HP LaserJet P2010 Series - User Guide

кіріңіз. HP LaserJet баспа материалдар мен бөлшектерді қайтару туралы ақпараталу үшін өз
еліңізді/аймағыңызды таңдаңыз.
Қағаз
Бұл құрылғы HP LaserJet Printer Family Print Media Guide (HP Laserjet принтерлер сериясы үшін
жазылған баспа құралдары туралы) нұсқаулықта берілген талаптарға сəйкес болған жағдайда
қайта пайдаланылған қағаздарды қолдана алады. EN12281:2002 стандартына сай осы құрылғы
қайта пайдаланылған қағазды қолдануға жарамды.
Материалдарға қойылатын шектеулер
Осы HP өнімінің құрамында сынап жоқ.
Осы HP өнімінің құрамында батарея жоқ.
Еуропа Одағы аумағындағы жеке үйлерде тұратын
пайдаланушылардың жабдық қалдықтарын тастауы
Өнімде немесе оның орауышында тұрған осы рəміз бұл өнімді басқа тұрмыстық қоқыспен бірге
лақтыруға болмайтындығын білдіреді. Сіз қалдық болып қалған жабдықты электрондық жəне
электр жабдықтарды қайта пайдалануға арналған жинау орнына əкелу үшін жауапты боласыз.
Ескірген жабдықтарды лақтыру кезіндегі бөлек жинау табиғи ресурстарды сақтауға жəне оларды
адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірмейтін түрде қайта пайдалануға көмектеседі.
Ескірген жабдықтарды қайта пайдалану үшін қай жерге тастау керектігі туралы қосымша ақпарат
алу үшін қала əкімшілік кеңсесімен, үй қалдықтарын лақтыру қызметімен немесе бұл өнімді Сізге
сатқан дүкенмен хабарласыңыз.
Материалдардың қауіпсіздігі туралы мəліметтер парағы (MSDS)
Кұрамында химиялық заттар бар материалдар мен бөлшектер (мəселен, тонер) туралы
материалдардың қауіпсіздігі туралы мəліметтер парағын (MSDS) алу үшін www.hp.com/go/msds
немесе
www.hp.com/hpinfo/globalcitizenship/environment адресінде орналасқан HP
компаниясының Веб сайтына кіріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін
Мынадай қоршаған ортаны қорғауға байланысты тақырыптар туралы ақпарат алу үшін:
Осы өнім жəне HP компаниясының көптеген байланысты өнімдері үшін қоршаған ортаны
қорғауына қатысты ақпарат парағы
HP компаниясының қоршаған ортаны қорғау туралы ұстанымы
HP компаниясынын қоршаған ортаны қорғау қатысты мəселелерді басқару жуйесі
HP компаниясының қызмет ету мерзімі біткен өнімдерді қайтару жəне қайта пайдалану
бағдарламасы
Материалдардың
қауіпсіздігі туралы мəліметтер парақтары
www.hp.com/go/environment немесе www.hp.com/hpinfo/globalcitizenship/environment сайтына
кіріңіз.
KKWW Қоршаған ортада өнімдерді басқару бағдарламасы 125