Жұмысқа кіріскенде HP ноутбугы
© Copyright 2012 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарыдан қарағандағы көрінісі ....
Кірістірілген сандық пернетақтадағы перне функцияларын ауыстыру ......................................................................................... 25 Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану ..................................... 25 Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ............................................................................................... 26 Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату ................................................................
8 Техникалық сипаттамасы .......................................................................................................................... 52 Тұтынылатын қуат ............................................................................................................................ 52 Жұмыс ортасы .................................................................................................................................. 53 Индекс ..............................................................
viii
1 Қош келдіңіз Компьютерді орнатып, тіркегеннен кейін осы нұсқаулықтағы келесі қадамдарды орындау маңызды: ● Интернетке қосылу— Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желі орнату 18-бетте бетінде қараңыз. ● Антивирустық бағдарламалық құралды жаңарту— компьютерді вирустар тудыратын зақымнан қорғаңыз. Бағдарлама компьютерге алдын ала орнатылады жəне онда тегін жаңартулар үшін шектеулі жазылым болады.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Құралдар Берілетін ақпарат Орнату нұсқаулары хабары ● Компьютерді реттеу ● Ноутбук құрамдастарын танып білу НР ноутбугының анықтамалық нұсқаулығы ● Қуатты басқару мүмкіндіктері Компьютерде осы нұсқаулықты ашу үшін: ● Батареяның жұмыс істеу уақытын барынша ұзарту Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат HP веб-торабы ● Қолдау қызметі туралы ақпарат АҚШ қолдау қызметі үшін http://www.hp.com/go/ contactHP бетіне өтіңіз. Дүниежүзілік қолдау үшін http://welcome.hp.com/country/us/en/ wwcontact_us.html бетіне өтіңіз.
2 Компьютермен танысу Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта Бөлік 4 Сипаттама (1) Меңзегіш құрылғы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (2) Сол меңзегіш құрылғы түймесі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Сенсорлық тақтаны қосу/өшіру түймесі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. (4) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады.
Бөлік Сипаттама (6) Оң жақ меңзегіш құрылғы түймесі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (7) Сенсорлы тақтаның оң жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) Қуат шамы ● Ақ: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: Компьютер күту режимінде тұр. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. (2) Num lock пернесінің шамы Ақ: Num lock қосылған. (3) Сымсыз байланыс шамы ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы. ● Сары: барлық сымсыз құрылғылар өшірулі. ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. ● Ақ: Компьютер дыбысы қосылған.
Түймелер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы модельдерде) Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін қуат түймесін басыңыз. ● Компьютер қосылып тұрғанда, ұйқы режиміне ауыстыру үшін қуат түймесін қысқа уақыт бойы басыңыз. ● Компьютер ұйқы режимінде тұрғанда, бұл режимнен шығу үшін қуат түймесін қысқа уақыт бойы басыңыз. ● Компьютер гибернация режимінде тұрғанда, бұл режимнен шығу үшін қуат түймесін қысқа уақыт бойы басыңыз.
Бөлік 8 Сипаттама (2) Сымсыз байланыс түймешігі Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ сымсыз байланыс орнатпайды. (3) Веб-шолғыш түймешігі Əдепкі веб-шолғышты ашады. (4) Дыбыс деңгейін өшіру түймешігі Үндеткіш дауысын өшіріп тастайды немесе қалпына келтіреді. (5) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Windows жүйесіне құпия сөз емес, саусақ ізі арқылы кіруге мүмкіндік береді.
Пернелер ЕСКЕРІМ: Компьютердің жұмыс үстелі осы бөлімде берілген суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылғанда жүйелік ақпаратты көрсетеді. (2) fn пернесі Функционалдық перне, num lk пернесі немесе esc пернесімен бірге басқанда жиі пайдаланылатын жүйе функцияларын орындайды. (3) Windows логотипті перне Windows Start (Бастау) мəзірін көрсетеді.
