HP LaserJet P2010 Series - User Guide

HP тұтынушыларды қолдау қызметi
Онлайн қызметтері
Модем немесе Интернет байланысы арқылы тəулік бойы ақпарат алу
Интернет: HP өнімдері үшін жетілдірілген бағдарламаларды, өнімдер жəне техникалық қолдау
туралы ақпаратты, жəне бір неше тілдер үшін арналған принтер драйверлерін бұл сайттан алуға
болады:
http://www.hp.com/go/support/ljP2010series (сайт ағылшын тілінде).
Интернеттегі проблемарды шешу құралдары
HP Instant Support Professional Edition (ISPE, Жедел қолдау кəсіпқой нұсқасы) үстел
компьютерлері мен баспа құрылғыларына арналған Интернеттегі проблемаларды шешетін
кұралдар жинағы болып табылады. ISPE компьютерлердің жəне принтерлердің проблемарын тез
анықтап, шешуге жəрдем береді. ISPE құралдарын бұл сайттан алуға болады
http://instantsupport.hp.com.
Телефон арқылы қолдау көрсету
Hewlett-Packard кепілдік мерзімі ішінде телефон арқылы тегін қолдау көрсетеді. Клиентер
хабарласқанда, оларды жəрдем беру үшін əрқашан даяр тұратын жауап тобымен
байланыстырып береді. Сіздің еліңіз/аймағыңыз үшін арналған телефон нөмірін білу үшін,
қорапта өніммен бірге келген парақшаны қараңыз немесе
http://www.hp.com сайт бетіне кіріп,
содан кейін Contact HP сілтемесін басыңыз. HP компаниясымен хабарласпас бұрын, төмендегі
ақпаратты дайындап қойыңыз: өнімнің аты мен сериялық нөмірі, сатып алынған күні, жəне
проблеманың сипаттамасы.
Қолдауды сондай-ақ Интернеттегі
http://www.hp.com/go/support/ljP2010series сайтынан да табуға
болады. Сосын Support & Drivers (қолдау жəне драйверлер) бабын таңдаңыз.
Бағдарлама утилиталары, драйверлер жəне электрондық ақпарат
http://www.hp.com/go/support/ljP2010series сайтына кіріңіз. (Бұл сайт ағылшын тілінде
болғанымен, принтер драйверлерін бірнеше тілде жүктеп алуға болады.)
Қосымша ақпаратты телефон арқылы алуға болады. Телефон нөмірлерін біліп алу үшін өніммен
бірге қорапта келген парақшаны қараңыз.
Керек-жарақтар мен қамсыздандыру құралдарын тікелей HP компаниясынан
тапсырыспен алу
Қамсыздандыру құралдарына төмендегі Веб-сайттарда тапсырыс беріңіз:
Солтүстік Америка:
https://www.hp.com/post-embed/ordersupplies-na
Латын Америкасы:
https://www.hp.com/post-embed/ordersupplies-la
Еуропа мен Таяу Шығыс:
https://www.hp.com/post-embed/ordersupplies-emea
Азия жəне Тынық Мұхит елдері/аймақтары:
https://www.hp.com/post-embed/ordersupplies-ap
Керек-жарақтарға
http://www.hp.com сайтында тапсырыс беріп, сосын Supplies & Accessories
(Материалдар, бөлшектер жəне қосымша құрылғылар) сілтемесін басыңыз. Қосымша ақпарат
алу үшін
Қамсыздандыру құралдары мен керек-жарақтар кестесі 101-бетте бетін қараңыз.
Қамсыздандыру құралдарына немесе керек-жарақтарға телефон арқылы тапсырыс беру үшін
төмендегі нөмірлер бойынша хабарласыңыз:
KKWW HP тұтынушыларды қолдау қызметi111