HP LaserJet P2010 Series - User Guide
Қоршаған ортада өнімдерді басқару бағдарламасы
Қоршаған ортаны қорғау
Hewlett-Packard компаниясы қоршаған ортаға зиян тигізбейтін жолмен сапалы өнімдерді
шығаруды ұстанады. Бұл өнім қоршаған ортаға зиянды азайтатын бірнеше белгілермен
жобаланған.
Озон өндіру
Бұл өнім ешбір елеулі озон газын өндірмейді (O
3
).
Тұтынылатын қуат
Дайын/Ұйқы режимінде қуаттың тұтынылуы айтарлықтай азайып, бұл бұйымның жоғары
өнімділігіне əсер етпестен табиғи ресурстар мен қаражатты үнемдейді. Бұл өнімдің ENERGY
STAR® квалификациялық жағдайын анықтау үшін Өнім Спецификациясын немесе
Спецификациялар парағын қараңыз. Жарамды өнімдердің тізімі келесілерде де берілген:
http://www.hp.com/hpinfo/globalcitizenship/environment/productdesign/ecolabels.html
Тонерді пайдалану
Economode тонерді аз пайдаланып, баспа картрижінің пайдалану мерзімін ұзартады.
Қағаз пайдалану
Бұл өнімдің қолмен таңдалатын/қосымша автоматты екі жақты баспа мүмкіндігі мен N-up басу
мүмкіндігі (бір бетге бірнеше бетті басу) пайдаланылатын қағаз бен оның нəтижесінде пайда
болатын табиғат қорларына деген қажеттілікті азайтады.
Пластмасса
Ауырлығы 25 граммнан асатын пластмасса бөлшектер бұйымның пайдалану мерзімі
аяқталғаннан кейін пластмассаның қайта пайдалануға жарамдылығын күшейтетін халықаралық
стандарттар бойынша белгіленген.
HP LaserJet баспаға арналған қамсыздандыру құралдары
HP Planet Partners-пен бос HP LaserJet баспа картридждерін қайтару мен қайта пайдалану оңай
болады. Əрбір жаңа HP LaserJet баспа картриджі мен жеткізу пакеті ішінде көп тілді
бағдарламалық ақпарат пен нұсқаулар бар. Бірнеше картриджді бөлек тапсырмай, бірге тапсыру
арқылы қоршаған ортаға келетін зиянды азайтуға көмектесесіз.
HP компаниясы өнімді жобалау мен өндіруден бастап, тарату, тұтынушының пайдалануы жəне
қайта пайдалануға дейінгі кезең
ішінде қоршаған ортаға зиян келтірмейтін тапқыр, жоғары сапалы
өнімдер мен қызметтер ұсыну қағидасын ұстанады. HP компаниясының Planet Partners
(Ғаламшар Əріптестері) бағдарламасына қатысқаңызда, біз HP LaserJet принтеріңіздің баспа
картриджінің дұрыс қайта пайдаланылуын қамтамасыз етіп, оларды жаңа өнімдер шығаруға
арналған пластмасса мен металл етіп қалпына келтіру үшін өңдейміз жəне миллиондаған тонна
қалдықтарды қоқыс тастайтын жерге жеткізбейміз. Картридж қайта пайдаланылып
, жаңа
материалдарда қолданылатындықтан, ол сізге қайтарылмайды. Қоршаған ортаға
жауапкершілікпен қарағаныңыз үшін рахмет!
KKWW Қоршаған ортада өнімдерді басқару бағдарламасы 123










