Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2012 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel – Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгісі. AMD - Advanced Micro Devices корпорациясының сауда белгісі. SD логосы - осы меншік иесінің сауда белгісі. Java – Sun Microsystems, Inc корпорациясының АҚШ-тағы сауда белгісі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Қызықты əрекеттер ............................................................................................................................. 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу .....................
Сымды желіге қосылу ....................................................................................................................... 26 Жергілікті желіге (LAN) қосылу ........................................................................................ 26 Модемді пайдалану ......................................................................................................... 26 Модем кабелін қосу .........................................................................................
6 Қуатты басқару ............................................................................................................................................ 39 Компьютерді өшіру ........................................................................................................................... 39 Қуат параметрлерін орнату ............................................................................................................. 40 Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану .................................
Смарт-карталарды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ............................................................. 52 Смарт-картаны салу ........................................................................................................ 53 Смарт-картаны шығарып алу .......................................................................................... 53 USB құрылғысын пайдалану ............................................................................................................
Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату ......................................................... 71 BIOS əкімші құпия сөзін басқару ..................................................................................... 72 BIOS əкімші құпия сөзін енгізу ........................................................................ 73 Computer Setup DriveLock құпия сөзін басқару .............................................................. 73 DriveLock құпия сөзін орнату .....................................
Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау ......................................................... 91 Computer Setup қызметінде зауыт параметрлерін қалпына келтіру ............................ 92 BIOS жүйесін жаңарту ...................................................................................................... 93 BIOS жүйесінің нұсқасын анықтау .................................................................. 93 BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алу ..................................................
1 Қош келдіңіз Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Жаңа Windows® мүмкіндіктерін зерттеу үшін басып шығарылған Windows 8 Негіздері нұсқаулығын оқыңыз. КЕҢЕС: Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін пернетақтадағы Windows логотипті пернені басыңыз. Windows логотипті пернені қайта бассаңыз, бастапқы экранға ораласыз.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Құралдар Берілетін ақпарат Параметрлерді орнату нұсқаулары постері ● Компьютерді орнату туралы ● Компьютер бөліктерін анықтау бойынша көмек Windows 8 Basics (Windows 8 Негіздері) нұсқаулығы Windows® 8 пайдалану жəне шарлау туралы шолу.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Кепілдікті ашу үшін HP деп теріп, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) тармағын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін Гарантия и услуги (Кепілдік жəне қызметтер) пəрменін таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз.
2 Компьютермен танысу Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта Бөлік 4 Сипаттама (1) Меңзегіш құрылғы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (2) Меңзегіш таяқшаның сол жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. (4) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады.
Бөлік Сипаттама (6) Оң жақ меңзегіш құрылғы түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (7) Сенсорлы тақтаның оң жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютер ұйқылық күйде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі. (2) Num lock пернесінің шамы Ақ: Num lock қосулы. (3) Сымсыз байланыс шамы ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты кірістірілген сымсыз құрылғы қосулы. ● Сары: барлық сымсыз құрылғылар өшірулі. ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Өшірулі: компьютер өшірулі. ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі.
Түймешіктер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқылық күйде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік 8 Сипаттама (3) Веб-шолғыш түймешігі Əдепкі веб-шолғышты ашады. (4) Дыбыс деңгейін өшіру түймешігі Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. (5) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функциялық перне, num lk пернесі немесе esc пернесімен бірге басқанда жиі пайдаланылатын жүйе функцияларын орындайды. (3) Windows логотипті перне Ашық бағдарламадан не жұмыс үстелінен бастау экранына қайтарады. ЕСКЕРІМ: Windows логотипті пернені қайта бассаңыз, бастапқы экранға ораласыз.
Алдыңғы жағы Бөлік (1) (2) (3) (4) (5) Сипаттама Сымсыз байланыс шамы Қуат шамы Айнымалы ток адаптері/Батарея шамы Қатты диск шамы Желдеткіштер (3) ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты кірістірілген сымсыз құрылғы қосулы. ● Сары: барлық сымсыз құрылғылар өшірулі. ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютер күту режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде.
Оң жағы Бөлік Сипаттама (1) ExpressCard картасының ұясы Қосымша ExpressCard карталарын немесе смарткарталарды қолдайды. (2) Медиа картаны оқу құрылғысы Келесі сандық карталар пішімдерін қолдайды: (3) Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы/ Аудио кіріс (микрофон) ұясы ● MultiMediaCard ● Қауіпсіз сандық (SD) жад картасы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбысы қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады.
