HP LaserJet P2010 Series - User Guide
Баспа тапсырмасын тоқтату
Берілген тапсырмаларды төменгі орындардан тоқтатуға болады:
●
Принтердің басқару панелі: Берілген тапсырманы тоқтату үшін принтердің басқару
панелідегі Cancel (Тоқтату) түймесін басып, босатыңыз.
●
Бағдарлама: Əдетте, басуға тапсырма берілген кезде экранда баспа тапсырмасын
тоқтатуға мүмкіндік беретін диалог терезесі пайда болады.
●
Windows баспа кезегі: Баспа тапсырмасы баспа кезегіне (компьютер жадына) немесе баспа
спулеріне қойылған болса,
тапсырманы осы жерден өшіріңіз. Windows 98 SE, Me, 2000,
немесе XP жүйелерінде Принтер экранына өтіп, Бастау батырмасын басыңыз, оның
ішінде Баптаулар тармағын таңдап, одан кейін Принтерлер батырмасын басыңыз;
немесе, Бастау батырмасын басыңыз жəне Принтерлер жəне Факстер тармағын таңдаңыз.
Терезені ашу үшін принтер белгішесін екі рет шертіңіз. Өзіңіздің баспа тапсырмаңызды
таңдап, Жою батырмасын басыңыз.
●
Жұмыс үстеліндегі баспа кезегі (Mac OS)
: Mac OS X операциялық жүйесінде Print
Center (Баспа Орталығы) ашыңыз, (немесе v10.3.9 нұсқасында Printer Setup Utility
(Принтер Баптау Утилитасын) ашыңыз), принтер атын екі рет басып, баспа тапсырмасын
таңдап, Delete (Жою) командасын басыңыз.
●
Енгізілген Веб сервері: Принтердің енгізілген Веб сервер бетін ашыңыз да, Cancel Job
(Тапсырманы тоқтату) командасын басыңыз. Қосымша ақпаратты
Енгізілген Веб Сервері
(желілік модельде ғана) 47-бетте бетінен қараңыз.
Баспа тапсырмасы жойылғаннан кейін басқару панеліндегі жағдай көрсететін шамдар əлі де
жыпылықтап жанып тұрса, бұл компьютердің тапсырманы принтерге əлі жіберіп жатқанын
білдіреді. Тапсырманы баспа кезегінен тоқтатыңыз немесе компьютер деректерді жіберіп
болғанша күтіңіз. Принтер жұмысқа даяр жағдайға қайта оралады.
KKWW Баспа тапсырмасын тоқтату 43










