HP LaserJet P2010 Series - User Guide
4. Басылып шыққан парақтарды бір дестеге жинап алып, сол дестені туралаңыз.
in
v
e
n
t
5. Дестені басылған жағын төмен жəне үстіңгі шетін принтерге қаратып 1-науаға қайта салыңыз.
6. Екінші бетті басып шығару үшін Go (Баста) түймесін басыңыз.
Mac OS X үшін
1. Тікелей шығыс есігін жабыңыз.
2. Егер Manual Duplex (Қолмен екі жақты басу) опциясы принтер драйверінде шықпаса,
төмендегі қадамдарды орындаңыз:
a. Драйвер бағдарламасы Custom Install (Іріктеп орнату) опциясымен орнатылған
кезде HP Manual Duplex & Booklet (Classic) (қолмен екі жақты басу жəне кітапша басып
шығару) таңдалғанына көз жеткізіңіз.
b. File-Print (Файл мəзіріндегі
Басып шығару) командасын орындап, Plug-In Preferences
(Қосылатын кұрылғы артықшылықтары) таңдап, оң жақка қаратылған көрсеткіш жебені
басыңыз. Оң жақка қаратылған көрсеткіш жебе төменге бұрылып, дисплейде HP Manual
Duplex & Booklet (қолмен екі жақты басу жəне кітапша басып шығару) мүмкіндігі пайда
болады.
c. Print Time Filters (Басу фильтрлері) таңдап, HP Manual Duplex & Booklet таңдаңыз
жəне содан кейін Save Settings (Параметрлерді сақтау) түймесін басыңыз
d. Manual Duplex таңдап, Print on Both Sides (Екі
бетке басу) таңдаңыз.
3. Құжатты басып шығарыңыз.
4. Бірінші бет басылып шыққан соң, 1-науадағы қалған қағаздардың барлығын алып тастап,
қолмен екі жақты басу аяқталғанға дейін шетке алып қойыңыз.
KKWW Қолмен екі жақты басу 35










