HP LaserJet P2010 Series - User Guide
Баспа сапасы параметрлері
Баспа сапасының параметрлері баспа шешімі мен тонердің жұмсалуына ықпал етеді.
Баспа сапасының параметрлерін өзгерту үшін төмендегі тəртіпті пайдаланыңыз:
1. Принтердің Қасиеттер (немесе Windows 2000 мен XP-да Баспа артықшылықтары) бетін
ашыңыз. Нұсқауларды
Windows принтер драйверін конфигурациялаңыз 13-бетте немесе
Macintosh принтер драйверін конфигурациялаңыз 16-бетте ішінен қараңыз.
2. Paper/Quality (Қағаз Түрі/Сапа) бетінде немесе Finishing (Аяқтау) бетінде (кейбір Mac
драйверлерінде бұл бет Paper Type/Quality (Қағаз Түрі/Сапа) деп белгіленген), кажетті
баспа сапасын тандаңыз. Төмендегі опциялар берілген:
●
ProRes 1200: Бұл параметр 1200 x 1200 нүкте/дюйм шешіммен ұсақ бөлшектердің
жақсы сапамен басылуын қамтамасыз етеді.
●
FastRes 1200: Бұл параметр 1200 нүкте/дюймлік шешіммен тиімді өнімділік
сапасын
қамтамасыз етеді.
●
600 dpi: Бұл параметр мəтін сапасын жақсартуға арналған Resolution Enhancement
(Шешім Жетілдіру) технологиясы арқылы 600 x 600 нүкте/дюймдік шешіммен басып
шығаруды қамтамасыз етеді.
●
EconoMode: Мəтін басып шығару үшін тонер аз кетеді. Құжаттың жобаларын басып
шығару кезінде осы параметрдің пайдасы тиеді. Осы опцияны басқа баспа
параметрлеріне бөлек косуға болады. Қосымша ақпаратты
EconoMode (үнемдеу
режимі) 66-бетте бетінен қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Барлық драйверлер мен операциялық жүйелерде принтердің мүмкіндіктерінің
барлығы бола бермеуі мүмкін. Принтер драйверінде ондай мүмкіндіктердің бар-жоғын білу
үшін осы принтердің қасиеттері мəзіріндегі анықтаманы қараңыз.
KKWW Баспа сапасы параметрлері 33










