HP LaserJet P2010 Tiçáeêòepi Ïàéäàëàíóøû Hµñºàóëû¬û
HP LaserJet P2010 Тізбектері Пайдаланушының нұсқаулығы
Авторлық құқықтар туралы ақпарат © 2007 Copyright Hewlett-Packard Development Company, L.P. Авторлық құқықтар заңдар бойынша рұқсаты берілгеннен басқа реттерде алдын ала жазбаша рұқсатсыз көшіріп басуға, өзгертуге немесе аударуға тыйым салынады. Осы құжаттағы ақпарат алдын ала ескертусіз өзгертілуі мұмкін. НР өнімдері мен қызметтеріне берілетін кепілдіктер тек осындай өнімдер мен қызметтермен бірге берілетін тікелей кепілдік мəлімдемесінде ғана жазылған. Осы құжатта ешнəрсе қосымша кепілдікті білдірмейді.
Maзмұны 1 Құрылғының негізгі сипаттамалары Құрылғының мүмкіндіктері ................................................................................................................. 2 Стандартты мүмкіндіктер .................................................................................................. 2 Желілік модельдің мүмкіндіктері ....................................................................................... 2 Құрылғы бөлшектерінің атаулары .................................................
Стандартты емес қағаз пішімдері .................................................................................................... 23 Арнайы қағазды немесе басып шығаруға арналған арқауларды пайдалану бойынша ұсынымдар ........................................................................................................................................ 24 Баспа құралын салу .........................................................................................................................
Жағдай жарығының үлгілері ............................................................................................................ 71 Macintosh жүйесінде жалпы кездесетін проблемалар ................................................................... 78 Баспа құралы проблемасын шешу .................................................................................................. 81 Басып шығарылған бет экрандағыға ұқсамайды ...........................................................................
Принтерді қайта орау бойынша нұсқаулар ................................................................................... 114 Қосымша C Принтердің техникалық шарттары Физикалық талаптар ....................................................................................................................... 116 Электр талаптары ........................................................................................................................... 117 Акустикалық эмиссия ....................................
1 Құрылғының негізгі сипаттамалары Осы тарауда төмендегі тақырыптар туралы ақпарат беріледі: KKWW ● Құрылғының мүмкіндіктері ● Құрылғы бөлшектерінің атаулары 1
Құрылғының мүмкіндіктері Төменде осы кұрылғының стандартты мүмкіндіктері келтірілген.
Құрылғы бөлшектерінің атаулары Төмендегі суреттерде құрылғының бөліктері көрсетілген.
4 4 USB порты 5 Кептелген қағаздарды шығару тетіктері 6 Сериялық нөмір 7 Параллель порт (тек негізгі модельде ғана) Бап 1 Құрылғының негізгі сипаттамалары KKWW
2 Басқару панелі Принтердің басқару панелі алты шам мен екі түймеден тұрады. Шамдар белгілі тəртіппен жанып, принтердің жай-күйін білдіреді. 1 Кептелу шамы: Принтерде қағаз кептеліп қалғанын білдіреді. 2 Тонер шамы: Тонер деңгейі төмендеп қалса, тонер шамы жанады. Баспа картриджі принтерден шығарылған болса, тонер шамы жыпылықтап тұрады. 3 Кағаз жоқтығын көрсетуші шам: Принтерде кағаз калмағанын көрсетеді.
6 Бап 2 Басқару панелі KKWW
3 KKWW Байланыс мүмкіндігі 7
Принтер байланыстары USB жəне параллель байланыстары 1. Бағдарлама орнату дискісін компьютердің CD-ROM кұрылғысына салыңыз. 2. Егер орнату бағдарламасы автоматты түрде басталмаса, дискінің ішін ашып, SETUP.EXE файлын қосыңыз. 3. Экранда пайда болған нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРІМ: Орнату барысында параллель немесе USB кабельді қосыңыз деген нұсқау шығады. Төмендегі суреттерге қараңыз.
10/100Base-TX Желілік опциялары ● HP Jetdirect en3700 ● HP Jetdirect 175x ● HP Jetdirect ew2400 Баспа серверіне тапсырыс беру үшін 10/100 желілік баспа серверлері 102-бетте сайтына кіріңіз. Принтерді желіге қосыңыз Желілік модельді қосу үшін мынадай заттар қажет болады: ● Жұмыс істеп тұрған желі ● CAT-5 Ethernet желі кабелі. Принтерді желіге қосу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. CAT-5 Ethernet кабельді Еthernet хабындағы немесе маршрутизаторындағы бос портқа қосыңыз. 2.
10 Бап 3 Байланыс мүмкіндігі KKWW
4 KKWW Windows бағдарламалары 11
Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер Принтер төмендегі операциялык жүйелерге арналған бағдарламалармен жабдықталған: ● Windows® 98 SE (тек PCL 5e принтер драйвері ғана) ● Windows Me (тек PCL 5 принтер драйвері ғана) ● Windows NT 4.
Windows принтер драйверлері Принтер драйвері принтердің ерекшеліктеріне енуге мүмкіндік беретін бағдарламалық құрал болып табылады жəне компьютерді принтерге басып шығару құралымен қамтамасыз етеді. Windows драйверінің түрлері Бұл өнім кұрамында хостқа (басты копьютерге) негізделген драйвер мен PCL 5e принтер драйвері бар. Windows бағдарламасын орнатыңыз Windows NT 4.
Енгізілген Веб сервері (желілік модельде ғана) Енгізілген Веб серверін принтердің конфигурациясын икемдеу, оның жай-күйін туралы ақпаратты көру жəне проблемарды шешу туралы ақпарат алу үшін пайдалануға болады.
5 KKWW Macintosh бағдарламалары 15
Macintosh принтер драйверлері Принтер драйвері принтердің ерекшеліктеріне енуге мүмкін беретін бағдарламалық құрал бөлігі болып табылады жəне компьютер мен принтердің арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Macintosh компьютерлеріне арналған принтер драйверін орнату Осы бөлімде Macintosh OS X операциялық жүйесінің v10.2.8, v10.3, v10.4 жəне кейінгі шыққан нұсқаларына арналған баспа жүйесі бағдарламалық құралын орнату бойынша түсіндірмелер беріледі.
Операциялық жүйе Бағдарлама жабылғанға дейін барлық баспа тапсырмаларсының параметрлерін өзгерту үшін Баспа тапсырмаларының стандартты параметрлерін өзгерту (мəселен, стандартты параметр арқылы қағаздың екі бетіне басу функциясын қосу) үшін Конфигурациялық параметрлерді өзгерту (мəселен, науа қосу немесе қолмен парақтың екі жағынан басу функциясын қосу/өшіру) үшін Macintosh OS X v10.2.8, v10.3, v10.4 жəне одан кейінгі нұсқалары 1. File (Файл) мəзірінде Print (Басып шығар) командасын таңдаңыз. 1.
PostScript Printer Description (PPD, PostScript принтер сипаттамалары) файлдары PPD файлдары HP 3-деңгейдегі postscript эмуляциялық драйверімен бірге принтердің ерекшеліктеріне енуге мүмкіндік береді жəне компьютердің принтермен байланысуына мүмкіндік береді. PPD файларына арналған орнату бағдарламасы принтер дискісінде болады.
6 Баспа құралдары Осы құрылғы осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ережелерге сəйкес түрлі қағаздарға жəне баспа құралдарына қолдау көрсетеді. Аталған ережелерге сай келмейтін құралдарды пайдалану мынадай мəселелерге əкелуі мүмкін: ● Басып шығару сапасының төмендеуі ● Қағаздың жиі кептеліп қалуы ● Құрылғының механикалық бөлшектерінің мерзімінен бұрын тозып, соның салдарынан оның жиі жөнделуі Барынша жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін тек HP таңбалы қағаз бен құралдарды пайдаланыңыз.
Басып шығаруға арналған қағаз бен арқауларды пайдалану туралы Осы құрылғы осы пайдаланушы нұсқаулығында баяндалған талаптарға сай келетін түрлі басып шығарғыш арқауларымен жұмыс істеуге арналып жасалған.
