HP LaserJet P2010 Series - User Guide
Принтерді қайта орау бойынша нұсқаулар
Принтерді қайта орау кезінде төмендегі нұсқауларды пайдаланыңыз:
●
Мүмкін болса, баспа үлгілері мен 5-10 дұрыс басылмаған парақ немесе басқа баспа
құралдарын жинаққа қосыңыз.
●
Барлық кабельдерді, науаларды жəне принтерде орнатылған қосымша керек-жарақтарды
шығарып алып, сақтап қойыңыз.
●
Принтердің картриджін шығарып алып, сақтап қойыңыз.
ЕСКЕРТУ: Принтердің картриджіне зиян келтірмеу үшін оны өзінің бастапқы
орауышында сақтаңыз, немесе оны жарық түспейтін жерде сақтаңыз.
●
Мүмкін болса, принтердің бастапқы тасымалдау контейнерін жəне орауышын
пайдаланыңыз. Тасымалдау кезінде жақсы оралмағандығынан келген зиян үшін өзіңіз
жауапты боласыз. Егер принтердің орайтын материалдарын тастап жіберген болсаңыз,
жергілікті пошта қызметімен хабарласып, принтерді қайта орау туралы ақпарат сұраңыз.
●
Hewlett-Packard тасымалдаудан бұрын жабдықты сақтандыруға кеңес береді.
114 Қосымша B Техникалық кызмет жəне қолдау KKWW










