HP LaserJet P2010 Series - User Guide
Принтер драйвері Баспа Орталығында немесе Принтер Баптау Утилитасында таңдалған принтеріңіз автоматты түрде
бапталмайды.
Себеп
Шешім
Принтер бағдарламасы орнатылмаған немесе қате орнатылған. Принтер PPD келесі қатқыл диск папкасында бар болуын
қамтамасыз етіңіз: Library/Printers/PPDs/Contents/
Resources/<lang>.lproj, мұндағы <lang> - сіз пайдаланатын
тілдің екі əріпті тіл коды. Қажет болса, бағдарламаны қайта
орнатыңыз. Нұсқауларды Алғашқы іске қосу жөніндегі нұсқаулық
ішінен қараңыз.
PostScript Printer Description (PPD) файлы зақымданған. Келесі қатқыл диск папкасынан PPD файлын жойыңыз:
Library/Printers/PPDs/Contents/Resources/
<lang>.lproj, мұндағы <lang> - сіз пайдаланатын тілдің екі
əріпті тіл коды. Бағдарламаны қайта орнатыңыз. Нұсқауларды
Алғашқы іске қосу жөніндегі нұсқаулық ішінен қараңыз.
Принтер дайын болмауы мүмкін. Кабельдердің дұрыс қосылуын, принтер қосулы болуын жəне
дайындық индикаторы жанып тұруын қамтамасыз етіңіз. USB
немесе Ethernet хабы арқылы байланыстыратын болсаңыз,
компьютерге тікелей жалғап көріңіз немесе басқа бір портты
пайдаланыңыз.
Интерфейс кабелі ақаулы немесе сапасы төмен болуы мүмкін. Интерфейс кабелін ауыстырыңыз. Сапасы жоғары кабель
пайдалануын қамтамасыз етіңіз.
Баспа тапсырмасы сізге керекті принтерге жіберілмеді.
Себеп
Шешім
Баспа тапсырмаларының кезегі тоқтатылған болуы мүмкін. Баспа тапсырмалары кезегін қайта қосыңыз. print monitor (баспа
мониторы) ашып, Start Jobs (Тапсырмаларды бастау) басыңыз.
Қате принтер аты немесе IP адресі пайдаланылуда. Баспа
тапсырмаңызды аты, IP адресі немесе Rendezvous немесе
Bonjour хост аттары бірдей немесе ұқсас принтер қабылдаған
болуы мүмкін.
Принтер атын, IP адресін немесе Rendezvous немесе Bonjour
хост аттарын тексеру үшін конфигурация бетін басып
шығарыңыз. Конфигурация бетіндегі принтер аты, IP адресі
немесе Rendezvous немесе Bonjour хост аттары Баспа Орталығы
немесе Принтер Баптау Утилитасындағы принтер аты, IP адресі
немесе Rendezvous немесе
Bonjour хост аттарына сəйкес
екендігіне көз жеткізіңіз.
Үшінші тараптың USB картасынан басып шығара алмайсыз.
Себеп
Шешім
Бұл қате USB принтерлерінің бағдарламасы орнатылмаған кезде
пайда болады.
Үшінші тарап USB картасын қосқан кезде USB адаптері
картасына қолдау көрсететін Apple бағдарламасы қажет болуы
мүмкін. Бұл бағдарламаның ең жаңа нұсқасын Apple веб-
сайтынан алуға болады.
Кесте 9-4 Mac OS X проблемалары (жалғасы)
KKWW Macintosh жүйесінде жалпы кездесетін проблемалар 79