Қолдау көрсетілетін кағаз жəне баспа құралдарының өлшемдері Осы құрылғы бірқатар қағаз өлшеміне қолдау көрсетеді жəне ол түрлі құралдарға бейімделеді. ЕСКЕРІМ: Басып шығару нəтижесі барынша жақсы болу үшін басып шығарар алдында принтер драйверінде тиісті қағаз өлшемі мен түрін таңдап алыңыз.
Кесте 6-2 Қолдау көрсетілетін конверттер мен ашықхаттар (жалғасы) 22 Өлшем Өлшемдер Ашықхат 100 x 148 мм Қос ашықхат 148 x 200 мм Бап 6 Баспа құралдары 1-науа 2-науа 3-қосымша науа KKWW
Стандартты емес қағаз пішімдері Осы құрылғы стандартты емес түрлі қағаз пішімдеріне қолдау көрсетеді. Қолдау көрсетілетін стандартты емес қағаз пішімдеріне осы құрылғыға арналған ең кіші жəне ең үлкен өлшемдердің шегіндегі, бірақ қолдау көрсетілетін арқаулар кестесінде көрсетілмеген қағаз өлшемдері жатады. Стандартты емес қағаз пішімдерімен жұмыс істеген кезде оны басып шығарғыштың драйверінде көрсетіп, қағазды стандартты емес қағаз пішімдеріне қолдау көрсететін науаға салу керек.
Арнайы қағазды немесе басып шығаруға арналған арқауларды пайдалану бойынша ұсынымдар Осы құрылғы арнайы арқауларға басып шығаруға қолдау көрсетеді. Өте жақсы нəтижеге жету үшін осы ұсынымдарға сүйеніңіз. Арнайы қағазды немесе арқауларды пайдаланған кезде ең жақсы нəтижеге жету үшін олардың түрі мен пішімін басып шығарғыштың драйверінде көрсетіңіз. ЕСКЕРТУ: HP LaserJet басып шығарғыштары жылумен бекіту блогымен жарақталған, ол құрғақ тонерді қағаз бетінде аса ұсақ нүктелер түрінде бекітіп қалдыруға арналған.
KKWW Арқау түрі Керек Керек емес Қалың қағаз ● Тек лазерлік басып шығарғыштарда пайдалануға рұқсат етілген жəне салмағы бойынша осы құрылғыға арналған талаптарға сай келетін қалың қағазды пайдаланыңыз. ● Егер осы құрылғыға арналған ұсынымдарда көрсетілгеннен қалыңырақ қағазды НР компаниясы осы құрылғы үшін пайдалануға рұқсат бермесе, ондай қағазды пайдаланбаңыз. Жылтыр қағаз немесе жабыны бар қағаз ● Тек лазерлік басып шығарғыштарға арналған жылтыр қағаз бен жабыны бар қағазды пайдаланыңыз.
Баспа құралын салу Төмендегі бөлімдерде əр түрлі беруші науаларға баспа құралдарын қалай салу керектігі сипатталады. ЕСКЕРТУ: Егер умаждалған, бүктелген немесе бүлінген құралға басып шығаруға əрекеттенсеңіз, олар принтердің ішінде кептеліп қалуы мүмкін. Қосымша ақпаратты Кептелуді жою 90-бетте бөлімінен қараңыз. 1-науа 1-науа принтердің алдыңғы жағынан ашылады. Принтер басқа науалар арқылы басып шығаруға əрекеттенерден бұрын 1-науадан басып шығарады.
ЕСКЕРІМ: Жаңа құрал қосқан кезде, міндетті түрде барлық құралдарды беруші науадан шығарып, жаңа құралдар дестесін туралап алыңыз. Бұл бірнеше құралдың принтерге бір уақытта кетіп калуына жол бермей, кептелуді азайтады. Тікелей шығу жолы Конверттер, мөлдір үлдірлер, ауыр құрал немесе баспадан шыққанда оралып қалатын кез келген құралмен жұмыс істегенде тікелей шығу жолын пайдалаңыз.
28 Бап 6 Баспа құралдары KKWW
7 Баспа тапсырмалары Осы тарауда төмендегі тақырыптар туралы ақпарат беріледі: KKWW ● Баспа құралдарының түрі жəне науаларға салу ● Баспа сапасы параметрлері ● Қолмен екі жақты басу ● Бір парақ қағазға бірнеше бет басып шығару (N дейін басу) ● Буклеттер басып шығару ● Су таңбаларын басып шығару ● Баспа тапсырмасын тоқтату 29
Баспа құралдарының түрі жəне науаларға салу Осы құрылғының науаларына баспа құралдары төмендегідей тəртіппен беріледі: 1. 1-науа (егер ашық болса) 2. 2-науа 3. 3-қосымша науа (егер қосылған болса) Құралдардың ең аз өлшемдері – 76 x 127 мм. Құралдардың ең көп өлшемдері - 216 x 356 мм. Басып шығару нəтижелері барынша жақсы болу үшін басып шығарар алдында принтер драйверіндегі кағаз өлшемдері мен кағаз түрінің параметрлерін өзгертіңіз.
Кесте 7-1 1-науаға салынатын құралдар туралы ақпарат (жалғасы) Түрі Құралдарға қойылатын талаптар Құралдар саны Драйвер параметрлері Қағаз бағдары Шығатын орны Ауыр 90 г/м2 — 105 г/м2 10 параққа дейін Ауыр Парақтың басылатын беті жоғары қаратып салынуы керек Тікелей шығыс есігі Фирмалық бланк 75 г/м2 — 104 г/м2 10 параққа дейін Фирмалық бланк Парақтың басылатын беті жоғары қаратып салынуы керек, беттің үстіңгі жағы принтерге бірінші болып кіреді Шығару науасы Карточкалар 10-ға дейін 10-ғ
Кесте 7-2 2-науаға салынатын құралдар туралы ақпарат (жалғасы) Түрі Құралдарға қойылатын талаптар Құралдар саны Драйвер параметрлері Кағаз бағдары Шығатын орны Ауыр 90 г/м2 — 105 г/м2 250 параққа жетпейді Ауыр Ақпарат жоқ Шығару науасы Мөлдір үлдір 4 мм Монохромды, үстіңгі проекторларға арналған 250 параққа жетпейді Мөлдір үлдір Басылатан беті төмен қаратып салынуы керек Тікелей шығыс есігі Фирмалық бланк 75 г/м2 — 104 г/м2 250 параққа жетпейді Фирмалық бланк Басылатын беті төмен қарат
Баспа сапасы параметрлері Баспа сапасының параметрлері баспа шешімі мен тонердің жұмсалуына ықпал етеді. Баспа сапасының параметрлерін өзгерту үшін төмендегі тəртіпті пайдаланыңыз: 1. Принтердің Қасиеттер (немесе Windows 2000 мен XP-да Баспа артықшылықтары) бетін ашыңыз. Нұсқауларды Windows принтер драйверін конфигурациялаңыз 13-бетте немесе Macintosh принтер драйверін конфигурациялаңыз 16-бетте ішінен қараңыз. 2.
Қолмен екі жақты басу Қолмен кағаздың екі бетіне басу үшін кағазды принтерден екі рет өткізуіңіз керек. Мына опциялардың біреуінің көмегімен басып шығаруға болады: ● Жоғарғы шығару науасы ● Тікелей шығыс есігі (aуыр арқаулар немесе бұралып қалатын арқаулар үшін) ЕСКЕРІМ: Қолмен екі жақты басу принтерді кірлетіп, баспа сапасын төмендетуі мүмкін. Принтер кірленген жағдайда берілетін нұсқаулықтарды Принтерді тазалау 52-бетте ішінен қараңыз.
4. Басылып шыққан парақтарды бір дестеге жинап алып, сол дестені туралаңыз. i n v e n t 5. Дестені басылған жағын төмен жəне үстіңгі шетін принтерге қаратып 1-науаға қайта салыңыз. 6. Екінші бетті басып шығару үшін Go (Баста) түймесін басыңыз. Mac OS X үшін KKWW 1. Тікелей шығыс есігін жабыңыз. 2. Егер Manual Duplex (Қолмен екі жақты басу) опциясы принтер драйверінде шықпаса, төмендегі қадамдарды орындаңыз: a.