Бөлік (6) Сипаттама Желдеткіштер (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (7) Жалғау ұясы Қосымша жалғау құрылғысын жалғайды. (8) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
Сол жағы Бөлік Сипаттама (1) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптерін жалғайды. (2) RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады. (3) RJ-11 (модем) ұясы (тек таңдаулы үлгілерде) Модемнің кабелін қосады. (4) Оптикалық диск жетегі Оптикалық дискіні оқиды жəне жазады (тек таңдаулы үлгілерде). (5) Оптикалық диск жетегінің шамы ● Қосулы: Оптикалық жинақтағыш диск ашылуда. ● Өшірулі: оптикалық диск жетегі əрекетсіз тұр. (6) Смарт карталарды оқу құралы Қосымша смарт-карталарға қолдау көрсетеді.
Артқы көрінісі Бөлік 14 Сипаттама (1) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады. (2) USB 2.0 порты Қосымша USB құрылғысына қосылады. (3) USB 3.0 порты Қосымша USB құрылғысын жалғайды.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) WWAN антенналары (2)* Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (3) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (4) Веб-камера шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Веб-камера қолданылуда. (5) Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады жəне суретке түсіреді.
Бөлік (7) Сипаттама Пернетақтаның жарық түймесі жəне қоршаған орта жарығының сенсоры Пернетақта жарығын қосады немесе өшіреді. *Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз. Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертулерді еліңізге немесе аймағыңызға қатысты қолданылатын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығынан қараңыз.
Астыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Қызмет көрсетуге арналған қақпақ Ішінде қатты диск, сымсыз желі модулі ұясы, сымсыз кең аймақ желісінің ұясы жəне жад модулінің ұялары болады. ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
Бөлік Сипаттама (5) SIM картасының ұясы Сымсыз абонентті анықтау модуліне (SIM) қолдау көрсетеді. SIM картасының ұясы батарея ұясында орналасқан. (6) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. 18 (7) Bluetooth бөлімі Bluetooth құрылғысын ұстап тұрады.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғы жəне бір не екі сымсыз байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз байланыс шамы (ақ) жанып тұрады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы қосылған.
Интернет провайдерін пайдалану Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметін жəне модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРІМ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзді береді.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін бастау экранына с əрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз.
қосылу, электрондық пошта хабарын жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу мүмкіндігін береді. НР келесі технологияларға қолдау көрсетеді: ● GSM (Global System for Mobile Communications) телекоммуникация стандартына байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін HSPA (High Speed Packet Access) технологиясы. ● CDMA (Code division multiple access) телекоммуникация стандартына байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін EV-DO (Evolution Data Optimized) технологиясы.
7. SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында тығыз түскенше SIM картасын оның ұясына жайлап басыңыз. ЕСКЕРІМ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, батарея орнындағы суретті қараңыз. 8. Батареяны орнына салыңыз.Қосымша ақпаратты Батареяны салу жəне шығарып алу 44-бетте бөлімінен қараңыз. ЕСКЕРІМ: Егер батарея орнына салынбаса, HP Mobile Broadband модулі өшеді. 9. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз. 10. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз. 11. Компьютерді қосыңыз.
Сымды желіге қосылу Сымды байланыс орнатудың 2 түрі бар: жергілікті желі (LAN) жəне модем арқылы қосу. LAN байланысы желі кабелін пайдаланады жəне телефон кабелін пайдаланатын модемнен жылдамдығы жоғарырақ. Кабельдің екі түрі де бөлек сатылады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
Модем кабелін қосу Модем кабелін қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Модемнің кабелін компьютердегі модем ұясына (1) жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын RJ-11 қабырғалық телефон ұясына (2) жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Модем кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз. Елге/аймаққа арналған модем кабелінің адаптерін қосу Телефон ұялары елге/аймаққа байланысты əр түрлі болады.
4 Меңзегіш құрылғылар жəне пернетақта Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB тінтуірін (бөлек сатылады) оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады. Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату Түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш құрылғыларына арналған параметрлерді реттеу үшін, Windows жүйесіндегі тінтуір параметрлерін қолданыңыз.
