, fn пернесін b пернесімен бірге басыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Ақпаратты өндіруші нұсқауларынан қараңыз HDMI құрылғысын жалғау ЕСКЕРІМ: болады. HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сəйкес жалғаңыз. 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
HDMI аудио параметрлерін реттеу HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне жəне дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз бейне интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғағаннан кейін, келесі қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады: 1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін түртіп ұстап тұрыңыз, одан кейін Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2.
5 Сенсорлы тақтаның қимылдары, меңзегіш құрылғылар жəне пернетақта арқылы шарлау Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Қимылдар компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) орындалады. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы сыртқы USB тінтуірін (бөлек сатылады) пайдалана аласыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану Сенсорлы тақта компьютерде саусақтар көмегімен шарлауға мүмкіндік береді. Параметрлер, түймешік конфигурациялары, басу жылдамдығы мен меңзер параметрлерін өзгерту арқылы сенсорлы тақтаның қимылдарын қалауыңыз бойынша реттей аласыз. Приложения (Бағдарламалар) тізімін көрсету үшін, бастау экранында п əрпін жазыңыз. Панель управления (Басқару тақтасы), одан кейін Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс) пəрмендерін таңдаңыз.
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта меңзегішті экранда саусақтар арқылы басқаруға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты пайдаланылады. ЕСКЕРІМ: бермейді. Сенсорлы тақта қимылдарына қолданбалардың барлығында қолдау көрсетіле Əрбір қимылдың көрсетілімін көру үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Приложения (Бағдарламалар) тізімін көрсету үшін, бастау экранында п əрпін жазыңыз.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз. Шымшу/масштабтау Шымшу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді кішірейтуге не үлкейтуге мүмкіндік береді. 36 ● Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жанжаққа жылжытыңыз.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Нысанға меңзерді апарыңыз жəне сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған. Айналдыру қимылы барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін.
Сызу мүмкіндігі (тек таңдаулы үлгілерде) Сызу экрандарда жылжуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді. ● Үш саусақты сенсорлы тақта аймағына қойып, саусақтарыңызды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай баяу жылжытыңыз. Жиектерді сипау Жиектерді сипау қимылдары параметрлер өзгерту жəне бағдарламаларды табу немесе пайдалану сияқты əрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.
Оң жақ жиекті сипау Оң жақ жиекті сипау қимылы шебер түймелерді көрсетеді. Бұл түймелер іздеу, ортақ пайдалану, бағдарламаларды бастау, құрылғыларға қатынау немесе параметрлерді өзгерту сияқты тапсырмаларды орындайды. ● Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды оң жақ жиектен сырғытыңыз. Үстіңгі жиекті сипау Үстіңгі жиекті сипау қимылы бастау экранында бар Все приложения (Барлық бағдарламаларға) қатынауға мүмкіндік береді.
Сол жақ жиекті сипау Сол жақ жиекті сипау арқылы ашық бағдарламалар тізімін көрсетіп, оларға жылдам ауыса аласыз. ● 40 Бағдарламалар арасында ауысу үшін сенсорлы тақтаның сол жақ жиегінен саусағыңызды сырғытыңыз.
Сенсорлы экран қимылдарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Сенсорлы экраны бар компьютер экрандағы элементтерді саусақтар арқылы тікелей басқаруға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Сенсорлы экраны бар компьютерде қимылдарды экранда немесе сенсорлы тақтада орындауға болады. Сонымен қатар, сенсорлы экрандағы əрекеттерді пернетақта мен тінтуір көмегімен жүзеге асыруға болады.
Қысу/созу Қысу жəне созу қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. 42 ● Үлкейту үшін, екі саусақты дисплейде бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Сол сұқ саусақты айналдырғыңыз келген нысанда тіреңіз. Оң сұқ саусақты айналдырып, сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған. Айналдыру қимылы барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін.
Сол жақ жиекті сипау Сол жақ жиекті сипау арқылы ашық бағдарламалар тізімін көрсетіп, оларға жылдам ауыса аласыз. ● 44 Бағдарламалар арасында ауысу үшін саусағыңызды дисплей жақтауының сол жақ жиегінен ішіне қарай ақырын сырғытыңыз. Ашық болған барлық бағдарламаларды көрсету үшін саусағыңызды экраннан көтермей оны сол жақ жиекке қарай қайта сырғытыңыз.