5. Басылып шыққан парақтарды бір дестеге жинап алып, сол дестені туралаңыз. 6. Дестені басылған жағын төмен жəне үстіңгі шетін принтерге қаратып 1-науаға қайта салыңыз. 7. Екінші бетті басып шығару үшін басқару панеліндегі Go (Бастау) түймесін басыңыз. Тікелей шығыс есігі арқылы қолмен екі жақты басу Төмендегі баптарда əр түрлі операциялық жүйелерге арналған нұсқаулар беріледі. Microsoft Windows үшін 1. Тікелей шығыс есігін ашыңыз. 2.
KKWW 6. 1-науадағы құжаттың бірінші жағын басып шығарыңыз. 7. Басылып шыққан парақтарды бір дестеге жинап алып, сол дестені туралаңыз. 8. Дестені басылған жағын төмен жəне үстіңгі шетін принтерге қаратып 1-науаға қайта салыңыз. 9. Екінші бетті басып шығару үшін Go (Баста) түймесін басыңыз.
Mac OS X үшін 38 1. Тікелей шығыс есігін ашыңыз. 2. Егер Manual Duplex (Қолмен екі жақты басу) опциясы принтер драйверінде шықпаса, төмендегі қадамдарды орындаңыз: a. Драйвер бағдарламасы Custom Install (Іріктеп орнату) опциясымен орнатылған кезде HP Manual Duplex & Booklet (Classic) (қолмен екі жақты басу жəне кітапша басып шығару) таңдалғанына көз жеткізіңіз. b.
KKWW 5. Дестені басылған жағын төмен жəне үстіңгі шетін принтерге қаратып 2-науаға қайта салыңыз. 6. Екінші бетті басып шығару үшін Go (Баста) түймесін басыңыз.
Бір парақ қағазға бірнеше бет басып шығару (N дейін басу) Құжаттың бірнеше бетін бір парақ қағазға басып шығару үшін N дейін басып шығару функциясын пайдаланыңыз. 1. Принтердің Қасиеттер (немесе Windows 2000 мен XP-да Баспа артықшылықтары) бетін ашыңыз. Нұсқауларды Windows принтер драйверін конфигурациялаңыз 13-бетте немесе Macintosh принтер драйверін конфигурациялаңыз 16-бетте ішінен қараңыз. 2.
Буклеттер басып шығару Буклеттерді Letter (Хат), Legal немесе А4 стандартты қағаздарға басып шығаруға болады. ЕСКЕРІМ: Бұл мүмкіндік Macintosh OS X нұсқаларының барлығында бола бермеуі мүмкін. 1. 1-науаға қағаз салыңыз. 2. Тікелей шығыс есігін жабыңыз. 3. Принтердің Қасиеттер (немесе Windows 2000 мен XP-да Баспа артықшылықтары) бетін ашыңыз. Нұсқауларды Windows принтер драйверін конфигурациялаңыз 13-бетте ішінен қараңыз. 4.
Су таңбаларын басып шығару Су таңбасы опциясын қолда бар құжаттың «астындағы» (фондағы) мəтінді басып шығару үшін пайдалануға болады. Мəселен, құжаттың бірінші бетіне немесе барлық беттеріне үлкен əріптермен Draft (Жоба) немесе Confidential (Құпия) деген үлкен сұр түсті əріптермен жазылған сөзді қиғашынан басып шығарғыңыз келуі мүмкін. 1. Принтердің Қасиеттер (немесе Windows 2000 мен XP-да Баспа артықшылықтары) бетін ашыңыз.
Баспа тапсырмасын тоқтату Берілген тапсырмаларды төменгі орындардан тоқтатуға болады: ● Принтердің басқару панелі: Берілген тапсырманы тоқтату үшін принтердің басқару панелідегі Cancel (Тоқтату) түймесін басып, босатыңыз. ● Бағдарлама: Əдетте, басуға тапсырма берілген кезде экранда баспа тапсырмасын тоқтатуға мүмкіндік беретін диалог терезесі пайда болады. ● Windows баспа кезегі: Баспа тапсырмасы баспа кезегіне (компьютер жадына) немесе баспа спулеріне қойылған болса, тапсырманы осы жерден өшіріңіз.
44 Бап 7 Баспа тапсырмалары KKWW
8 Пайдалану жəне техникалық қызмет Осы тарауда төмендегі тақырыптар туралы ақпарат беріледі: KKWW ● Принтердің ақпарат беттері ● Енгізілген Веб Сервері (желілік модельде ғана) ● Баспа картриджін ауыстыру ● Тонерді қайта жаймалап шығу ● Принтерді тазалау ● Тартушы роликті (1-науа) тазалаңыз ● Тартушы роликті (2-науа) тазалаңыз ● EconoMode (үнемдеу режимі) 45
Принтердің ақпарат беттері Төмендегі ақпарат беттерін басып шығаруға болады. Көрсету беті Көрсету бетінде мəтін мен графика үлгілері беріледі. Көрсету бетін басып шығару үшін төмендегі əрекеттердің біреуін орындаңыз: ● Ready (Даяр) индикатор жанып, принтер ешқандай басқа тапсырманы орындамай тұрған кезде Go (Баста) түймесін басыңыз.
Енгізілген Веб Сервері (желілік модельде ғана) Енгізілген Веб сервері принтер мен желінің жай-күйін көруге жəне басып шығару функцияларын принтердің басқару панелінің орнына компьютерден басқаруға мүмкіндік береді.
Ақпарат беті Жай-күй беттері тобы келесі беттерден тұрады. ● Device Status (Құрылғының жай-күйі). Бұл бетте принтер мен HP қамсыздандыру құралдарының жай-күйі көрсетіледі. ● Device Configuration (Құрылғының конфигурациясы). Бұл бетте принтердің Конфигурация бетіндегі ақпарат көрсетіледі. ● Supplies Status (Қамсыздандыру құралдарының жай-күйі). Бұл бетте HP қамсыздандыру құралдарының жай күйі көрсетіліп, олардың бөлшек нөмірлері беріледі.
Баспа картриджін ауыстыру KKWW 1. Баспа картриджі есігінің түймесін басып, содан кейін баспа картриджін принтерден шығарып алыңыз. Қайта өңдеу туралы ақпаратты баспа картриджі қорабының ішінен қараңыз. 2. Жаңа баспа картриджін орауышынан шығарып алыңыз. 3. Картридждің сол жақтағы бұрыштамасын бүгіп сындырыңыз. 4. Таспалардың барлығы картриджден ажыратылғанша бұрыштаманы тартыңыз. Бұрыштаманы қайта өңдеп пайдалануға қайтару үшін оны картридждің корабына салып қойыңыз.
5. Картридждің ішіндегі тонерді біркелкі етіп тарату үшін баспа картриджін ақырындап алғаартқа шайқатыңыз. ЕСКЕРТУ: Егер тонер киіміңізге тисе, оны құрғақ шүберекпен сүртіп алып, киімді суық суға шайыңыз. Ыстық су тонерді матаға жабыстырады. 6. Баспа картриджін принтердің ішіне салып, картридж есігін жабыңыз. ЕСКЕРТУ: Егер тонер киіміңізге тисе, оны құрғақ шүберекпен сүртіп алып, киімді суық суға шайыңыз. Ыстық су тонерді матаға жабыстырады.
Тонерді қайта жаймалап шығу Тонер азайған кезде басылған бетте өңсіз немесе ашық түсті салалар пайда болады. Тонерді қайта жаймалап шығып, баспа сапасын уақытша жақсартуға болады. 1. Баспа картриджі есігінің түймесін басып, содан кейін баспа картриджін принтерден шығарып алыңыз. 2. Тонерді қайта жаймалап шығу үшін баспа картриджін ақырындап алға-артқа шайқатыңыз. ЕСКЕРТУ: Егер тонер киіміңізге тисе, оны құрғақ шүберекпен сүртіп алып, киімді суық суға шайыңыз. Ыстық су тонерді матаға жабыстырады. 3.
