HP LaserJet P2010 Series - User Guide
Принтердің ақпарат беттері
Төмендегі ақпарат беттерін басып шығаруға болады.
Көрсету беті
Көрсету бетінде мəтін мен графика үлгілері беріледі. Көрсету бетін басып шығару үшін төмендегі
əрекеттердің біреуін орындаңыз:
●
Ready (Даяр) индикатор жанып, принтер ешқандай басқа тапсырманы орындамай тұрған
кезде Go (Баста) түймесін басыңыз.
●
Оны Printer Preferences (Принтер артықшылықтары) терезесіндегі Services бетіндегі
жайылып түсетін Print Information Pages (Баспа туралы ақпарат беттері) тізімінен таңдаңыз.
Конфигурация беті
Конфигурация бетінде ағымдағы параметрлер мен принтер қасиеттерінің тізімі көрсетіледі.
Сондай-ақ онда принтердің жай-күйі туралы журнал есебі беріледі. Конфигурация бетін басып
шығару үшін төмендегі əрекеттердің біреуін орындаңыз:
●
Ready (Даяр) индикатор жанып, принтер ешқандай басқа тапсырманы орындамай тұрған
кезде Go (Баста) түймесін басып, 5 секунд ұстап тұрыңыз.
●
Оны Printer Preferences (Принтер артықшылықтары) терезесіндегі
Services бетіндегі
жайылып түсетін Print Information Pages (Баспа туралы ақпарат беттері) тізімінен таңдаңыз.
Қорлар туралы бет
Қорлар туралы бетті Printer Preferences (Принтер артықшылықтары) терезесіндегі Services
бетіндегі жайылып түсетін Print Information Pages (Баспа туралы ақпарат беттері) тізімінен
таңдау арқылы оны басып шығаруға болады. Қор туралы бетте төмендегі ақпарат беріледі:
●
Принтердің катриджі шамамен қанша бет басып шығаруға жететіндігі туралы мəлімет.
●
Өңделген беттер мен баспа тапсырмаларының саны.
●
Тапсырыс беру жəне қайта пайдалану
туралы ақпарат
46 Бап 8 Пайдалану жəне техникалық қызмет KKWW










