HP LaserJet P2010 Series - User Guide

Енгізілген Веб Сервері (желілік модельде ғана)
Енгізілген Веб сервері принтер мен желінің жай-күйін көруге жəне басып шығару функцияларын
принтердің басқару панелінің орнына компьютерден басқаруға мүмкіндік береді. Төменде
енгізілген Веб серверінің көмегімен істеуге болатын жұмыстардың мысалдары келтірілген:
Құрылғының жай-күйі туралы ақпаратты көру
Барлық материалдардың қалған қызмет ету мерзімін анықтау жəне жаңаларына тапсырыс
беру
Əрбір науаға салынатын баспа
құралдарының өлшемі мен түрін белгілеу
Науалардың конфигурацияларын көру жəне өзгерту
Принтердің стандартты конфигурация параметрлерін көру жəне өзгерту
Желінің конфигурациясын көру жəне өзгерту
Компьютерге қандай да бір бағдарлама орнатудың қажеті жоқ. Тек қолдау көрсетілетін мына
веб-браузерлерін пайдалану қажет болады:
Internet Explorer 6.0 (жəне кейінгі нұсқалары)
Netscape Navigator 7.0 (жəне кейінгі нұсқалары)
Firefox 1.0 (жəне кейінгі нұсқалары
)
Mozilla 1.6 (жəне кейінгі нұсқалары)
Opera 7.0 (жəне кейінгі нұсқалары)
Safari 1.2 (жəне кейінгі нұсқалары)
Konqueror 3.2 (жəне кейінгі нұсқалары)
Енгізілген Веб сервері принтер TCP/IP протоколына негізделген желіге қосылған кезде істейді.
Енгізілген Веб сервері IPX протоколына негізделген байланыстарына немесе тікелей USB
байланыстарына қолдау көрсетпейді.
ЕСКЕРІМ: Енгізілген Веб серверін ашып, пайдалану үшін Интернет байланысы қажет
емес. Дегенмен, кез келген бетте берілген сілтемені бассаңыз, сол сілтемемен
байланыстырылған сайтқа бару үшін Интернет байланысы болуы қажет.
Енгізілген Веб серверін ашыңыз
Енгізілген веб серверін ашу үшін қолдау көрсетілетін веб браузерінің адрес жолында
принтердің IP адресін немесе оның хост атын жазыңыз. IP адресін табу үшін Ready (Даяр) шамы
жанып, принтер ешқандай тапсырма орындамай бос тұрған кезде Go (Баста) туймесін басып, 5
секунд ұстап тұрып, принтердің конфигурация бетін басып шығарыңыз.
КЕҢЕС: URL (Universal Resource Locator - əмбепап ресурс орны) ашылғаннан кейін оған
келешекте оңай қайта оралу үшін оның бетбелгісін жасап қойсаңыз болады.
Енгізілген Веб сервері үш беттен құралған. Онда параметрлер мен принтер туралы ақпарат
болады. Information (Ақпарат) беті, Settings (Параметрлер) беті жəне Networking (Желі құру)
беті.
KKWW Енгізілген Веб Сервері (желілік модельде ғана)47