HP LaserJet P2010 Series - User Guide

ЕСКЕРІМ: Жаңа құрал қосқан кезде, міндетті түрде барлық құралдарды беруші науадан
шығарып, жаңа құралдар дестесін туралап алыңыз. Бұл бірнеше құралдың принтерге бір
уақытта кетіп калуына жол бермей, кептелуді азайтады.
Тікелей шығу жолы
Конверттер, мөлдір үлдірлер, ауыр құрал немесе баспадан шыққанда оралып қалатын кез келген
құралмен жұмыс істегенде тікелей шығу жолын пайдалаңыз. Егер 1-науа, 2-науа не 3-қосымша
науа арқылы басып шығарардан бұрын тікелей шығыс есігін ашып қойсаңыз, баспа құралдары
тікелей шығу жолымен шығады.
ЕСКЕРІМ: Тікелей шығу жолы пайдаланғанда, басылып шыққан құралдар дестеленіп
қалмайды. Принтерден шыққан кезінде қолмен алынбаса, құралдар жерге түседі.
Қолмен беру
Аралас баспа құралдарымен басып шығарған кезде қолмен беру тəсілін пайдалануға болады.
Мəселен, бұл тəсілмен бірінші конверт, содан кейін хат, содан кейін конверт жəне т.б. басып
шығаруға болады. Конверттерді 1-науаға, ал фирмалық бланктерді 2-науаға салыңыз.
Қолмен беру тəсілімен басып шығару үшін принтер бағдарламасындағы Properties (Қасиеттер)
немесе Printer Setup (Принтер баптауы) ашыңыз, содан кейін төменге
жайылып түсетін Source
Tray (Науалар) тізімінен Manual Feed (tray 1) (Қолмен беру тəсілі) (1-науа) таңдаңыз.
Нұсқауларды
Windows принтер драйверін конфигурациялаңыз 13-бетте бөлімінен немесе
Macintosh принтер драйверін конфигурациялаңыз 16-бетте бөлімінен қараңыз. Қолмен беру тəсілі
қосылған соң, Go (Баста) түймесін басыңыз.
KKWW Баспа құралын салу 27