HP LaserJet P2010 Series - User Guide

Macintosh принтер драйверлері
Принтер драйвері принтердің ерекшеліктеріне енуге мүмкін беретін бағдарламалық құрал бөлігі
болып табылады жəне компьютер мен принтердің арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Macintosh компьютерлеріне арналған принтер драйверін орнату
Осы бөлімде Macintosh OS X операциялық жүйесінің v10.2.8, v10.3, v10.4 жəне кейінгі шыққан
нұсқаларына арналған баспа жүйесі бағдарламалық құралын орнату бойынша түсіндірмелер
беріледі.
ЕСКЕРІМ: Компьютерге принтер косылған кезінде USB кезектері автоматты түрде пайда
болады. Дегенмен, USB кабелі қосылардан бұрын орнату бағдарламасы орындалмаған
жағдайда кезек жалпы PPD (PostScript Printer Description, принтер туралы акпарат) файлын
пайдаланады. Кезектегі PPD файлын өзгерту үшін, Print Center (Баспа орталығы) немесе
Printer Setup Utility (Принтер баптау утилитасы) ашып, дұрыс принтер кезегін таңдап
алыңыз жəне содан кейін Show Info (Ақпаратты көрсету) басып Printer Info (Принтер
туралы ақпарат) диалог
терезеcін ашыңыз. Пайда болған мəзірден Printer Model (Принтер
моделі) таңдап, содан кейін пайда болған Generic (Жалпы) белгісі таңдалған белгіленген
мəзірден принтердің дұрыс PPD файлын таңдаңып алыңыз.
Macintosh компьютерлеріне арналған принтер драйверін орнату үшін төмендегі тəртіпті
пайдаланыңыз:
1. Принтердің дискісін компьютердің CD-ROM кұрылғысына салып, орнату бағдарламасын
қосыңыз.
2. Жұмыс үстеліндегі CD белгішесін екі рет басыңыз.
3. Installer (Орнатушы) бағдарламасының белгішесін екі рет басыңыз.
4. Компьютер экранында пайда болған нұсқауларды орындаңыз.
5. Принтер бағдарламасы дұрыс орнатылғанына көз жеткізу үшін сынақ бетін немесе кез келген
бағдарламадан
бір бет басып шығарыңыз.
Егер бағдарлама дұрыс орнатылмаса, оны қайтадан орнатыңыз. Егер бəрібір орнатылмаса,
Install Notes (Орнату туралы ескертулер) шінідегі Late-Breaking Information (ең соңғы ақпарат)
бөлімін қараңыз. Install Notes принтер дискісінде немесе техникалық қолдау сайтында
орналасқан. (Сайттың адресін табу үшін
HP тұтынушыларды қолдау қызметi 111-бетте бетін
қараңыз.)
Macintosh принтер драйверін конфигурациялаңыз
Төмендегі тəсілдердің біреуін пайдаланып, компьютеріңізден Макинтош принтер драйверін
ашыңыз:
16 Бап 5 Macintosh бағдарламалары KKWW