HP LaserJet P2010 Series - User Guide
10/100Base-TX Желілік опциялары
●
HP Jetdirect en3700
●
HP Jetdirect 175x
●
HP Jetdirect ew2400
Баспа серверіне тапсырыс беру үшін
10/100 желілік баспа серверлері 102-бетте сайтына кіріңіз.
Принтерді желіге қосыңыз
Желілік модельді қосу үшін мынадай заттар қажет болады:
●
Жұмыс істеп тұрған желі
●
CAT-5 Ethernet желі кабелі.
Принтерді желіге қосу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. CAT-5 Ethernet кабельді Еthernet хабындағы немесе маршрутизаторындағы бос портқа
қосыңыз.
2. Ethernet кабельін принтердің артында орналасқан Ethernet портына қосыңыз.
3. Принтердің артында орналасқан желілік порт шамдарының біреуі (10 немесе 100) жанып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
4. Конфигурация бетін басып шығарып, бұйымға принтер IP адресі берілгенін растаңыз:
Принтер істеуге Даяр тұрған кезде Go (Баста) түймесін басып, 5 секунд ұстап тұрыңыз.
ЕСКЕРІМ: Желілік байланыс проблемарын шешу үшін Желі құруға қатысты
проблемаларды шешу 98-бетте сайтын қараңыз.
Желілік принтер үшін принтер бағдарламасын орнатыңыз
Желідегі принтерді пайдалану үшін осы желіге қосылған компьютерге принтердің бағдарламасын
орнатыңыз.
KKWW Принтер байланыстары 9