Алдыңғы жағы Бөлік (1) (2) (3) (4) (5) Сипаттама «Сымсыз» шамы Қуат шамы Батарея шамы Диск шамы Желдеткіштер (3) ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты кірістірілген сымсыз құрылғы қосылған. ● Сары: Барлық сымсыз құрылғылар өшірулі. ● Ақ: Қуат көзі қосулы. ● Ақ түсте жыпылықтау: Компьютер күту режимінде тұр. ● Өшірулі: Компьютер ұйықтау режимінде тұр. ● Ақ: Батарея толық зарядталуға жақын.
Оң жақ көрінісі Бөліктері Сипаттама (1) ExpressCard ұясы Қосымша 34 мм ExpressCard ұяларын қолдайды. (2) Медиа картаны оқу құрылғысы Келесі сандық карталар пішімдерін қолдайды: (3) Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/аудио кіріс (микрофон) ұясы ● MultiMediaCard ● Secure Digital (SD) картасы Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге, гарнитураларға, құлақаспаптарға немесе теледидардың аудио құрылғысына қосылғанда, дыбыс шығарады. Сондай-ақ, қосымша гарнитура микрофонын жалғайды.
Бөліктері Сипаттама (7) Док станция коннекторы Қосымша док станция құрылғысын жалғайды. (8) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақшы ретінде əрекет ететіндей құрастырылған, бірақ ол компьютерді дұрыс ұстамаудың немесе ұрлануының алдын алмайды.
Сол жағы Бөлік Сипаттама (1) Қуат коннекторы Айнымалы ток адаптерін жалғайды. (2) RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабельді жалғайды. RJ-45 ұясының екі əрекет көрсеткіші шамдары бар. ● Сары: Желіде əрекет орын алуда. ● Жасыл: Желі қосылған. (3) RJ-11 (модем) ұясы (тек таңдаулы үлгілерде) Модем кабелін жалғайды. (4) Oптикалық жинақтағыш диск Оптикалық дискіні оқиды жəне жазады (тек таңдаулы үлгілерде). (5) Оптикалық жинақтағыш диск шамы ● Қосулы: Оптикалық дискке кіру орындалуда.
Артқы көрінісі Бөліктері 14 Сипаттама (1) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады. (2) USB Қосымша USB құрылғысын жалғайды. (3) USB 3.0 порты Қосымша USB 1.0, USB 2.0 немесе USB 3.0 құрылғысын жалғайды жəне USB 3.0 құрылғылары үшін жақсартылған USB қуат өнімділігін қамтамасыз етеді.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланысу үшін сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (2) WWAN антенналары (2)* Сымсыз кең аймақ желілерімен (WWAN) байланысу үшін сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (3) Ішкі микрофондар (2) Дыбысты жазады. (4) Веб-камера шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Ақ: веб-камера қолданылуда. (5) Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде) Бейнені жазады жəне суреттерді түсіреді.
Астыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Қатты диск бөлімі жəне жад модулі бөлімі Ішінде қатты диск, сымсыз желі модулі ұясы, сымсыз кең аймақ желісінің ұясы жəне жад модулінің ұялары болады. ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттікпен компьютерде қолдануға рұқсат етілген сымсыз модульдермен алмастырыңыз.
Бөлік Сипаттама (5) SIM ұясы Сымсыз абонентті анықтау модулі (SIM) картасын қолдайды. SIM картасының ұясы батарея бөлімінің ішінде орналасқан. (6) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (7) Bluetooth бөлімі Bluetooth құрылғысын ұстап тұрады.
3 Желі орнату ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылуға арналған аппараттық жəне бағдарламалық құрал мүмкіндіктері компьютер моделі мен сіз тұрған жерге байланысты болады. Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін: 18 ● Сымсыз—Интернетке мобильді кіру үшін сымсыз қосылысты пайдалана аласыз. Қосымша ақпаратты Бар WLAN желісіне қосылу 20-бетте немесе Жаңа сымсыз желіні орнату 20-бетте бөлімінде қараңыз. ● Сымды—Интернетке сымды желіге қосылу арқылы шығуға болады.