Үстіңгі жəне төменгі жиектерді сипау Үстіңгі жиекті сипау немесе төменгі жиекті сипау қимылы компьютерде қол жетімді бағдарламалар тізімін ашуға мүмкіндік береді. 1. Саусағыңызды дисплей жақтауының үстіңгі немесе төменгі жиегінен экранға қарай ақырын сырғытыңыз. 2. Бар болған бағдарламаларды көру үшін Все приложения (Барлық бағдарламалар) пəрменін таңдаңыз.
Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану Пернетақта жəне тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға жəне сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows логотипті перне ашық болған бағдарламадан немесе жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтуға мүмкіндік береді.
Белгіше Перне Сипаттама f6 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі алдыңғы бөлімді ойнатады. f7 Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе ойнатуды жалғастырады. f8 Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі бөлімді ойнатады. f9 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша төмендетеді. f10 Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша жоғарылатады.
Пернелер тіркесімдерін пайдалану Жылдм перне – fn пернесі мен esc немесе b пернелерінің тіркесімі. Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін басып қалып, пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып қалыңыз. Қызмет Пернелер тіркесімі Сипаттама Жүйе ақпаратын көрсетеді. fn+esc Жүйенің аппараттық бөліктері жəне жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы ақпаратты көрсетеді. Басс параметрлерін басқарады. fn+b Beats Audio төменгі басс параметрлерін қосады немесе өшіреді.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса жəне батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау жəне үнемдеу өте маңызды. Қуат үнемделіп тұрған компьютер жұмысын реттеу мақсатымен компьютердің қуат пайдалану жəне үнемдеу жолын басқару үшін компьютерде қуат жоспарлары қолданылады.
RST мүмкіндігі қуатты үнемдеу опцияларын келесі жолдармен басқарады: ● Ұйқылық күй: RST мүмкіндігі ұйқылық күйді таңдауға мүмкіндік береді. Ұйқылық күйден шығу үшін кез келген пернені басыңыз, сенсорлы тақтаны іске қосыңыз немесе қуат түймешігін тез басып қалыңыз. ● Күту күйі: RST мүмкіндігі күту күйін ұйқылық күйдегі компьютерде не батарея қуатымен, не сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан кейін, не болмаса батареяның заряды тым төмен деңгейге жеткенде қосады.
3. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді емес параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз. 4. При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқан кезде) аймағында Гибернация (Күту) күйін таңдаңыз. 5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз. Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін тез басып қалыңыз. Қуат шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге жəне қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді. ● Батарея зарядының қалған деңгейін жəне ағымдағы қуат жоспарын Windows жұмыс үстелінде көру үшін, меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі əртүрлі болады. Зауытта пломбаланған батарея Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяның заряды тез бітетін болса, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) ішінде Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасын іске қосыңыз.
Төмен батарея деңгейлерін анықтау Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея шамы жыпылықтайды. ● Батарея шамы (тек таңдаулы үлгілерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін көрсетеді. – немесе – ● Windows жұмыс үстеліндегі қуат көрсеткішінің белгішесі төмен немесе өте төмен заряд деңгейі туралы хабарландыру береді.
Сыртқы қуат көзіне қосып жұмыс істеу Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз. Мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша қондыру/кеңейту құрылғысы арқылы сырттағы айнымалы қуат көзіне жалғанған компьютер батарея қуатымен жұмыс істемейді.
Айнымалы ток адаптерінің ақаулықтарын жою Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: 1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 2. Компьютерді қосыңыз. ● Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
HP CoolSense (тек таңдаулы үлгілерде) HP CoolSense компьютердің тұрақты бір орында тұрмағанын автоматты түрде анықтап, бет температурасын қажетті қолайлылық деңгейінде ұстап тұру үшін жұмыс пен желдеткіш параметрлерін реттей бастайды. HP CoolSense функциясы өшірулі кезде, компьютердің тұрақты орында тұрмағаны анықталмайды, жұмыс пен желдеткіш параметрлері зауыттық күйде сақталады. Нəтижеде, HP CoolSense арқылы реттелетін деңгеймен салыстырғанда компьютердің бет температурасы жоғары болуы мүмкін.
Компьютерді өшіру (сөндіру) ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Компьютерді өшірмес бұрын жұмысыңыздың сақталғанына көз жеткізіңіз. Өшіру пəрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені жəне дисплей мен компьютерді де өшіреді. Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз: ● USB немесе бейне портына жалғанбайтын сыртқы жабдықты жалғағанда. ● Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған кезде.