Принтерді тазалау Қажет болғанда принтердің сыртын таза, дымқыл шүберекмен сүртіп тазартыңыз. ЕСКЕРТУ: Принтердің үстін немесе жан-жағын тазалау үшін аммиакқа негізделген тазалағыштар пайдаланбаңыз. Басып шығару кезінде принтердің ішінде қағаз, тонер жəне шаң жиылып қалу мүмкін. Уақыт өткен сайын бұл жиналған қалдықтар тонердің дақтары немесе айғыздарының пайда болуы жəне қағаздардың кептелуі сияқты проблемаларға əкеп соғып, баспа сапасын нашарлатуы мүмкін.
KKWW 2. Құрғақ, тегіс матамен баспа құралы өтетін жолдың тұсы мен картридж қуысындағы қалдықтардың барлығын сүртіп алыңыз. 3. Баспа картриджін орнына салып, картридж есігін жабыңыз. 4. Принтерді қайта қосу үшін электр желісіне жалғаңыз. 5. Көрсету бетін басып шығарып, принтер дұрыс істеп тұрғанына көз жеткіңіз. Көрсету бетін басып шығару үшін Ready (Даяр) индикатор жанып, принтер ешқандай басқа тапсырманы орындамай тұрған кезде Go (Баста) түймесін басыңыз.
Баспа құралы өтетін жолды тазалаңыз. Егер басылған беттерде тонер нүктелері немесе дақтары болса, баспа құралы өтетін жолды тазалаңыз. Тазалау барысында баспа құралы өтетін жолдағы шаң мен тонерді кетіру үшін мөлдір үлдір пайдаланылады. Мөрлі немесе қалың кағаз пайдаланбаңыз. ЕСКЕРІМ: Нəтижелер барынша жақсы болу үшін мөлдір үлдір пайдаланыңыз. Мөлдір үлдір жоқ болса, көшіру аппаратына қолданылатын (70 — 90 г/м2) тегіс бетті құралды пайдалануыңызға болады. 1.
Тартушы роликті (1-науа) тазалаңыз Егер 1-науадағы тартушы роликті тазалағыңыз келсе, мына нұсқауларды орындаңыз: 1. Электр сымын принтерден ажыратып, принтерді суытыңыз. 2. Баспа картриджі есігінің түймесін басып, содан кейін баспа картриджін принтерден шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Принтердің ішіндегі қара губка оралған тасымал роликке қол тигізбеңіз. Əйтпесе, принтер бұзылуы мумкін. ЕСКЕРТУ: Баспа картриджіне зиян келмеу үшін оны жарыққа қоймаңыз. Оның үстін қағазбен жауып қойыңыз.
56 3. Тартушы роликтің қақпағын шығарып алыңыз. 4. Тартушы ролик орнынан шыққанша, екі қара бекіткішті сыртқа басып тұрыңыз. 5. Тартушы роликті принтерден шығарыңыз.
6. Тегіс матаны суға малып, роликті сүртіңіз. ЕСКЕРІМ: Роликтің бетін жалаң саусақпен ұстамаңыз. KKWW 7. Тартушы роликтегі еріген кірді кетіру үшін кұрғақ, тегіс матамен сүртіңіз. 8. Тартушы роликті əбден құрғатыңыз. 9. Принтердегі қара бекіткіштерді тартушы роліктегі кертпелерімен теңестіріп, содан кейін тартушы роликті бекіткіштер шырт еткенше өзінің орнына басыңыз.
10. Тартушы роликтің қақпағын орнына салыңыз. 11. Баспа картриджін орнына салып, картридж есігін жабыңыз. 12. Принтерді қайта қосу үшін электр желісіне жалғаңыз. 13. Көрсету бетін басып шығарып, принтер дұрыс істеп тұрғанына көз жеткіңіз. Көрсету бетін басып шығару үшін Ready (Даяр) индикатор жанып, принтер ешқандай басқа тапсырманы орындамай тұрған кезде Go (Баста) түймесін басыңыз.
Тартушы роликті (2-науа) тазалаңыз Егер 2-науадағы тартушы роликті тазалағыңыз келсе, мына нұсқауларды орындаңыз: 1. Электр сымын принтерден ажыратып, принтерді суытыңыз. 2. Баспа картриджі есігінің түймесін басып, содан кейін баспа картриджін принтерден шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Принтердің ішіндегі қара губка оралған тасымал роликке қол тигізбеңіз. Əйтпесе, принтер бұзылуы мумкін. ЕСКЕРТУ: Баспа картриджіне зиян келмеу үшін оны жарыққа қоймаңыз. Оның үстін қағазбен жауып қойыңыз.
60 3. 2-науаны шығарып алыңыз. 4. Принтерді жұмыс бетіне алдыңғы жағын жоғары қаратып койыңыз.
KKWW 5. Ақ құлақшаларды сыртқа қарай тартып, жоғары айналдырыңыз. 6. Оң жақтағы құлақшасын оң жаққа жылжытыңыз да, процедураның аяғына оны сол күйінде қалдырыңыз.
62 7. Тартушы ролик торабын оң жаққа жылжытып, сол жақтағы қақпақты шешіп алыңыз. 8. Тартушы роликті шығарып алыңыз.
9. Тегіс матаны суға малып, роликті сүртіңіз. ЕСКЕРІМ: Роликтің бетін жалаң саусақпен ұстамаңыз. 10. Тартушы роликтегі еріген кірді кетіру үшін кұрғақ, тегіс матамен сүртіңіз. 11. Тартушы роликті əбден құрғатыңыз. 12. Роликтің сол жағын сол жақтағы кертпеге (1) кіргізіңіз де, оң жағын (білігінде ойықтар бар жағы) он жақтағы кертпеге (2) кіргізіңіз.
13. Сол жақтағы қақпағын сол жактағы білікке кигізіңіз де, қақпақты оңға итеріп, құлақшаны төмен қарай орнына бұраңыз. 14. Білікті ойықтар ілінісіп, білік орнына бекігенше бұраңыз. 15. Оң жақ құлақшасын сол жаққа итеріп, оны орнына қарай төменге бұраңыз. 16. Принтерді жұмыс бетіне үстіңгі жағын жоғары қаратып койыңыз. 17. Автоматты екі жақты баспа жолы есігін жабыңыз.
18. Баспа картриджін орнына салып, картридж есігін жабыңыз. 19. Принтерді қайта қосу үшін электр желісіне жалғаңыз. 20. Көрсету бетін басып шығарып, принтер дұрыс істеп тұрғанына көз жеткіңіз. Көрсету бетін басып шығару үшін Ready (Даяр) индикатор жанып, принтер ешқандай басқа тапсырманы орындамай тұрған кезде Go (Баста) түймесін басыңыз.
EconoMode (үнемдеу режимі) EconoMode принтердің əр бетке азырақ тонер пайдалануға мүмкіндігін беретін режим болып табылады. Бұл опцияны таңдау баспа картриджін пайдалану мерзімін ұзартып, əр бет құнын төмендетуге көмектеседі. Бірақ ол баспа сапасын да төмендетеді. Басып шығарылған сурет ашығырақ, бірақ жобалар немесе тексерілетін нұсқалар үшін жарамды. НР EconoMode режимін əрдайым пайдалануға кеңес бермейді.
9 Проблемаларды шешу Осы тарауда төмендегі тақырыптар туралы ақпарат беріледі: KKWW ● Шешімді табу ● Жағдай жарығының үлгілері ● Macintosh жүйесінде жалпы кездесетін проблемалар ● Баспа құралы проблемасын шешу ● Басып шығарылған бет экрандағыға ұқсамайды ● Принтер бағдарламасына қатысты проблемалар ● Баспа сапасын жақсартy ● Кептелуді жою ● Желі құруға қатысты проблемаларды шешу 67
Шешімді табу Жалпы кездесетін принтер проблемаларына шешім табу үшін осы бөлімді пайдалануыңызға болады. 1-қадам: Принтер дұрыс бапталған ба? ● Принтер жұмыс істеп тұрған ток көзіне қосылған ба? ● Қорек ауыстырып-қосқышы қосулы күйінде тұр ма? ● Баспа картриджі дұрыс орнатылған ба? Баспа картриджін ауыстыру 49-бетте көріңіз. ● Қағаз беруші науаға дұрыс салынған ба? Баспа құралын салу 26-бетте көріңіз.