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметі мен модем сатып алу үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРІМ: Интернет қызметтері провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзді береді.
Сымсыз технология жəне сымсыз желіге қосылу туралы қосымша ақпарат алу үшін HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығын, əрі «Справка и поддержка» (Анықтама жəне қолдау) орталығында берілген ақпарат пен веб-торап сілтемелерін қараңыз. Бар WLAN желісіне қосылу 1. Компьютерді қосыңыз. 2. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. 3. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында желі белгішесін басыңыз. 4. Қосылатын сымсыз жергілікті желіні таңдаңыз.
Сымсыз маршрутизаторды реттеу WLAN жүйесін орнату бойынша көмек алу үшін маршрутизатор өндірушісі немесе ISP жеткізушісі берген ақпаратты қараңыз. Windows амалдық жүйесі сонымен бірге жаңа сымсыз желіні орнату құралдарын қамтамасыз етеді.
4 22 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар
Пернетақтаны пайдалану Пернелер тіркесімдерін анықтау Пернелер тіркесімі — fn пернесі мен esc пернесінің немесе функционалдық пернелердің біреуінің тіркесімі. Əр перненің қандай қызметті атқаратыны нақты ноутбук үлгісіне байланысты. ЕСКЕРІМ: Компьютердің жұмыс үстелі осы бөлімде берілген суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін жылдам басыңыз.
Пернелер тіркесімі fn+f4 Сипаттама Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді. Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды.
(2) Бөлік Сипаттама fn пернесі num lk пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық пернетақтаны қосады жəне өшіреді. ЕСКЕРІМ: Енгізілген сандық пернетақта сыртқы пернетақта немесе сандық пернетақта компьютерге жалғанған кезде жұмыс істемейді. (5) Кірістірілген сандық пернетақта Пернетақта іске қосылған кезде, оны сыртқы сандық пернетақта сияқты пайдалануға болады. Пернетақтаның əр пернесі оның жоғары оң жақ бұрышындағы белгіше көрсететін функцияны орындайды.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге келген меңзегіш құрылғыларға қоса, компьютердің USB порттарының біреуіне жалғап, сыртқы USB тінтуірін (бөлек сатылады) пайдалана аласыз. Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату Түймешік параметрлері, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш құрылғылар параметрлерін реттеу үшін Windows жүйесіндегі тінтуір сипаттарын пайдаланыңыз.
TouchPad панелін өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. TouchPad шамы жəне экрандағы дисплей белгішелері TouchPad күйін көрсетеді. Келесі кестеде сенсорлы тақтаның көрсетілетін белгішелері көрсетіліп, сипатталған. Сенсорлы тақта шамы Белгіше Сипаттама Сары: сенсорлы тақтаның өшірілгенін көрсетеді. Өшірулі: сенсорлы тақтаның қосылғанын көрсетеді.
Таңдау Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты пайдаланылады. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді. Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле Қимыл демонстрациясын көру үшін: 1.
4. Қосылатын немесе өшірілетін қимылдың жанына құсбелгі қойыңыз. 5. Применить (Қолдану) пəрменін таңдап, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжу үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады. Шымшу/Масштабтау Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. 30 ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Бұру Айналдыру фотосуреттер мен беттер сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. Бұру үшін сол бас бармақты TouchPad аумағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты тірелген саусақты айналдырып, сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері бұру үшін оң сұқ саусақты сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Бұру əрекеті TouchPad аумағында жасалуы тиіс. ЕСКЕРІМ: Бұру зауытта өшірілген.
5 Күтім Батареяны салу жəне шығарып алу ЕСКЕРІМ: Батареяны пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығын қараңыз. Батареяны салу үшін ▲ Батареяны батарея бөліміне отырғанша салыңыз, (1). Сол жақтағы батареяны босату ысырмасы батареяны орнында ұстап тұрады (2). Батареяны орнында құлыптау үшін ысырманы сырғытыңыз. Батареяны алу үшін ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін. Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. Қатты дискіні шығарып алу 1.
