HP LaserJet P2010 Series - User Guide

EconoMode (үнемдеу режимі)
EconoMode принтердің əр бетке азырақ тонер пайдалануға мүмкіндігін беретін режим болып
табылады. Бұл опцияны таңдау баспа картриджін пайдалану мерзімін ұзартып, əр бет құнын
төмендетуге көмектеседі. Бірақ ол баспа сапасын да төмендетеді. Басып шығарылған сурет
ашығырақ, бірақ жобалар немесе тексерілетін нұсқалар үшін жарамды.
НР EconoMode режимін əрдайым пайдалануға кеңес бермейді. EconoMode əрдайым
пайдаланыла берсе, тонер баспа
картриджіндегі механикалық бөлшектерінен де көп істеуі
мүмкін. Егер осындай жағдайларда баспа сапасы төмендей бастаса, картридж ішінде тонер қалса
да, жаңа баспа картриджін орнату қажет.
1. Принтердің Қасиеттер (немесе Windows 2000 мен XP-да Баспа артықшылықтары) бетін
ашыңыз. Нұсқауларды
Windows принтер драйверін конфигурациялаңыз 13-бетте немесе
Macintosh принтер драйверін конфигурациялаңыз 16-бетте ішінен қараңыз.
2. Paper/Quality (Қағаз Түрі/Сапа) бетінде немесе Finishing (Аяқтау) бетінде (кейбір Mac
драйверлерінде бұл бет Paper Type/Quality (Қағаз Түрі/Сапа) деп белгіленген)
EconoMode (Үнемдеу режимі) ұясын белгілеңіз.
ЕСКЕРІМ: Барлық драйверлер мен операциялық жүйелерде принтердің мүмкіндіктерінің
барлығы бола бермеуі мүмкін. Принтер драйверінде ондай мүмкіндіктердің бар-жоғын білу
үшін осы принтердің қасиеттері мəзіріндегі анықтаманы қараңыз.
66 Бап 8 Пайдалану жəне техникалық қызмет KKWW