3-қадам: Көрсету бетін басып шығара аласыз ба? Көрсету бетін басып шығару үшін Ready (Даяр) индикатор жанып, принтер ешқандай басқа тапсырманы орындамай тұрған кезде Go (Баста) түймесін басыңыз. Иə Көрсету беті басып шығарылса, 4-қадам: Баспа сапасы жарамды ма? 69-бетте барыңыз. Жоқ Ешбір қағаз шықпаса, Баспа құралы проблемасын шешу 81-бетте көріңіз. Егер проблеманы шеше алмасаңыз, НР қолдау қызметіне хабарласыңыз 70-бетте.
Егер проблеманы шеше алмасаңыз, НР қолдау қызметіне хабарласыңыз 70-бетте. НР қолдау қызметіне хабарласыңыз 70 ● Құрама Штаттарда қолдау табу үшін http://www.hp.com/go/support/ljP2010series көріңіз. ● Басқа жерлерде http://www.hp.com/ көріңіз.
Жағдай жарығының үлгілері Кесте 9-1 Жағдай жарығының түсіндірмесі «жарық сөндірулі» белгісі «жарық қосулы» белгісі «жарық жыпылықтап тұр» белгісі Кесте 9-2 Басқару панелінің жарық хабарламалары Жарық жағдайы Принтер жағдайы Əрекет Басталу/Қосылу Басталу, Реконфигурация жəне Тапсырманы тоқтату үдірістерінің жұмысы кезінде түймелерді басқаннан пайда болмайды. Қосылу жағдайында Go (істеу), Ready (дайын), жəне Attention (назар) шамдары бірінен кейін бірі (500 мс жылдамдықпен) жанады.
Кесте 9-2 Басқару панелінің жарық хабарламалары (жалғасы) Жарық жағдайы Принтер жағдайы Əрекет Дайын Конфигурация бетін басып шығару үшін құрылғының «Дайын» Принтер бос жəне жұмысқа дайын тұр. индикаторы жанып, принтер ешқандай басқа тапсырманы орындамай тұрған кезде Go (Баста) түймесін басыңыз. Деректерді Өңдеу Ағымдағы тапсырманы тоқтату үшін Cancel түймесін басыңыз. Принтер деректерді өңдеуде немесе қабылдауда.
Кесте 9-2 Басқару панелінің жарық хабарламалары (жалғасы) Жарық жағдайы Принтер жағдайы Əрекет Қолмен беру тəсілі немесе Жалғасуы мүмкін қате Қатені орнына келтіріп, қандай да бір деректерді басып шығару үшін Go түймесін басыңыз. Бұл күйге келесі жағдайларда жетуге болады: Қатені түзету сəтті болса, принтер Деректерді Өңдеу жағдайына түсіп, жұмысты аяқтайды.
Кесте 9-2 Басқару панелінің жарық хабарламалары (жалғасы) Жарық жағдайы Принтер жағдайы Əрекет Түзелмейтін Қате ● Принтерді сөндіріп, 10 секунд күтіңіз де, принтерді қосыңыз. ● Егер проблеманы шеше алмасаңыз, НР қолдау қызметіне хабарласыңыз 70-бетте. Аксессуар Қатесі 74 Бап 9 Проблемаларды шешу Қосымша қате туралы ақпаратты көру үшін Go түймесін басыңыз. Жарық үлгілері өзгереді.
Кесте 9-2 Басқару панелінің жарық хабарламалары (жалғасы) Жарық жағдайы Принтер жағдайы Əрекет Тонер Бос Жаңа баспа картриджіне тапсырыс беріп, оны дайындап алыңыз. Қамсыздандыру құралдары мен керек-жарақтар кестесі 101-бетте көріңіз. Go (істеу), Ready (Дайын), жəне Attention (Назар) шамдары Тонер Бос жағдайынан бөлек істейді. Тонер Жоқ Баспа картриджін принтерге қайтадан салыңыз. Баспа картриджі принтерден шығарып алынды.
Кесте 9-2 Басқару панелінің жарық хабарламалары (жалғасы) Жарық жағдайы 76 Бап 9 Проблемаларды шешу Принтер жағдайы Əрекет Кептелу Кептелуді жойыңыз. Кептелуді жою 90-бетте көріңіз.
Кесте 9-2 Басқару панелінің жарық хабарламалары (жалғасы) Жарық жағдайы Принтер жағдайы Əрекет Қағаз жоқ Қағазды немесе басқа баспа құралын салыңыз. Қағаз Ұстағышы Жарамды қағаз немесе басқа баспа құралын салыңыз. Баспа құралдары 19-бетте көріңіз. Салынған қағаз немесе басқа баспа құралына қолдау жоқ. Шартты болдырмау үшін Go түймесін басыңыз.
Macintosh жүйесінде жалпы кездесетін проблемалар Бұл бөлімде Mac OS X пайдалану кезінде пайда болуы мүмкін проблемалардың тізімі берілген. Кесте 9-4 Mac OS X проблемалары Принтер драйвері Баспа Орталығындағы немесе Принтер Баптау Утилитасындағы тізімде жоқ. Себеп Шешім Принтер бағдарламасы орнатылмаған немесе қате орнатылған. Принтер PPD келесі қатқыл диск папкасында бар болуын қамтамасыз етіңіз: Library/Printers/PPDs/Contents/ Resources/.
Кесте 9-4 Mac OS X проблемалары (жалғасы) Принтер драйвері Баспа Орталығында немесе Принтер Баптау Утилитасында таңдалған принтеріңіз автоматты түрде бапталмайды. Себеп Шешім Принтер бағдарламасы орнатылмаған немесе қате орнатылған. Принтер PPD келесі қатқыл диск папкасында бар болуын қамтамасыз етіңіз: Library/Printers/PPDs/Contents/ Resources/.lproj, мұндағы - сіз пайдаланатын тілдің екі əріпті тіл коды. Қажет болса, бағдарламаны қайта орнатыңыз.
Кесте 9-4 Mac OS X проблемалары (жалғасы) USB кабелімен қосылған кезде, драйвер таңдалғаннан соң Баспа Орталығы немесе Принтер Баптау Утилитасында принтер шықпайды. Себеп Шешім Бұл проблеманың себебі бағдарлама немесе аппаратурада. Бағдарлама ақаулықтарын жою ● Macintosh компьютеріңіз USB қолдайтынын тексеріңіз. ● Macintosh операциялық жүйесінің нұсқасы Mac OS X v10.2 немесе одан да жаңа екендігіне көз жеткізіңіз.
Баспа құралы проблемасын шешу Келесі баспа құралы проблемалары баспа сапасының ауытқуларына, кептелуге немесе принтердің бұзылуына əкеліп соғады. Проблема Себеп Шешім Баспа сапасының немесе тонер жұғуының нашарлығы Қағаз тым ылғалды, тым қалың, тым ауыр немесе тым тегіс, не болмаса ол ісініп кеткен немесе ақаулы қағаздар дестесінен алынған. 100 бен 250 Шеффилд арасындағы ылғалдығы 4-6% болатын басқа қағаз түрін қолданып көріңіз. Түсіп қалу, кептелу немесе бұралу Қағаз дұрыс сақталмаған.
Проблема Шешім Принтер баспа құралын беретін Принтер қолмен беру режимінде науадан баспа құралын алмай жатыр. болуы мүмкін. Принтер қолмен беру режимінде еместігіне көз жеткізіп, тапсырманы қайта басып шығарыңыз. Тартушы ролик кірленген немесе бұзылған болуы мүмкін. HP тұтынушыларға қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз. HP тұтынушыларды қолдау қызметi 111-бетте немесе қораптың ішіндегі қолдау флаерін қараңыз.