8. Ілмекті ұстап, дискіні сол жаққа тартып, коннектордан шығарыңыз да (2), дискіні жоғары көтеріңіз (3).
Жад модульдерін қосу немесе ауыстыру Компьютердің екі жад модулі ұясы бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
6. Қызметтік қақпақты сыртқа сырғытып (3), компьютерден көтеріп (4) қызметтік қақпақты алыңыз. 7. Жад модулін ауыстыратын болсаңыз, бар жад модулін ажыратыңыз: а. Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды тартып шешіңіз (1). Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
ə. Жад модулінің шетін (2) қысып, 45 градус бұрышқа бұрып, жад модулі ұясынан суырып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 8. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. а.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулі зақымдалмауы үшін оны майыстырмаңыз. 9. Қызметтік қақпақтағы ілмектерді (1) компьютердегі ойықтарға дəл түсіріңіз. 10. Қызметтік қақпақты компьютерге сырғытыңыз (2). 11. Қызметтік қақпақты босату ысырмасын оңға (3) сырғытып, қызметтік қақпақ бұрандасын (4) қайта бекітіңіз.
12. Қызметтік қақпақты бекіту үшін босату ысырмасын солға сырғытыңыз. 13. Батареяны орнына салыңыз. 14. Компьютерге айнымалы ток қуатын жəне барлық сыртқы құрылғыларды қосыңыз. 15. Компьютерді қосыңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту HP бағдарламалар мен драйверлерді тұрақты түрде соңғы нұсқаларға жаңартып отыруды ұсынады. АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз: http://www.hp.com/go/contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз: http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html.
Компьютерді тазалау тазалау заттары Компьютеріңізді қауіпсіз тазалау жəне зарарсыздандыру үшін мына заттарды пайдаланыңыз: ● Диметилбензил аммоний хлориді, ең үлкен концентрациясы 0,3 пайыз (Мысалы: бір рет қолданылатын бактерицидтік майлықтар. Бұл майлықтардың сан алуан түрі бар.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау кезінде сұйықтықтың пернелер астына түспейтініне көз жеткізіңіз. Бұл ішкі бөліктердің зақым алуына əкелуі мүмкін.
6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратты қорғау үшін Windows сақтық көшірмесін жəне қалпына келтіру мүмкіндіктерін пайдаланып, жекелеген файлдар мен қалталардың сақтық көшірмесін жасаңыз, бүкіл қатты дискінің сақтық көшірмесін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде), орнатылған оптикалық дискіенгізгі (тең таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық дискіенгізгі көмегімен жүйені қалпына келтіру дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерді) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз.
HP Recovery Disc Creator көмегімен қалпына келтіру дискісін жасау HP Recovery Disc Creator — қалпына келтіру дискісін жасаудың баламалы жолын ұсынатын бағдарлама. Компьютерді сəтті реттегеннен кейін HP Recovery Disc Creator бағдарламасын пайдаланпы қалпына келтіру дискісін жасауға болады. Бұл қалпына келтіру дискіісі қатты диск бүлінсе, жүйені қалпына келтіруді орындайды.
Сақтық көшірме жасау кезінде келесіні ескеріңіз: ● Жеке файлдарды құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін мерзімді түрде жасап тұрыңыз. ● Сақтық көшірме үлгілері тиісті бағдарламаларда сақталады. ● Реттелген параметрлерді терезеде, құралдар тақтасында немесе мəзір жолында параметрлеріңіздің экран суретін жасау жолымен сақтаңыз. Экран суреті параметрлерді қайта орнату кезінде уақытты үнемдейді.