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта немесе сенсорлы экран (таңдаулы үлгілерде ғана) меңзер əрекеттерін саусақтармен басқару үшін меңзегіш құрылғыны экранда жылжытуға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Сенсорлы экраны бар компьютерде қимылдарды дисплей немесе сенсорлы тақтада жəне олардың екеуінде пайдалана аласыз. Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. ● 30 Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз.
Шымшу/масштабтау Шымшу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағына бірге қойып, олардың арасын аша отырып жылжытыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді.
Пернетақтаны пайдалану Пернетақта жəне тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге жəне бірдей функциларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows логотипті перне ашық болған бағдарламадан немесе жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows логотипті пернені қайта бассаңыз, бастапқы экранға ораласыз.
Пернелер тіркесімі fn+f4 Сипаттама Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді. Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 пернелер тіркесімі компьютерден бейне ақпарат алатын басқа құрылғылардағы бейнелерді де ауыстыруы мүмкін.
(2) Бөлік Сипаттама fn пернесі num lk пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық пернетақтаны қосады жəне сөндіреді. ЕСКЕРІМ: Cыртқы пернетақта немесе сандар пернетақтасы компьютерге жалғанғанда, орнатылған сандар пернетақтасы жұмыс істемейді. (5) Енгізілген сандық пернетақта Қосылғанда, пернетақтаны сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады. Пернетақтадағы əр перне оның жоғары оң жағындағы таңбамен көрсетілген функцияны орындайды.
5 Мультимедиа Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін: ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген веб камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Медиа əрекеттері пернелерін пайдалану Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, оның мультимедиялық файлдарды ойнату, тоқтату, жылдам алға қарай немесе артқа қарай айналдыратын мынадай медиа əрекеттері пернелері болу мүмкін: ● Медиа түймешіктері ● Медиа жылдам п
Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығынан қараңыз. Микрофонды қосу Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранына з əрпін жазыңыз, одан кейін Запись звука (Дыбыс жазу) пəрменін таңдаңыз. 2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз. Файлды жұмыс үстеліне сақтаңыз. 3. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз да, жазылған файлды ойнатыңыз. Компьютерде аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін 1.
VGA Сыртқы монитор порты немесе VGA порты сыртқы VGA монитор немесе VGA проекторы секілді VGA дисплей құрылғыларын компьютерге жалғайтын аналогтық дисплей интерфейсі. ▲ VGA дисплей құрылғысын жалғау үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына қосыңыз. DisplayPort (тек таңдаулы үлгілерде) DisplayPort компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құралдарына жалғайды.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРІМ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін көру үшін қолданылады. Компьютерді өшіру ЕСКЕРТУ: компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Қуат параметрлерін орнату Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану Ұйқылық күй зауытта іске қосылады. Ұйқылық күй қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмысыңыз жадқа сақталады. ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады. Оянған кезде сұралатын құпия сөзбен қорғау Компьютер ұйқылық немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Параметры (Параметрлер) жəне Параметры питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз. 2.
Əртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне жеткенде, белгіше хабар шығарады. Батарея қуатын пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін компьютермен бірге жабдықталған батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру батареясын немесе HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
Батареяны тексеруді іске асыру үшін 1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз. ЕСКЕРІМ: Батареяны тексеру құралының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы қуат көзіне жалғануы тиіс. 2. Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранына HP деп жазып, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Battery and performance (Батарея жəне өнімділік) пəрменін таңдаңыз.
– немесе – ● Хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткішінің белгішесі төмен немесе өте төмен заряд деңгейі туралы хабарландыру береді. ЕСКЕРІМ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат көрсеткішін қолдану 41-бетте бөлімін қараңыз. Егер компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде болса, компьютерде ұйқылық күй қысқа уақытқа қосылады да, компьютер өшірледі. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
▲ Сол жақтағы батареяны босату ысырмасын сырғытыңыз да (1), батареяны алыңыз (2). Батарея қуатын үнемдеу ● Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Параметры (Параметрлер) жəне Параметры питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз. ● Қуат параметрлерінен төмен заряд деңгейін таңдаңыз. ● Сымсыз жəне LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем бағдарламаларынан шығыңыз. ● Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны ауыстыру (тек таңдаулы үлгілерде) Ішкі бөлім дұрыс зарядталмаған кезде немесе батарея сыйымдылығы «əлсіз» жағдайға жеткенде, Анықтама жəне қолдау орталығында батареяны тексеру құралы батареяны ауыстыру қажеттігін ескертеді. Батарея HP компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген жағдайда, нұсқаулардың ішінде кепілдік нөмірі болады. Ауыстыру батареясына тапсырыс беру туралы қосымша ақпарат беретін HP компаниясының веб-торабына сілтейтін хабарлама пайда болады.
Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: ЕСКЕРІМ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге қатысты қолданылады. 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 4.
Ауыспалы графикалық режимдер мен қосарлы графикалық режимдердің екеуі де графиканы өңдейтін екі режимді ұсынады: ● Жұмыс режимі — бұл режимде бағдарламалар оңтайлы өнімділікпен жұмыс атқарады. ● Қуат үнемдеу режимі — бұл режим батареяның қызмет ету мерзімін сақтайды. AMD графикалық режимдер параметрлерін басқару үшін 1.
7 Сыртқы карталар мен құрылғылар Медиа картаны оқу құрылғысының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Таңдамалы сандық карталар ақпаратты қауіпсіз сақтау жəне қолайлы ортақ пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
Сандық картаны шығарып алу ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Ақпаратты сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан құралды шығарып алу белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз.
ExpressCard картасын салу ЕСКЕРТУ: Компьютер мен сыртқы медиа карталардың зақымдануын болдырмау үшін, ExpressCard ұясына компьютер картасын салмаңыз. ЕСКЕРТУ: Қосқыштардың зақымдану қупін азайту үшін: ExpressCard картасын өте жай салыңыз. ExpressCard картасын пайдаланып жатқан кезде компьютерді жылжытпаңыз немесе тасымалдамаңыз. ЕСКЕРІМ: Төмендегі сурет пен құрылғыңыздың көрінісі сəл өзгешелеу болуы мүмкін. ExpressCard ұясының қорғаныс қосымшасы болуы мүмкін. Қосымшаны шығарып алу үшін: 1.
ЕСКЕРІМ: Қуатты үнемдеу мақсатында ExpressCard картаны, оны пайдаланбаған кезде өшіріңіз немесе шығарып тастаңыз. ExpressCard картансын шығарып алу ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында ExpressCard картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Ақпаратты сақтап, ExpressCard картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2.
Смарт-картаны салу 1. Картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары қаратып, картаны ақырындап смарт-картаны оқу құрылғысына орныққанша сырғытыңыз. 2. Компьютерге кіру үшін смарт-картаның PIN кодын пайдаланып экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Смарт-картаны шығарып алу ▲ Смарт-картаның шетін қысып, оны смарт-карталарды оқу құрылғысынан суырып алыңыз.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. ▲ Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы мүмкін. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
eSATA құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) eSATA порты eSATA сыртқы қатты диск секілді қосымша өнімділігі жоғары eSATA құрамдасын қосады. Кейбір eSATA құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал жөнінде қосымша ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз. ЕСКЕРІМ: Сондай-ақ eSATA порты қосымша USB құрылғысын қолдайды.
eSATA құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: eSATA порт қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. ▲ eSATA құрылғысын компьютерге жалғау үшін eSATA кабелін компьютердегі eSATA портына жалғаңыз. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. eSATA құрылғысын шығарып алу ЕСКЕРТУ: eSATA қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін eSATA құрылғысын шығарып алған кезде оны сымынан тартпаңыз.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРІМ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз. Сыртқы құрылғыны компьютерге жалғау үшін: ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін құрылғының өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз. 2.
Қондыру қосқышын пайдалану Жалғау ұясы компьютерді қосымша жалғау құрылғысымен байланыстырады. Қосымша қондыру құрылғысы компьютермен қолдануға болатын қосымша порттар мен ұялармен қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: мүмкін.
8 Дискілер Дискілерді ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын үрдістерде қамтылған. Мына ескертулерді қарап шығыңыз: ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді жылжытпас бұрын, оны күту режиміне қойып, экранның тазалануын күтіңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыстап ажыратыңыз.
бағандарында болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған əуежайлардағы конвейерлік жолдар жəне соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сəулелерін қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді. Қатты дискілерді пайдалану ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызды сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз.
Қызметтік қақпақты орнына салу үшін, бұл əрекеттерді кері ретімен орындаңыз. Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін. Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз.
