HP LaserJet P2010 Series - User Guide

Желі құруға қатысты проблемаларды шешу
Егер компьютер желіге қосылған принтерді таба алмаса, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Кабельдерді тексеріп, олардың дұрыс қосылғанына көз жеткіңіз. Төмендегі байланыстардың
барлығын тексеріңіз:
Қорек кабельдері
Құрылғы мен хаб немесе ауыстырып-қосқыш арасындағы кабельдер
Хаб немесе ауыстырып-қосқыш пен компьютер арасындағы кабельдер
Егер бар болса, модемге немесе Интернет байланысына жалғанған кабельдер
2. Компьютердің желілік
байланыстары дұрыс істейтіндігін тексеріп алыныз (тек Windows үшін):
Windows жұмыс үстелінде My Network Places (Менің Желілік Жерлерім) немесе
Network Neighborhood (Желідегі Көршілер) белгішелерін екі рет басып ашыңыз.
Entire Network (Бүкіл желі) сілтемесін басыңыз.
Entire Contents (Бүкіл мазмұндар) сілтемесін басыңыз.
Желі белгішелерінің бірін маус түймесімен екі рет басып, кейбір құрылғылардың тізімде
бар екеніне көз жеткізіңіз.
3. Желілік байланыс
істеп тұрғанын тексеріңіз:
Құрылғының артында орналасқан (RJ-45) желілік ұяның желілік шамдарын тексеріңіз.
Егер шырақтарының біреуі жанып тұрса, бұл құрылғының желіге қосылғанын білдіреді.
Егер екі шам да өшіп тұрса, құрылғыдан шлюзге, ауыстырып-қосқышқа немесе хабқа
баратын кабельдерді тексеріп, байланыс сенімділігіне көз жеткізіңіз.
Егер байланыс сенімді болса, принтерді 10 секундқа сөндіріп, содан кейін
құрылғыны
қосыңыз.
4. Конфигурация бетін басып шығарыңыз.
Конфигурация беті 46-бетте көріңіз.
Конфигурация бетінде көріп принтерге берілген IP адрес нөл еместігін анықтаңыз.
Егер конфигурация бетінде жарамды, нөлге тең емес IP адресі болмаса, принтерді
сөндіріп, содан кейін қайта қосқан кезде Go (Баста) жəне Cancel (Тоқтату) түймелерін
бір уақытта басып, 10 секунд ұстап тұрып HP ішкі желілік портының зауыттық
параметрлерін орнына келтіріңіз.
Attention (Назар Аударыңыз), Ready (Дайын) жəне Go (Бастау
) индикаторлары бір-
бірлеп жанып, өшкеннен кейін, құрылғы Ready (Дайын) күйіне қайтып, зауыттық
параметрлер орнына келеді.
Принтер Ready (Дайын) күйіне қайтқаннан кейін тағы да бір конфигурация бетін басып
шығарып, құрылғыға жарамды IP адрес берілгенін тексеріңіз.
Егер IP адрес тағы да нөлдер болса, HP компаниясының қолдау кызметімен
хабарласыңыз.
HP тұтынушыларды қолдау қызметi 111-бетте көріңіз.
98 Бап 9 Проблемаларды шешу KKWW