ЕСКЕРІМ: Компьютер іске қосыла алмаса жəне бұрын жасаған жүйені қалпына келтіру дискілерін пайдалана алмасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде), компьютерді қайта іске қосып, амалдық жүйені қалпына келтіру үшін Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін сатып алуыңыз керек. Қосымша ақпаратты Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдалану (бөлек сатылады) 47-бетте бетінде қараңыз. Windows қалпына келтіру құралдарын пайдалану Бұрын сақтық көшірмесін жасаған ақпараты қалпына келтіру үшін: 1.
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану ЕСКЕРТУ: f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану қатты дискінің мазмұнын өшіреді жəне қатты дискіні қайта пішімдейді. Сіз компьютерде жасаған барлық файлдар жəне барлық бағдарламалық құралдар тұрақты түрде жойылады. f11 қалпына келтіру құралы зауытта орнатылған амалдық жүйені жəне HP бағдарламалары мен драйверлерін қайта орнатады. Зауытта орнатылмаған бағдарламалық құралдарды қайта орнату керек.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 5. Далее (Келесі) түймесін басыңыз. 6. Repair your computer (Компьютерді жөндеу) пəрменін таңдаңыз. 7. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жөндеу аяқталғаннан кейін: 48 1. Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін шығарыңыз да, Driver Recovery (Драйверлерді қалпына келтіру) дискісін салыңыз. 2. Алдымен жабдықты қосу драйверлерін,содан кейін ұсынылған қолданбаларды орнатыңыз.
7 Қолдау 49
Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығында, HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығында немесе «Справка и поддержка» (Анықтама жəне қолдау) ішінде берілген ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады. АҚШ қолдау қызметі үшін http://www.hp.com/go/contactHP бетіне өтіңіз. Дүниежүзілік қолдау үшін http://welcome.hp.com/ country/us/en/wwcontact_us.html бетіне өтіңіз. Бұл жерде сізге мынадай мүмкіндік болады: ● HP маманымен онлайн арқылы хабарласу.
Жапсырмалар Компьютерге жабыстырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен басқа елдерге барғанда қажет болуы мүмкін ақпаратты береді. ● Қызметтік жапсырма маңызды ақпарат береді, соның ішінде: Бөліктері (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмір (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (ө/н) (4) Кепілдік мерзімі (5) Үлгі сипаттамасы (тек таңдаулы үлгілерде) Бұл ақпарат қолдау қызметіне хабарласқанда қол жетімді. Бұл жапсырма батарея бөлімінің ішінде жабыстырылған.
8 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 мен 40000 фут арасында Ең жоғары биіктік (қысымсы
Индекс А аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 11 аудио шығыс (гарнитура) ұясы, анықтау 11 Б Бастау пернесі, анықтау 9 батарея, ауыстыру 32 батареяны босату ысырмасы 16 батарея орны 16, 51 батарея шамы 10 бөліктер алдыңғы жағы 10 артқы 14 астыңғы 16 дисплей 15 жоғарыдан қарағандағы көрінісі 4 оң жақ 11 сол жақ 13 бұру бойынша TouchPad ымы 31 В веб-камера 15 веб-камера, анықтау 15 веб-камера шамы, анықтау 15 Г гарнитура (аудио шығыс) ұясы 11 Д диск шамы 10 дисплей порты; анықтау 11 док станция коннекторы;
меңзегіш құрылғы, таңдаулы параметрлерді орнату 26 микрофон (аудио кіріс) ұясы, анықтау 11 О оптикалық диск, анықтау 13 оптикалық диск шамы, анықтау оптикалық диск шамы 13 Ө өнім атауы мен нөмірі, компьютер 51 Өнім кілті 51 өшіру Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 51 Өнім кілті 51 П пернелер esc 9 Windows логотипі 9 қолданбалар 9 функционалдық пернелер, анықтау 9 пернелер тіркесімдері батарея заряды 24 дыбыс деңгейін реттеу 24 пайдалану 23 сипаттама 23 Ұйқы 23 экран жарықтығын азайту 24 экра
C caps lock шамы, анықтау 6 E eSATA/USB 2.