HP LaserJet P2010 Series - User Guide

HP баспа картридждері
HP шығармаған картридждер туралы НР саясаты
Hewlett-Packard компаниясы НР шығармаған жаңа, толтырылған немесе қайта жасалған
картриджерін пайдаланбауды ұсынады. НР шығармаған картриджді пайдалану нəтижесінде
қажет болған қызмет көрсету немесе жөндеу принтерге берілетін кепілдікпен қамтылмайды.
ЕСКЕРІМ: Hewlett-Packard компаниясы бермеген бағдарламалық құрал, интерфейс
немесе бөлшектерді пайдалану нəтижесіндегі ақаулықтарға кепілдік қолданылмайды.
Баспа картридждерін сақтау
Пайдалануға дайын болғаныңызша баспа картриджін қабынан шығармаыңыз жəне жарықта көп
ұстамаңыз.
Баспа картриджін пайдалану мерзімі
ISO/IEC 19752 стандартының талаптары бойынша картридждің орташа өнімділігі 3 000 бет.
Картридждің нақты өнімділігі пайдалану ерекшеліктеріне байланысты.
Тонерді үнемдеу
EconoMode принтердің əр бетке азырақ тонер пайдалануға мүмкіндігін беретін режим болып
табылады. Бұл опцияны таңдау баспа картриджін пайдалану мерзімін ұзартып, əр бет құнын
төмендетуге көмектеседі. Бірақ ол баспа сапасын да төмендетеді. Басып шығарылған сурет
ашығырақ, бірақ жобалар немесе тексерілетін нұсқалар үшін жарамды.
НР EconoMode режимін əрдайым пайдалануға кеңес бермейді. EconoMode əрдайым
пайдаланыла берсе, тонер баспа
картриджіндегі механикалық бөлшектерінен де көп істеуі
мүмкін. Егер осындай жағдайларда баспа сапасы төмендей бастаса, картридж ішінде тонер қалса
да, жаңа баспа картриджін орнату қажет. Қосымша ақпарат алу үшін
EconoMode (үнемдеу
режимі) 66-бетте бетін қараңыз.
KKWW HP баспа картридждері 103