Басып шығарылған бет экрандағыға ұқсамайды Проблеманы ең жақсы сипаттайтын тармақты таңдаңыз: ● Бүлінген, қате немесе аяқталмаған мəтін 83-бетте ● Графика не мəтін жоқ, немесе бос парақтар 83-бетте ● Бет форматы басқа HP LaserJet принтеріндегіге ұқсамайды. 84-бетте ● Графикалар сапасы 84-бетте Бүлінген, қате немесе аяқталмаған мəтін ● Бағдарламалық құрал орнатылғанда принтердің қате драйвері таңдалуы мүмкін. Принтер Қасиеттерінен принтердің дұрыс драйвері таңдалғандығына көз жеткізіңіз.
Қосымша ақпаратты Windows принтер драйверін конфигурациялаңыз 13-бетте немесе Macintosh принтер драйверін конфигурациялаңыз 16-бетте ішінен қараңыз. ● Принтерді, əсіресе баспа картриджі мен қорек блогы арасындағы түйіспелерді тазалаңыз. Бет форматы басқа HP LaserJet принтеріндегіге ұқсамайды.
Принтер бағдарламасына қатысты проблемалар Кесте 9-5 Принтер бағдарламасына қатысты проблемалар Проблема Шешім Принтер папкасында принтер белгішесі көрсетілмейді. ● Принтердің бағдарламалық құралын қайта орнатыңыз. Windows тапсырмалар панелінде Бастау батырмасын басып, одан Бағдарламалар, HP трмақтарын, одан кейін өз принтеріңізді таңдап, ақырында Жою тармағын таңдаңыз. Принтердің бағдарламалық құралын ықшам дисктен орнатыңыз. ЕСКЕРІМ: Барлық істеп тұрған бағдарламаларды жабыңыз.
Баспа сапасын жақсартy Бұл бөлімде баспа ақауларын анықтау жəне түзету туралы ақпарат беріледі. ЕСКЕРІМ: Егер бұл қадамдар проблеманы жоймаса, HP компаниясының өкілетті дилерімен немесе техникалық қызмет өкілімен хабарласыңыз. Басылған бейне ашық немесе өңсіз шығады ● Баспа картриджінің қызмет мерзімі бітуге жақын. ● Баспа құралдары Hewlett-Packard компаниясы баспа құралдары үшін белгілеген техникалық шарттарға сай болмауы мүмкін (мəселен, баспа құралдары тым ылғалды немесе тым қалың).
Тік сызықтар Баспа картриджінің ішіндегі фотосезгіш барабан тырналып қалған болуы мүмкін. HP компаниясының жаңа принтер картриджін орнатыңыз. Беттің фоны сұр болып шығады ● 1-науа орнында екеніне көз жеткізіңіз. ● Баспа құралдарын жеңілірек түріне ауыстырыңыз. ● Принтер тұрған ортаның жағдайын тексеріңіз. Өте құрғақ (ылғалдылығы төмен) жағдайларда фонның боялуы артады. ● HP компаниясының жаңа принтер картриджін орнатыңыз.
Бос тонер ● Принтердің ішін тазалаңыз. ● Баспа құралдарының түрі мен сапасын тексеріңіз. ● HP компаниясының жаңа принтер картриджін орнатып көріңіз. ● Принтер драйверінде баспа құралының түрі дұрыс таңдалғанына көз жеткізіңіз. ● Принтерді желілік фильтрдің орнына тікелей айнымалы ток көзіне қосыңыз. ● Принтер картриджі зақымдалған болуы мүмкін. Егер ақау беттің бір жерінде қайталанып шықса, HP компаниясының жаңа принтер картриджін орнатыңыз. ● Принтердің ішкі бөлшектерінде тонер болуы мүмкін.
Парақ бұралып немесе толқынданып шығады ● Баспа құралдарының түрі мен сапасын тексеріңіз. Жоғары температура мен жоғары ылғалдылық баспа құралдарының бұралуына əкеліп соғуы мүмкін. ● Баспа құралдары беруші науада тым ұзақ тұрған болуы мүмкін. Науадағы баспа құралдары дестесін аударыңыз. Сондай-ақ, баспа құралдарын 180° градусқа айналдырып көріңіз. ● Тікелей шығыс есігін ашып, тікелей шығыс жолы арқылы басып көріңіз. ● Тонердің термиялық құрылғысының температурасы тым жоғары болуы мүмкін.
Кептелуді жою Кейде баспа барысында баспа құралдары кептеліп қалады. Бағдарламадағы қате жəне принтердің басқару панеліндегі шамдар арқылы сізге баспа құралдарының кептеліп қалғаны туралы ескерту беріледі. Қосымша ақпаратты Жағдай жарығының үлгілері 71-бетте бетінен қараңыз. Төменде баспа құралдарының кептелуінің кейбір себептері берілген: ● Беруші науалар дұрыс толтырылмаған немесе асыра толтырылған. Қосымша ақпаратты Баспа құралын салу 26-бетте бетінен қараңыз.
KKWW 2. Тікелей шығыс есігін ашыңыз. 3. Жасыл түсті қысым босататын рычагтарды төменге қарай тартыңыз. 4. Баспа құралының ең көрнекі жағын қос қолдап ұстап (соның ішінде оның ортасын), абайлап принтерден тартып шығарыңыз.
5. Баспа картриджін орнына салып, картридж есігін жабыңыз. Беруші науалар Беруші науалардағы кептемені жою үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз: 92 1. Тікелей шығыс есігін ашыңыз. 2. Жасыл түсті қысым босататын рычагтарды төменге қарай тартыңыз.
KKWW 3. Картридж есігінің түймесін басып, содан кейін картриджді принтерден шығарып алыңыз. 4. Баспа құралының ең көрнекі жағын қос қолдап ұстап (соның ішінде оның ортасын), абайлап принтерден тартып шығарыңыз. 5. Баспа картриджін принтердің ішіне салып, картридж есігін жабыңыз.
94 6. 2-науаны ашыңыз. 7. Баспа құралының ең көрнекі жағын қос қолдап ұстап (соның ішінде оның ортасын), абайлап принтерден тартып шығарыңыз.
8. Егер баспа құралы көрінбесе, баспа картридждің есігін ашып, картриджді шығарып алыңыз да, үстіңгі баспа құралы бағыттаушын төменге тартыңыз. Баспа құралын абайлап жоғарыға тартып, принтерден шығарып алыңыз. 9. 2-науаны жабыңыз. Шығару науасы Баспа құралының ең көрнекі жағын қос қолдап ұстап (соның ішінде оның ортасын), абайлап принтерден тартып шығарыңыз.
Тікелей шығу жолы Tікелей шығыс жолындағы кептемені жою үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз: 96 1. Тікелей шығыс есігін ашыңыз. 2. Жасыл түсті қысым босататын рычагтарды төменге қарай тартыңыз.
3. Баспа құралының ең көрнекі жағын қос қолдап ұстап (соның ішінде оның ортасын), абайлап принтерден тартып шығарыңыз. ЕСКЕРІМ: Егер арқауды екі қолмен ұстай алмасаңыз, Баспа картриджінің айналасы 90-бетте бетінде жазылған əрекеттерді орындаңыз. 4. KKWW Тікелей шығыс есігін жабыңыз.
Желі құруға қатысты проблемаларды шешу Егер компьютер желіге қосылған принтерді таба алмаса, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. 2. 3. 4. Кабельдерді тексеріп, олардың дұрыс қосылғанына көз жеткіңіз.
A Керек-жарақ/Шығындық материалдар жөніндегі қосымша Осы қосымшада келесі тақырыптар туралы ақпарат беріледі: KKWW ● Бөлшектерге, керек-жарақтарға жəне қамсыздандыру құралдарына тапсырыс беру ● Қамсыздандыру құралдары мен керек-жарақтар кестесі ● 10/100 желілік баспа серверлері ● HP баспа картридждері 99
Бөлшектерге, керек-жарақтарға жəне қамсыздандыру құралдарына тапсырыс беру ● НР компаниясына тікелей тапсырыс беру ● Қызмет немесе қолдау провайдерлері арқылы тапсырыс беріңіз ● Енгізілген Веб-сервер арқылы тапсырыс беріңіз НР компаниясына тікелей тапсырыс беру Келесілерді НР компаниясынан тікелей тапсырыспен алуыңызға болады: ● Ауыстырылатын бөлшектер. АҚШ аумағында ауыстырылатын бөлшектерге тапсырыс беру үшін http://www.hp.com/buy/parts адресін көріңіз.
