HP LaserJet P2010 Series - User Guide

Принтерді тазалау
Қажет болғанда принтердің сыртын таза, дымқыл шүберекмен сүртіп тазартыңыз.
ЕСКЕРТУ: Принтердің үстін немесе жан-жағын тазалау үшін аммиакқа негізделген
тазалағыштар пайдаланбаңыз.
Басып шығару кезінде принтердің ішінде қағаз, тонер жəне шаң жиылып қалу мүмкін. Уақыт өткен
сайын бұл жиналған қалдықтар тонердің дақтары немесе айғыздарының пайда болуы жəне
қағаздардың кептелуі сияқты проблемаларға əкеп соғып, баспа сапасын нашарлатуы мүмкін. Бұл
проблемаларды түзету жəне жою үшін баспа картриджінің айналасы мен принтердің баспа
құралдары өтетін жолды тазалауға болады.
Картридждің айналасын тазалаңыз
Картридждің айналасын жиі тазалаудың қажеті жоқ. Дегенмен, бұл тұсты тазалау басып
шығарылған парақтардың сапасын жақсартуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Принтерді тазалар алдында принтерді ток көзінен ажырату арқылы
оны сөндіріп, принтер суығанша күтіңіз.
1. Баспа картриджі есігінің түймесін басып, содан кейін баспа картриджін принтерден шығарып
алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Принтердің ішіндегі қара губка оралған тасымал роликке қол тигізбеңіз.
Əйтпесе, принтер бұзылуы мумкін.
ЕСКЕРТУ: Баспа картриджіне зиян келмеу үшін оны жарыққа қоймаңыз. Оның үстін
қағазбен жауып қойыңыз.
52 Бап 8 Пайдалану жəне техникалық қызмет KKWW