HP LaserJet P2010 Series - User Guide

Баспа құралын салу
Төмендегі бөлімдерде əр түрлі беруші науаларға баспа құралдарын қалай салу керектігі
сипатталады.
ЕСКЕРТУ: Егер умаждалған, бүктелген немесе бүлінген құралға басып шығаруға
əрекеттенсеңіз, олар принтердің ішінде кептеліп қалуы мүмкін. Қосымша ақпаратты
Кептелуді жою 90-бетте бөлімінен қараңыз.
1-науа
1-науа принтердің алдыңғы жағынан ашылады. Принтер басқа науалар арқылы басып шығаруға
əрекеттенерден бұрын 1-науадан басып шығарады.
Құрал бағыттаушылары құралдың принтерге дұрыс берілуін жəне басылған бейне қисаймай
шығуын қамтамасыз етеді. Баспа құралын салған кезде, құрал бағыттаушыларын
пайдаланылатын құралдың еніне сай етіп икемдеңіз.
2-науа жəне 3-қосымша науа
Құрал бағыттаушылары құралдың принтерге дұрыс берілуін жəне басылған бейне қисаймай
шығуын қамтамасыз етеді. 2-науа ішінде бүйір жəне артқы бағыттаушылары бар. Баспа құралын
салған кезде, құрал бағыттаушыларын пайдаланылатын құралдың ұзындығы мен еніне сай етіп
икемдеңіз.
26 Бап 6 Баспа құралдары KKWW