Қатты дискінің жұмысын жақсарту Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану Компьютерді пайдаланғанда қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады. Дискіні дефрагментациялау құралы амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін қатты дискідегі бөлініп қалған файлдар мен қалталарды қайта біріктіреді. ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгішті дискілерде жұмыс істету қажет емес. Дискіні дефрагментациялау құралы жұмысын бастаған кезде ол қадағалаусыз жұмыс істей береді.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) HP 3D DriveGuard бағдарламасы келесі шарттардың кез келгенінде дискіні қауіпсіз тоқтату жəне ақпарат сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды: ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатымен істеп тұрған компьютерді дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Осы оқиғалардың бірі аяқталғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмысына қайтарады.
Қуатты қауіпсіз орнатылған қатты диск көмегімен басқару HP 3D DriveGuard құралы дискіні қауіпсіз тоқтатса, компьютер былай əрекет етеді: ● Компьютер өшпейді. ● Қуат параметрлері ішіндегі Сигналдар қойындысында орнатылған батарея сигналдарын компьютер қоспайды. Компьютерді жылжытпас бұрын, HP компаниясы оны алдымен өшіруді немесе ұйқылық күйге ауыстыруға кеңес береді.
Оптикалық дискілерді енгізу Диск науасы 1. Компьютерді қосыңыз. 2. Диск наусын шығару үшін (1) жетектің беткі тақтасындағы босату түймешігін басыңыз. 3. Науаны тартып шығарыңыз (2). 4. Дискінің бетіне қолыңызды тигізіп алмай, жиектерінен ұстаңыз да, дискінің жапсырма бетін жоғары қаратып науа білігіне орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: Науаға толық қол жеткізе алмасаңыз, дискіні білікке орналастыру үшін оны абайлап еңкейтіңіз. 5. Дискіні орнына қонғанша науаға қарай абайлап басыңыз (3). 6.
Оптикалық дискілерді шығарып алу Диск науасы Диск науасының қалыпты ашылуына немесе ашылмауына байланысты дискіні шығарып алудың екі жолы бар. Егер диск науасы қалыпты ашылатын болса 1. Диск науасын шығару үшін жетектің беткі тақтасындағы босату түймешігін басып (1), науаны абайлап, толықтай тартып шығарыңыз (2). 2. Дискіні науадан диск жиектерінен тарту барысында абайлап білікке басу арқылы шығарыңыз (3). Дискіні жиектерінен ұстап, бетіне қолыңызды тигізбеңіз.
Диск науасы қалыпты түрде ашылмаған жағдайда 1. Жетектің алдыңғы беткі тақтасындағы босату тесігіне қағаз қыстырғыштың ұшын салыңыз (1). 2. Науа босағанша қағаз қыстырғышты абайлап итеріңіз де, науаны толықтай тартып шығарыңыз (2). 3. Дискіні науадан диск жиектерінен тарту барысында абайлап білікке басу арқылы шығарыңыз (3). Дискіні жиектерінен ұстап, бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науаға толық қол жеткізе алмасаңыз, дискіні шығару үшін оны абайлап еңкейтіңіз. 4.
Оптикалық жинақтағыш дискіні ортақ пайдалану Компьютерде ішкі оптикалық жинақтағыш диск болмаса да, бағдарламалық құралды оңай ашуға да, бағдарламаларды орнатуға да, желідегі басқа компьютерге жалғанған оптикалық жинақтағыш дискіні ортақ пайдалануға да болады. Ортақ пайдалану дискілері — бір компьютерге салынған дискіні сол желідегі басқа компьютерлердің пайдалануына жол беретін Windows амалдық жүйесінің мүмкіндігі. ЕСКЕРІМ: Оптикалық диск жетегін ортақ пайдалану үшін желі қажет.
9 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді əртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
Компьютер қаупі Қорғау қызметі Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен бірге пайдаланылады) *Амалдық жүйе жұмыс жасамай немесе жүктелмей тұрғанда да қолданыла беретін тұрақты еске сақтау құрылғысына негізделген Computer Setup утилитасы алдын ала орнатылған. Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау үшін, көрсеткі құрылғысын (TouchPad, көрсеткі таяқшасын немесе USB тінтуірін) немесе пернетақтаны қолдануға болады.