Қамсыздандыру құралдары мен керек-жарақтар кестесі Қосымша керек-жарақтар мен қамсыздандыру құралдары арқылы принтердің мүмкіндіктерін арттыруыңыз мүмкін. Оңтайлы жұмысты қамтамасыз ету үшін дəл осы өнімге арналған керекжарақтар мен қамсыздандыру құралдарын пайдаланыңыз. Кесте A-1 Тапсырыс беру туралы ақпарат Өнімге арналған баспа картридждері Бұйым Сипаттама немесе пайдалану Тапсырыс нөмірі Ақылды баспа картридждері Өнімге арналған ауыстырылатын баспа картридждері.
10/100 желілік баспа серверлері Кесте A-2 HP LaserJet P2010 Сериялы принтері Бұйым жəне сипаттамасы Тапсырыс нөмірі HP Jetdirect en3700 жылдам Ethernet баспа сервері J7942A HP Jetdirect en2400 802.11g сымсыз сыртқы баспа сервері (толық мүмкіндікті, USB порты) J7951A HP Jetdirect 175x жылдам Ethernet сыртқы баспа сервері (мəндер қатары, USB порт) J6035C С немесе одан кейінгі нұсқасы болуы керек.
HP баспа картридждері HP шығармаған картридждер туралы НР саясаты Hewlett-Packard компаниясы НР шығармаған жаңа, толтырылған немесе қайта жасалған картриджерін пайдаланбауды ұсынады. НР шығармаған картриджді пайдалану нəтижесінде қажет болған қызмет көрсету немесе жөндеу принтерге берілетін кепілдікпен қамтылмайды. ЕСКЕРІМ: Hewlett-Packard компаниясы бермеген бағдарламалық құрал, интерфейс немесе бөлшектерді пайдалану нəтижесіндегі ақаулықтарға кепілдік қолданылмайды.
104 Қосымша A Керек-жарақ/Шығындық материалдар жөніндегі қосымша KKWW
B KKWW Техникалық кызмет жəне қолдау 105
Hewlett-Packard компаниясының шектеулі кепілдік туралы мəлімдемесі НР ӨНІМІ ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІКТІҢ ƏРЕКЕТ МЕРЗІМІ HP LaserJet P2010 Series принтерлері Сатып алған күннен бастап бір жыл HP компаниясы Сізге, соңғы пайдаланушыға, сатып алынған күннен бастап жоғарыда белгіленген мерзім ішінде HP компаниясының жабдықтары мен керек-жарақтары материал немесе өндірістік ақаулықтар болмайтындығына кепілдік береді.
облыстарда кездейсоқ жəне жанама зиянды қарамауға немесе шектеуге рұқсат берілмейді. Сондықтан жоғарыда айтылған шектеу немесе ерекшелік сізге қатысты болмауы мүмкін. БҰЛ МƏЛІМДЕМЕДЕ БЕРІЛГЕН КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ, ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДƏРЕЖЕНІ ҚОСПАҒАНДА, БҰЛ ӨНІМДІ СІЗГЕ САТУҒА ҚАТЫСТЫ МІНДЕТТІ, ЗАҢДА БЕЛГІЛЕНГЕН ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ЖОЙМАЙДЫ, ШЕКТЕМЕЙДІ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТПЕЙДІ ЖƏНЕ ОЛАРДЫ ТОЛЫҚТЫРЫП ТҰРАДЫ.
Баспа картридждері мен фотобарабанға берілетін шектеулі кепілдік Осы HP баспа картриджіне оның материалдарының жəне өндірістік ақаулықтарының жоқтығына кепілдік беріледі. Осы кепілдікпен (a) қайтадан толтырылған, жаңартылған, қалпына келтірілген немесе тағы басқа жолмен қолдан жасалған, (b) дұрыс пайдаланбаудан, дұрыс сақтамаудан немесе принтер үшін жарияланған талаптарға сай келмейтін ортада пайдаланудан шыққан проблемары болған немесе (c) əдеттегідей пайдаланудан соң тозып калған картридждер қамтылмайды.
Hewlett-Packard бағдарламасы туралы лицензиялық келісім НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: ОСЫ БАҒДАРЛАМАДАН ТЕК ҚАНА ТӨМЕНДЕ АЙТЫЛҒАН НР БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ ЛИЦЕЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫ БОЙЫНША ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗ МҮМКІН. БАҒДАРЛАМАДАН ПАЙДАЛАНУЫҢЫЗ СІЗДІҢ ОСЫ ШАРТТАРҒА КЕЛІСУІҢІЗДІ БІЛДІРЕДІ. HP БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ ШАРТТАРІ Егер де сіз Hewlett-Packard пенен өзгеше келісім шарт жасамаған болсаңыз,осы келісім шарттары бойынша сіз осы бағдарламадан пайдалануыңыз мүмкін. Келісім бойынша мүмкіндіктері.
DFARS 252.211-7015 (May 1991), жəне DFARS 252.227-7014 (Jun 1995) заңдары бойынша «коммерциялық компьютер бағдарламасы» деп жаратылған жəне лицензияланған, FAR 2.101(a) (Jun 1987) заңы бойынша «коммерциялық зат» деп қабылданған, жəне FAR 52.227-19 (Jun 1987) заңы бойынша (жəне соған эквиваленттік заңдар бойынша) «Шектеулі комьютер бағдарламасы» деп қабылданған.
HP тұтынушыларды қолдау қызметi Онлайн қызметтері Модем немесе Интернет байланысы арқылы тəулік бойы ақпарат алу Интернет: HP өнімдері үшін жетілдірілген бағдарламаларды, өнімдер жəне техникалық қолдау туралы ақпаратты, жəне бір неше тілдер үшін арналған принтер драйверлерін бұл сайттан алуға болады: http://www.hp.com/go/support/ljP2010series (сайт ағылшын тілінде).
Америка Құрама Штаттары: 1-800-538-8787 Канада: 1-800-387-3154 Басқа елдер/аймақтар үшін телефон нөмірлерін табу үшін өніммен бірге қорапта келген парақшаны қараңыз. HP қызметі туралы ақпарат HP компаниясының Америка Құрама Штаттарындағы немесе Канададағы өкілетті дилерлерін табу үшін 1-800-243-9816 (АҚШ) немесе 1-800-387-3867 (Канада) нөмірі бойынша хабарласыңыз. Немесе, http://www.hp.com/go/cposupportguide сайтына кіріңіз.
Қолдау мен техникалық қызметтің барлық түрі Дүние жүзі бойынша HP компаниясы əр түрлі кызметтер мен қолдау опцияларын қамтамасыз етеді. Сондай бағдарламалардың бар болуы Сіз тұратын жерге байланысты. HP Care Pack™ топтамасы жəне техникалық қызмет туралы келісімдер HP компаниясы бірнеше қажеттікті қанағаттандыратын əр түрлі қызмет жəне қолдау опцияларын ұсынады. Бұл опциялар стандартты кепілдікке кірмейді. Қолдау қызметтері əр жерде əр түрлі болады.
Принтерді қайта орау бойынша нұсқаулар Принтерді қайта орау кезінде төмендегі нұсқауларды пайдаланыңыз: ● Мүмкін болса, баспа үлгілері мен 5-10 дұрыс басылмаған парақ немесе басқа баспа құралдарын жинаққа қосыңыз. ● Барлық кабельдерді, науаларды жəне принтерде орнатылған қосымша керек-жарақтарды шығарып алып, сақтап қойыңыз. ● Принтердің картриджін шығарып алып, сақтап қойыңыз.