7 Ақпаратты басқару жəне бөлісу Диск жетектері – ақпаратты сақтауға, басқаруға, бөлісуге жəне қол жеткізуге мүмкіндік беретін сандық сақтау құрылғылары. Компьютердің ішінде компьютердің бағдарламалық құралдары, амалдық жүйесі сақталатын жəне жеке файлдарыңызды сақтауға мүмкіндік беретін қатты диск немесе қатты күйдегі диск бар.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, құрылғыны күштеп жалғамаңыз. ▲ Құрылғының USB кабелін USB портына жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютердің USB порты осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін жұмыс үстелінде хабарлама көрсетіледі жəне хабарландыру аймағында белгіше пайда болады.
Қуат берілетін USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін, құрылғының өшірілгенін жəне айнымалы ток қуат сымының ажыратылғанын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге қосыңыз. 2. Құрылғының қуат сымын айнымалы ток розеткасына жалғаңыз. 3. Құрылғыны қосыңыз. Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін, құрылғыны өшіріп, содан кейін оны компьютерден ажыратыңыз.
Сандық жад картасын салу жəне шығарып алу Сандық жад картасын салу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: ЕСКЕРТУ: Сандық карталар қосқышының зақымдану қатерін азайту үшін, сандық картаны күштеп енгізбеңіз. 1. Сандық картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын компьютерге қаратып ұстаңыз. 2. Картаны сандық жад картасының ұясына басып мықтап кіргізіңіз.
8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау құралы жəне Дискіні тазалау құралы арқылы компьютер жұмысын жақсарту туралы ақпарат беріледі. Сонымен қатар, бұл тарауда бағдарламалар мен дискілерді жаңарту туралы ақпарат, компьютерді тазалау нұсқаулары жəне компьютермен сапар шегу бойынша кеңестер қамтылған.
дефрагментаторы) құралы қатты дискідегі фрагменттелген файлдар мен қалталарды қайта біріктіреді (немесе физикалық түрде қайта орналастырады). ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгіш диск жетектерінде істету қажет емес. Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады. Дегенмен, қатты дискінің өлшеміне жəне фрагменттелген файлдар санына байланысты, Disk Defragmenter құралының жұмысы аяқталуы үшін бір сағаттан көп уақыт кетуі мүмкін.
Компьютерді тазалау Компьютерді жəне сыртқы құрылғыларды тазалау оларды жақсы жұмыс күйінде ұстауға көмектеседі. Компьютерді тазаламаған жағдайда, шаң жəне кір бөлшектері жиналуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Компьютерді тазалау үшін, келесі тазалау құралдарын пайдаланбаңыз. Спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид сияқты қатты еріткіштер мен көмірсутектер; олардан компьютердің бетіне қатты зақым келуі мүмкін.
● Ұшақпен саяхаттау кезінде компьютерді қол жүгі ретінде алып жүріңіз; оны жүк бөлімінде тасымалдауға болмайды. ЕСКЕРТУ: Дискінің магниттік өрістердің əсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік өрісі бар қауіпсіздік құрылғылары əуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған əуежайлардағы конвейерлік жолдар жəне соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сəулелерін қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді.
9 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Windows емес Setup Utility (BIOS) құралы жəне басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден жəне зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
● Құпия сөздерді кем дегенде үш ай сайын өзгерткен жөн. ● Күшті құпия сөз ұзын болады əрі оған əріптер, тыныс белгілері, таңбалар жəне сандар кіреді. ● Компьютерді қызмет көрсету орталығына жібермес бұрын, құпиялы файлдарды жəне құпия сөз параметрлерін жойыңыз. Экранды қорғағыш сияқты Windows құпиясөздері туралы қосымша ақпаратты алу үшін, бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
Əкімші құпия сөзін немесе қосылғанда сұралатын құпия сөзді Setup Utility (BIOS) ішінде орнату, өзгерту немесе жою: 1. Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау үшін компьютерді қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз да, esc пернесі жылдам басылғаннан кейін, f10 пернесін басыңыз. 2. Безопасность (Қауіпсіздік) пəрменін таңдау үшін көрсеткі пернелерді басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату Қауіпсіздік мəселелерін шешу жəне бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін, компьютерге орнатылған HP компаниясының, Microsoft Windows амалдық жүйесінің жəне үшінші тарап бағдарламалық құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз. Қосымша ақпаратты Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 64-бетте бөлімінен қараңыз. Windows жаңартуларын орнату Амалдық жүйе үшін жаңартулар жəне басқа бағдарламалық құрал компьютер зауыттан жіберілгеннен кейін қол жетімді болуы мүмкін.