Құпия сөз Қызмет Пайдаланушының құпия сөзі* Windows жүйесін пайдаланушылардың есептiк жазбаларын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды. *Windows əкімші құпия сөзі немесе Windows пайдаланушы құпия сөзі параметрлерін орнату туралы ақпарат алу үшін, бастау экранына с əрпін жазып, Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз. Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату Құпия сөз Қызмет BIOS əкімші құпия сөзі* Computer Setup қызметін рұқсатсыз кіруден қорғайды.
BIOS əкімші құпия сөзін басқару Бұл құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін мына қадамдарды орындаңыз: Жаңа BIOS əкімші құпия сөзін орнату 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3.
BIOS əкімші құпия сөзін жою 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Change Password (Құпия сөзді өзгерту) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
DriveLock қорғанысын ішкі қатты дискіге қолдану үшін, пайдаланушы жəне басты құпия сөздері Computer Setup қызметінде орнатылу керек. DriveLock қорғанысын қолдану туралы келесі түсініктерге назар аударыңыз: ● DriveLock қорғанысы қатты дискіге қолданылған соң, қатты дискіге тек пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзді енгізу арқылы кіруге болады. ● Пайдаланушы құпия сөзінің иегері қорғалған қатты дискінің ағымдағы пайдаланушысы болу керек.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді. DriveLock құпия сөзін енгізу Қатты диск компьютерге салынғанын тексеріңіз (қосымша жалғау немесе сыртқы MultiBay құрылғысына емес). DriveLock əкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Құпия сөзі енгізу əрекеті 2 рет қатар сəтсіз болса, компьютердің жұмысын аяқтап, қайта енгізіп көру керек.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Set DriveLock Password (DriveLock құпиясөзін орнату) пəрменін таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 5. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Set DriveLock Password (DriveLock құпиясөзін орнату) пəрменін таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 6.
5. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИƏ) жауабын таңдаңыз. 6. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. Автоматты DriveLock қорғанысын алу Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1.
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін. Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқандар — тек өзі орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақшы ретінде əрекет ететіндей құрастырылған, бірақ ол компьютерді дұрыс ұстамаудың немесе ұрлануының алдын алмауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабелінің ұясы орналасқан жері туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз. 1. Қауіпсіздік кабелін қорғалатын затқа ораңыз. 2. Кілтті (1) кабель құлпына (2) салыңыз. 3.
Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы модельдерде) Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану үшін, компьютерде пайдаланушының есептік жазбасы мен құпия сөзді орнату керек. Бұл есептік жазба арқылы анықталған саусағыңызбен компьютерге тигізіп, жүйеге кіруге болады. Сонымен қатар, саусақ ізін оқу құрылғысын жүйеге кіру кезінде веб-сайттар мен басқа да бағдарламалардың құпия сөзін енгізу үшін пайдалануға болады.
10 Күтім Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
ə. Жад модулінің шетін (2) қысып, 45 градус бұрышқа бұрып, жад модулі ұясынан абайлап суырып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 6. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. 82 а.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. 7. Қызметтік қақпақты орнына салыңыз (Қызметтік қақпақты алу немесе орнына салу 60-бетте бөлімін қараңыз). 8. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 44-бетте қараңыз). 9. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 10. Компьютерді қосыңыз.
● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Келесі тазалау өнімдерін пайдаланбаңыз: Спирт, ацетон, аммоний хлорид, матилен хлорид жəне гидрокарбонат сияқты күшті тұнбалар. Олар компьютер бетін түбегейлі зақымдайды. Компьютерді сызаттауы мүмкін қағаз сүлгілер сияқты талшықты материалдар. Уақыт өткенде, кір жəне тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет. SoftPaq Download Manager құралын пайдалану HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратты қорғау үшін, Windows Backup and Restore бағдарласымен жеке файлдардың жəне қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз, орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты диск немесе желілік дискіге сақтауға болады. Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз: ● Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты түрде жасап тұрыңыз. ● Тиісті бағдарламаларында сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз. ● Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында реттелетін параметрлерді олардың экран суретін жасау арқылы сақтаңыз.
ЕСКЕРТУ: Кейбір Startup Repair опциялары қатты дискіні біржолата жойып, қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құрал біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі қалпына келтіру сақтық көшірмесінен амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді, бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіреді. 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2.