C Принтердің техникалық шарттары Осы қосымшада төмендегі тақырыптар туралы ақпарат беріледі: KKWW ● Физикалық талаптар ● Электр талаптары ● Акустикалық эмиссия ● Қоршаған орта талаптары 115
Физикалық талаптар Өлшемдер Салмағы (3 000 беттік картридж орнатылған) 116 Қосымша C Принтердің техникалық шарттары ● Ені: 350 мм ● Қалыңдығы: 361 мм ● Биіктігі: 256 мм HP LaserJet P2010 сериясы: 10,7 кг KKWW
Электр талаптары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қорек талаптары принтер сатылатын елге/аймаққа негізделген. Жұмыс кернеуін өзгертпеңіз. Бұл принтерді зақымдауы жəне өнім кепілдігін жоюы мүмкін.
Акустикалық эмиссия ISO 9296 стандартына сəйкес мəлімденген Кесте C-2 HP LaserJet P2010 Series принтерлері Дыбыс күшінің деңгейі Баспа (23 б/м) : LWAd = 6,24 Белл A жəне 62,4 дБ (A) Дайын (Ұйқы): Естілмейтін Дыбыстық қысым деңгейінің күту жағдайы Баспа (23 б/м): LpAm = 50 дБ (A) Дайын (Ұйқы): Естілмейтін ЕСКЕРІМ: Мəндер алдын ала алынған деректерге негізделген. Ағымдағы ақпаратты алу үшін http://www.hp.com/go/support/ljP2010series бетін қараңыз.
Қоршаған орта талаптары Жұмыс ортасы Сақтау ортасы Принтер ауыспалы ток розеткасына қосылды: ● Температура: 10° C пен 32,5°C аралығында ● Ылғалдылық: 20-80 пайыз (конденсациясыз) Принтер ауыспалы ток розеткасынан ажыратылды: ● Температура: 0° C пен 40° C аралығында ● Ылғалдылық: 10-80 пайыз (конденсациясыз) ЕСКЕРІМ: Мəндер алдын ала алынған деректерге негізделген. Ағымдағы ақпаратты алу үшін www.hp.com бетін қараңыз.
120 Қосымша C Принтердің техникалық шарттары KKWW
D KKWW Нормативтік ақпарат 121
FCC талаптарына сəйкестік This equipment has been tested and found to comply with the limits for a Class B digital device, pursuant to Part 15 of the FCC rules. These limits are designed to provide reasonable protection against harmful interference in a residential installation. This equipment generates, uses, and can radiate radio frequency energy. If it is not installed and used in accordance with the instructions, it may cause harmful interference to radio communications.
Қоршаған ортада өнімдерді басқару бағдарламасы Қоршаған ортаны қорғау Hewlett-Packard компаниясы қоршаған ортаға зиян тигізбейтін жолмен сапалы өнімдерді шығаруды ұстанады. Бұл өнім қоршаған ортаға зиянды азайтатын бірнеше белгілермен жобаланған. Озон өндіру Бұл өнім ешбір елеулі озон газын өндірмейді (O3). Тұтынылатын қуат Дайын/Ұйқы режимінде қуаттың тұтынылуы айтарлықтай азайып, бұл бұйымның жоғары өнімділігіне əсер етпестен табиғи ресурстар мен қаражатты үнемдейді.
ЕСКЕРІМ: Қайтару затбелгісін тек нағыз HP LaserJet баспа картриждерін қайтару үшін пайдаланыңыз. Осы затбелгіні НР компаниясының сия картридждері, басқа компаниялардың картриждері, қайта толтырылған не қалпына келтірілген картриждер немесе кепілдікке сəйкес қайтару үшін пайдаланбауыңыз сұралады. HP компаниясының сия картридждерін қайта пайдалану туралы ақпарат алу үшін http://www.hp.com/recycle сайтына кіріңіз.
кіріңіз. HP LaserJet баспа материалдар мен бөлшектерді қайтару туралы ақпараталу үшін өз еліңізді/аймағыңызды таңдаңыз. Қағаз Бұл құрылғы HP LaserJet Printer Family Print Media Guide (HP Laserjet принтерлер сериясы үшін жазылған баспа құралдары туралы) нұсқаулықта берілген талаптарға сəйкес болған жағдайда қайта пайдаланылған қағаздарды қолдана алады. EN12281:2002 стандартына сай осы құрылғы қайта пайдаланылған қағазды қолдануға жарамды.
Сəйкестік декларациясының ережелері Сəйкестік декларациясы ISO/IEC 17050-1 жəне EN 17050-1 стандарттарына сай Өндірушінің атауы: Өндірушінің мекен-жайы: Hewlett-Packard Company 11311 Chinden Boulevard, Boise, Айдахо 83714-1021, АҚШ осы өнім Өнім атауы: HP LaserJet P2011/P2012/P2013/P2014 Series Басқаратын моделі 3): BOISB-0602-00 Өнімнің опциялары: Соның ішінде: Q5931A — Қосымша 250 парақтық беруші науа БАРЛЫҒЫ Тонер картридждері: Q7553A / Q7553X төмендегі өнім үшін белгіленген техникалық талаптарға
Ережелер туралы мəлімдемелер Лазер қауіпсіздігі туралы анықтама АҚШ Азық-Түлік жəне Дəрі-дəрмек Басқармасының (U.S. Food and Drug Administration) Құрылғылар жəне Радиологиялық Денсаулық Орталығы (CDRH) 1976 жылдың 1 тамызынан бастап өндірілген лазерлі өнімдер үшін ережелер енгізді. АҚШ аумағында сатылатын өнімдер сол кағидаларға міндетті түрде сəйкес болуы керек.
Финляндияға арналған лазер туралы анықтама LASERTURVALLISUUS LUOKAN 1 LASERLAITE KLASS 1 LASER APPARAT HP LaserJet P2011-, HP LaserJet P2012-, HP LaserJet P2013- ja HP LaserJet P2014 -sarjan laserkirjoittimet ovat käyttäjän kannalta turvallisia luokan 1 laserlaitteita. Normaalissa käytössä kirjoittimen suojakotelointi estää lasersäteen pääsyn laitteen ulkopuolelle. Laitteen turvallisuusluokka on määritetty standardin EN 60825-1 (1994) mukaisesti.
Индекс Таңбалар/Сандар 10/100 желілік жəне сымсыз баспа серверлері 102 1-науа орналасуы 3 салу 26 2-науа орналасуы 3 салу 26 3-науа 26 А акустикалық 118 ақаулықтарды жою.
басып шығару N дейін 40 буклеттер 41 Бір парақ кағазда бірнеше бет 40 Конфигурация беті 46 Көрсету беті 46 қолмен беру 27 Қорлар туралы бет 46 су таңбалары 42 тоқтату 43 батареялар жинаққа енгізіледі 125 беруші науа 1-науа 3 2-науа 3 Баспа құралын салу 26 беттер, қисық 81 бос парақтар 83 буклеттер 41 бұрмалап басылған беттер 81 бүлінген мəтін 83 бірнеше бет, бір парақ кағазға басып шығару 40 В Веб-сайттар клиенттердi қолдау 111 қамсыздандыру құралдарына тапсырыс беру 100 Материалдардың қауіпсіздігі туралы м
жəне қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы 124 қамсыздандыру құралдары қайта пайдалану 123 тапсырыс беру 100 қамсыздандыру құралдары, тапсырыс беру 101 қамсыздандыру құралдары мен керек-жарақтарға тапсырыс беру 101 қателер бағдарлама 85 қисық басылған беттер 81 қолдау техникалық қызмет туралы келісімдер 113 Тұтынушыларды қолдау қызметi 111 қолдау көрсетілетін құрал 21 Қолдау көрсетілетін операциялық жүйелер 12 қолмен беру тəсілімен басып шығару 27 қолмен екі жақты басу 34 қорек ауыстырып-қосқышы 3 қорек ұясы
тонер аз 86 айғыздалу 87 айналасына шашырау 89 баспа картридждерін сақтау 103 баспа картриджінің есігі 3 бос тонер 88 картридж.
© 2007 Hewlett-Packard Development Company, L.P. www.hp.