Бағдарламалық құрал қолданбаларының жəне мəліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау Бағдарламалық құрал қолданбаларын жəне мəліметтеріңізді вирус шабуылы салдарынан немесе бағдарламалық не аппараттық құралдың ақаулығынан жоғалу немесе зақымдау қатерінен қорғау үшін олардың сақтық көшірмелерін үнемі жасап жүріңіз. Қосымша ақпаратты Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру 75-бетте бөлімінен қараңыз.
10 Setup Utility (BIOS) жəне System Diagnostics Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
BIOS нұсқасының ақпаратын (ROM деректері жəне BIOS жүйесі деп те аталады) fn+esc пернелер тіркесімін басып (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдаланып көрсетуге болады. 1. Setup Utility (BIOS) утилитасын қосыңыз. 2. Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) тармағын таңдаңыз. 3.
3. Бұрын жазылған қатты дискіге жол бойынша жаңарту файлы орналасқан қатты дискідегі қалтаны тауып ашыңыз. 4. .exe кеңейтімі бар файлды (мысалы, файл атауы.exe) екі рет басыңыз немесе түртіңіз. BIOS орнатылуы басталады. 5. Экрандағы нұсқауларды орындау арқылы орнатуды аяқтаңыз. ЕСКЕРІМ: Орнату сəтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген файлды қатты дискіден жоюға болады.
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру Компьютердің ішінде ақпаратты қорғауға жəне қажет болғанда шығарып алуға көмектесетін амалдық жүйе жəне HP компаниясы ұсынған құралдар бар. Бұл құралдар компьютерді жақсы жұмыс күйіне келтіруге немесе бастапқы зауыттық күйге келтіруге көмектеседі. Олар оңай қолданылады.
Қалпына келтіру дискісін жəне сақтық көшірмелерді жасау Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме тек бірдей нəтиже береді. 1. Компьютерді сəтті орнатқаннан кейін HP қалпына келтіру дискісін жасаңыз. Бұл үрдіс барысында компьютердегі HP Recovery (НР қалпына келтіру) бөлімінің сақтық көшірмесі жасалады. Қатты диск зақымданған немесе ауыстырылған жағдайда түпнұсқалық амалдық жүйені қайта орнату үшін сақтық көшірмені қолдануға болады.
қараңыз. Бастау экранында с əрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз. НР қалпына келтіру дискілерін жасау HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) бағдарламалық құралы компьютерді сəтті орнатқаннан кейін қалпына келтіру дискісін жасауға мүмкіндік береді. НР қалпына келтіру дискісін қатты диск зақымдалса жүйені қалпына келтіру үшін қолдана аласыз.
НР қалпына келтіру дискілерін жасау үшін 1. Бастау экранында восстановление (қалпына келтіру) деп жазып, одан кейін HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) пəрменін таңдаңыз. 2. Жалғастыру үшін Создать носитель для восстановления системы (Жүйені қалпына келтіру құралын жасау) пəрменін таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager бағдарламалық құралын пайдалану арқылы қалпына келтіру 82-бетте бөлімінен қараңыз.
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру Жүйені қалпына келтірудің бірнеше мүмкіндігі бар. Жағдайыңызға жəне тəжірибе деңгейіне сəйкес келетін əдісті таңдаңыз: ● Егер сізге жеке файлдар мен мəліметтеріңізді қалпына келтіру қажет болса, ақпаратыңызды жасалған сақтық көшірмелерден қалпына келтіру үшін Windows файлдар журналын пайдалана аласыз. Файлдар журналын пайдалану процедурасы туралы ақпаратты жəне қосымша мəліметтерді алу үшін Windows Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) орталығын қараңыз.
құралының Drivers and Applications Reinstall (Драйверлер мен қолданбаларды қайта орнату) мүмкіндігі арқылы орнатуға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager бағдарламалық құралын пайдалану арқылы қалпына келтіру 82-бетте бөлімінен қараңыз. ● Егер компьютердің бастапқы зауыттық бөлімін жəне мазмұнды қалпына келтіргіңіз келсе, НР қалпына келтіру дискісіндегі System Recovery (Жүйені қалпына келтіру) мүмкіндігін таңдай аласыз.
Windows жүйесінің қалпына келтіру мүмкіндігін тез əрі оңай қалпына келтіру үшін пайдалану Компьютеріңіз дұрыс жұмыс істемей тұрған кезде жəне жүйенің тұрақтылығын қалпына келтіру қажет болғанда, Windows жүйесінің Қалпына келтіру функциясы маңызды ақпаратты қалпына келтіріп, сақтауға мүмкіндік береді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қалпына келтіру функциясы зауытта жүйеге бастапқыда орнатылмаған кез келген стандартты бағдарламаларды жояды.
f11 пернесін пайдалану үшін 1. Компьютер басталған кезде f11 пернесін басыңыз. – немесе – Қуат түймешігін басқан кезде f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз. 2. Пернетақта жаймасын таңдаңыз. 3. Жүктеу опцияларының мəзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын таңдаңыз. 4. Вернуть компьютер в исходное состояние (Компьютерді бастапқы күйіне келтіру) параметрін таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Бастау экранын пайдалану үшін 1.
