HP LaserJet P2010 Series - User Guide

6 Баспа құралдары
Осы құрылғы осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ережелерге сəйкес түрлі қағаздарға жəне
баспа құралдарына қолдау көрсетеді. Аталған ережелерге сай келмейтін құралдарды пайдалану
мынадай мəселелерге əкелуі мүмкін:
Басып шығару сапасының төмендеуі
Қағаздың жиі кептеліп қалуы
Құрылғының механикалық бөлшектерінің мерзімінен бұрын тозып, соның салдарынан оның
жиі жөнделуі
Барынша жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін тек HP таңбалы қағаз
бен құралдарды
пайдаланыңыз. Hewlett-Packard компаниясы басқа өндірушілердің баспа құралдарын
пайдаланбауға кеңес береді. Себебі оларды HP жасап шығармаған, HP компаниясы олардың
сапасына ықпал етіп немесе бақылау жасай алмайды.
Баспа құралдары осы пайдаланушы нұсқаулығындағы барлық ережелерге сай келгенімен,
нəтижелілігі қанағаттанлықсыз болуы мүмкін. Мұндай қиындық құралды дұрыс қолданбаудың,
қолайсыз температура мен ылғалдылық жағдайында пайдаланудың немесе Hewlett-Packard
компаниясының бақылауынан тыс
басқа да мəн-жайлардың салдарынан орын алуы мүмкін.
Баспа құралдарын көп мөлшерде сатып алардан бұрын, құралды тексеріп, олардың осы
пайдаланушы нұсқаулығындағы жəне HP LaserJet Printer Family Media Guide нұсқаулығындағы
(HP Laserjet принтерлер сериясына арналған құралдар туралы нұсқаулық) талаптарға сай
келетіндігіне көз жеткізіңіз. Нұсқаулықтарды
http://www.hp.com/support/ljpaperguide/ сайт бетінен
жүктеп алуға болады немесе нұсқаулықтарға тапсырыс беру туралы қосымша ақпарат алу
үшін
Қамсыздандыру құралдары мен керек-жарақтар кестесі 101-бетте сайтына кіріңіз.
ЕСКЕРТУ: HP компаниясының техникалық шарттарына сай келмейтін құралды
пайдалану принтердің зақымдануына əкеліп, оны жөндеу қажеттігін тудыруы мүмкін.
Мұндай жөндеуге Hewlett-Packard компаниясының кепілдігі немесе техникалық қызмет
көрсету туралы келісімі қолданылмайды.
KKWW 19