HP LaserJet P2010 Series - User Guide

Баспа құралы өтетін жолды тазалаңыз.
Егер басылған беттерде тонер нүктелері немесе дақтары болса, баспа құралы өтетін жолды
тазалаңыз. Тазалау барысында баспа құралы өтетін жолдағы шаң мен тонерді кетіру үшін мөлдір
үлдір пайдаланылады. Мөрлі немесе қалың кағаз пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРІМ: Нəтижелер барынша жақсы болу үшін мөлдір үлдір пайдаланыңыз. Мөлдір
үлдір жоқ болса, көшіру аппаратына қолданылатын (70 — 90 г/м
2
) тегіс бетті құралды
пайдалануыңызға болады.
1. Принтер бос тұрғанына жəне Ready (Даяр) шамы жанып тұрғанына көз жеткізіңіз.
2. Мөлдір үлдірді 1-науаға салыңыз.
3. Бір тазалағыш бетті басып шығарыңыз. Принтердің Properties (Қасиеттер) экранын
(немесе Windows 2000 жəне XP операциялық жүйелеріндегі Printing Preferences (Баспа
артықшылықтары) экранын) ашып, тазалағыш бетті таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Тазартуға шамамен 2 минут кетуі мүмкін. Тазарту барысында тазалағыш бет
қайта-қайта тоқтап отырады. Тазарту аяқталмайынша, принтерді сөндірмеңіз. Принтерді
толық тазарту үшін тазарту үрдісін бірнеше рет қайталау кажет болуы мүмкін.
54 Бап 8 Пайдалану жəне техникалық қызмет KKWW