4. Экранда «Press for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басыңыз) хабары шыққанда f11 пернесін басыңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, http://www.hp.com/support торабына кіріп, елді немесе аймақты таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Сондай-ақ, қолдау көрсету орталығына қоңырау шалу арқылы DVD дискісіне тапсырыс бере аласыз.
12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРІМ: Computer Setup қызметінде өзгерістер жасағанда, ерекше назар аудару керек.
Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау Computer Setupқызметінде шарлау жəне таңдау үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
Computer Setup қызметінде зауыт параметрлерін қалпына келтіру ЕСКЕРІМ: Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді. Computer Setup қызметіндегі барлық параметрлерді зауытта орнатылған мəнге қайтару үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2.
BIOS жүйесін жаңарту BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін. BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған файлдарына салынған. Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпарат беретін Readme.txt деп аталатын файлдары бар.
BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютердің зақымдану немесе сəтсіз орнатылу қаупін азайту үшін, компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алып, орнатыңыз. Компьютер батареялы қуатымен жұмыс жасағанда немесе қосымша қорек көзіне қосулы болғанда BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп алу жəне орнату кезінде осы нұсқауларды орындаңыз: Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Advanced System Diagnostics пайдалану Advanced System Diagnostics (Кеңейтілген жүйе диагностикасы) компьютер жабдықтарының дұрыс істеп-істемейтінін тексеру мақсатында диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Advanced System Diagnostics құралында мына диагностикалық сынақтар қолжетімді: ● System Tune-Up (Жүйенің қызметін дұрыстау) — бұл қосымша сынақтар тобы компьютердегі негізгі бөліктердің дұрыс жұмыс атқарып тұрғанын тексереді.
13 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы немесе Анықтама жəне қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз:http://www.hp.com/go/contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз:http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Қызметтік жапсырма маңызды ақпарат береді, соның ішінде: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n) (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель сипаттамасы Бұл ақпарат қолдау қызметіне хабарласқанда қол жетімді болуы қажет. Қызмет көрсету жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
14 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын (оптикалық дискіге жазу кезінде) 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсацияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Ең жоғары биіктік (герметизацияланбаған) Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен
а Компьютерді сапарға алып шығу Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Компьютерді тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Барлық дискілерді жəне барлық сыртқы медиа карталарды, мысалы, сандық карталарды шығарып алыңыз.
құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, оны қолданудан бұрын рұқсат сұраңыз. ● Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз: ◦ Өзіңіз баратын əрбір елдің немесе аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз. ◦ Компьютерді қолдануды жоспарлайтын əрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері əртүрлі болуы мүмкін.
ə Ақаулықтарды жою Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін жəне қосымша ақпаратты Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) орталығынан табыңыз. Бастау экранына с əрпін жазып, Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) опциясын таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады. ● Қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Компьютер қосылмайды Компьютер қуат түймешігін басқан кезде қосылмаса, төмендегі ұсыныстар компьютердің неліктен қосылмай тұрғандығын анықтауға көмектесуі мүмкін: ● Егер компьютер розеткаға қосылған болса, розеткаға ток келіп тұрғанын тексеру үшін басқа электр құрылғысын қосыңыз. ЕСКЕРІМ: Осы компьютермен бірге берілген немесе осы компьютер үшін НР компаниясы ұсынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Компьютер əдеттен тыс қызып кетеді Пайдалану барысында компьютерге қол тигізгенде оның жылы болуы қалыпты болып табылады. Егер əдеттегіден тыс ыстық болса, желдеткіш саңылауы жабылып қалған болуы мүмкін. Егер компьютер қатты қызып кетті деп ойласаңыз, оны бөлме температурасына дейін суытып алыңыз. Компьютерді пайдалану барысында барлық желдеткіштердің ашық тұрғандығын тексеріңіз.
● Сымсыз жол жоспарлағышы немесе кіру нүктесі оның қуат адаптеріне жəне кабель немесе DSL модеміне дұрыс жалғанғанына, сондай-ақ шамдардың жанғанына көз жеткізіңіз. ● Барлық кабельдерді ажыратып, қайта жалғаңыз да, қуатты өшіріп, қайта қосыңыз. Оптикалық диск салғыш ықшам диск немесе DVD дискісін шығару үшін ашылмайды 1. Диск жетегінің бет панеліндегі ашу тесігіне қағаз қыстырғыштың (1) ұшын кіргізіңіз. 2. Диск салғыш шыққанша қағаз қыстырғышты жайлап басып, ол тоқтағанша салғышты (2) алға тартыңыз.