Мынаны білгеніңіз жөн ● HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен қамтамасыз етілмеген бағдарламалық құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші қамтамасыз еткен дискіден қайта орнату қажет. ● HP Recovery Manager құралы арқылы қалпына келтіруді компьютер мəселелерін шешудің ең соңғы əрекеті ретінде пайдаланған жөн. ● HP қалпына келтіру дискісін қатты дискінің ақаулығы орын алған жағдайда пайдалану қажет.
Қалпына келтіру үшін HP қалпына келтіру дискісін пайдалану Түпнұсқалық жүйені қалпына келтіру үшін, НР қалпына келтіру дискісін пайдалана аласыз. Бұл əдісті амалдық жүйеде HP Recovery (HP қалпына келтіру) бөлімі болмаған кезде немесе қатты диск дұрыс істемей тұрған жағдайда пайдалануға болады. 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Сіз жасаған бірінші НР қалпына келтіру дискісін қосымша сыртқы оптикалық диск жетегіне салып, одан кейін компьютерді қайта қосыңыз.
HP Recovery бөлімін жою HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты дискідегі орынды босату үшін HP Recovery бөлімін жоюға мүмкіндік береді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Егер НР Recovery бөлімі жойылған болса, Windows жүйесінің Қалпына келтіру функциясын, Барлығын жою жəне Windows жүйесін қайта орнату мүмкіндігін немесе HP Recovery Manager құралының ықшамдалған кескінді қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану мүмкін емес болады.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзінде 100–240 В, 50–60 Гц параметрлері болуы тиіс.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын 5°C - 35°C 41°F - 95°F Жұмыссыз режимде -20°C - 60°C -4°F - 140°F Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 мен 40000 фут арасында Ең жоғары биіктік (қысымсыз) Жұмыс орта
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс Таңбалар/Сандар 2 саусақпен басу 37 А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 31, 32 Айнымалы ток адаптері 7 айнымалы ток адаптері, тексеру 56 айнымалы ток адаптерін тексеру 56 астыңғы 17 аудио кіріс (микрофон) ұясы 6 аудио параметрлерін HDMI үшін реттеу 32 аудио функциялары, тексеру 30 аудио функцияларын тексеру 30 аудио шығыс (гарнитура) ұялары 6 Ə əрекеттер пернелері алдыңғы жол немесе бөлім 47 Анықтама жəне қолдау орталығы 46 анықтау 15 дыбыс деңгейін арттыру 47 дыбысты өшіру 47 келесі жол неме
жұмыс ортасы 87 жұмысты аяқтау 58 жүйе ақпаратының пернелер тіркесімі 48 жүйені қалпына келтіру 82 жүйені қалпына келтіру нүктесі жасау 76 қалпына келтіру 79 жүктеу реті HP Recovery Manager бағдарламалық құралын өзгерту 84 И Интернет байланысын орнатқыш 21 Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құрал, пайдалану 69 К кабельдер USB 60 компьютерді қорғау 65 компьютерді өшіру 58 компьютерді сапарға алып шығу 17, 65 компьютерді тазалау 65 компьютерді тасымалдау 65 компьютердің параметрлерін қалпы
Пернетақта жəне тінтуір пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану 46 порттар HDMI 8, 28, 31 Intel сымсыз дисплейі 32 USB 6, 28 USB 3.
жаңартуды жүктеп алу 73 нұсқаны анықтау 72 Bluetooth жапсырмасы 17 Bluetooth құрылғысы 18, 23 C caps lock шамы, анықтау 12 CyberLink PowerDVD 32 E esc пернесі, анықтау 15 F fn пернесі, анықтау 15, 48 H HDMI аудио параметрлерін реттеу 32 HDMI порты, анықтау 8, 28 HDMI порты, жалғау 31 HP 3D DriveGuard 63 HP Recovery Manager 82 жүктеу мəселелерін реттеу 84 қосу 83 HP компаниясының жəне үшінші тарап бағдарламалық құралдарының жаңартулары, орнату 70 I Intel сымсыз дисплейі 32 P PowerDVD 32 R RJ-45 (желі) ұясы