Компьютер ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін анықтамайды Егер орнатылған құрылғы амалдық жүйеңізбен анықталмаса, құрылғы драйверінің бағдарламалық құралы жоқ немесе зақымдалған болуы мүмкін. 1. Дискілердің барлығын оптикалық дискжетегінен шығарып алыңыз. 2. Компьютер, одан кейін Системный монитор (Желі мониторы) пəрмендерін таңдаңыз. 3. Аппаратное обеспечение (Аппараттық құрал) қойыншасында Тип (Түрі) бағанасынан сыртқы жад контроллерін анықтаңыз. 4.
Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді 1. Егер компьютердің өз дисплейі де, сыртқы дисплей де қосылып тұрса, екеуінің арасында ауысып отыру үшін, fn+f4 пернесін бір немесе бірнеше рет басыңыз. 2. Сыртқы дисплейді бастапқы ету үшін, монитор параметрлерін мына жолмен реттеңіз: а. Windows жүйесінде, компьютердің жұмыс үстелінің бос аймағында оң жақ түймешікпен басып, Разрешение экрана (Экран ажыратымдылығы) параметрін таңдаңыз. ə. Негізгі дисплей мен қосалқы дисплейді көрсетіңіз.
б Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат бір-біріне тигізгенде пайда болатын статикалық электр тогы. Мысалы, кілем үстімен жүріп бара жатып темір есіктің тұтқасын ұстағанда пайда болатын сезім. Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы электрондық бөліктерді зақымдайды.
Индекс А Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 76 шығарып алу 77 айнымалы ток адаптері, тексеру 47 Айнымалы ток адаптері/батарея шамы 10 айнымалы ток адаптерін тексеру 47 ақаулықтарды жою дискіге жазу 107 дискіні ойнату 106 оптикалық диск салғыш 105 оптикалық дискіні анықтау 106 ақаулықтарды жою, сыртқы дисплей 107 амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 97 Өнім кілті 97 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 11 аудио функциялар, тексеру 36 аудио функцияларды тексеру 36 аудио шығыс (қ
салу 82 шығарып алу 81 жазылатын медиа 40 жапсырмалар Bluetooth 97 HP мобильді кең жолақты модулі 97 Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігі 97 SIM 97 WLAN 97 сериялық нөмір 97 сымсыз куəлік 97 техникалық деректер 97 жауап қайтармайтын жүйе 39 желдеткіштер, анықтау 10, 12, 18 желіаралық қалған бағдарламасы 78 жұмыс ортасы 99 жылдам пернелер Ұйқылық күй 32 экран жарықтығын азайту 33 экран жарықтығын арттыру 33 экран кескінін ауыстырып қосу 33 жылдам пернелер, медиа 35 И Интернет байланысын орнатқыш 22 К кабельд
қуатты үнемдеу күйлері 40 сыртқы айнымалы ток қуаты 46 пайдаланушының құпия сөзі 71 пернелер esc 9 fn 9 Windows қолданбалары 9 Windows логотипі 9 дыбыс деңгейі 36 медиа 35 функция 9 пернелер тіркесімдері батарея заряды 33 дыбыс деңгейін реттеу 33 пайдалану 32 сипаттама 32 пернетақта анықтау 33 енгізілген сандық 9 пернетақта, анықтау жарық 15 жарық түймесі 16 қоршаған орта жарығының сенсоры 16 пернетақта, сыртқы num lock 34 пайдалану 34 пернетақтадағы пернелер тіркесімдері, анықтау 32 порттар DisplayPort 38
Ф функциялық пернелер, анықтау 9 функцияны қолдау, USB 90 Х хабтар 53 Ш шамдар caps lock 6 num lock 6 Айнымалы ток адаптері/ батарея 10 веб-камера 15 дыбысты өшіру 6 қатты диск 10 қуат 6, 10 Сенсорлы тақта 6 сымсыз байланыс 6, 10 шамдар, қатты диск 63 Ы ысырма, батареяны шығару 17 І ішкі микрофондар, анықтау 15 Э экран жарықтығы пернелері 33 экран кескіні, ауыстырып қосу 33 электростатикалық разряд 108 A advanced system diagnostics 95 B BIOS жаңарту 93 жаңартуды жүктеп алу 94 нұсқаны анықтау 93 Bluetooth, а