HP LaserJet P2010 Series - User Guide
Басып шығарылған бет экрандағыға ұқсамайды
Проблеманы ең жақсы сипаттайтын тармақты таңдаңыз:
●
Бүлінген, қате немесе аяқталмаған мəтін 83-бетте
●
Графика не мəтін жоқ, немесе бос парақтар 83-бетте
●
Бет форматы басқа HP LaserJet принтеріндегіге ұқсамайды. 84-бетте
●
Графикалар сапасы 84-бетте
Бүлінген, қате немесе аяқталмаған мəтін
●
Бағдарламалық құрал орнатылғанда принтердің қате драйвері таңдалуы мүмкін. Принтер
Қасиеттерінен принтердің дұрыс драйвері таңдалғандығына көз жеткізіңіз.
●
Нақты бір файлдан бүлінген мəтін басылып шықса, проблема сол нақты бір файлда болуы
мүмкін. Нақты бір бағдарламадан бүлінген мəтін басылып шықса, проблема сол нақты бір
бағдарламада болуы мүмкін. Дұрыс принтер драйвері таңдалуын қамтамасыз етіңіз.
●
Бағдарламаңызда
қате болуы мүмкін. Басқа бір бағдарламадан басып шығарып көріңіз.
●
USB кабелі бос немесе ақаулы болуы мүмкін. Келесілерді орындауға əрекет жасаңыз:
●
Кабельді екі жағынан ажыратып, қайта жалғаңыз.
●
Сіз жұмыс істейтінін білетін тапсырманы басып шығарып көріңіз.
●
Мүмкін болса, кабель мен принтерді басқа компьютерге қосып, сіз жұмыс істейтінін
білетін тапсырманы басып шығарып
көріңіз.
●
3 м немесе одан да қысқа жаңа USB 2.0 кабелін пайдаланып көріңіз.
Қамсыздандыру
құралдары мен керек-жарақтар кестесі 101-бетте көріңіз.
●
Принтер мен компьютерді сөндіріңіз. USB кабелін ажыратып, екі жағынан да
зақымданған жерлерін тексеріңіз. Кабельді қайта жалғап, қосылыстардың нық болуын
қамтамасыз етіңіз. Принтердің тікелей компьютерге қосылуын қамтамасыз етіңіз.
Компьютердегі USB порты мен принтердің арасында жалғанған барлық ауыстырып-қосу
қораптарын, магнит таспа жинақтауыштарын, қауіпсіздік кілттерін немесе қандай да бір
басқа құрылғыларды ажыратып алыңыз. Бұл
құрылғылар кейде компьютер мен принтер
арасындағы байланысқа кедергі жасауы мүмкін. Принтер мен компьютерді қайта
қосыңыз.
Графика не мəтін жоқ, немесе бос парақтар
●
Файлыңызда бос беттер болмауын қамтамасыз етіңіз.
●
Жапсырма таспа əлі де баспа картриджінде болуы мұмкін. Баспа картриджін шығарып алып,
таспа түгелдей картриджден суырылып шыққанша бұрыштаманы тартыңыз. Баспа
картриджін орнына салыңыз. Нұсқауларды
Баспа картриджін ауыстыру 49-бетте ішінен
қараңыз. Принтерді тексеру үшін Ready (Даяр) индикатор жанып, принтер ешқандай басқа
тапсырманы орындамай тұрған кезде Go (Баста) түймесін басып көрсету бетін басып
шығарыңыз.
●
Принтер Қасиеттеріндегі графика параметрлері сіз басып шығаратын тапсырма үшін дұрыс
болмауы мүмкін. Принтер Қасиеттерінде басқа графика параметрлерін пайдаланып көріңіз.
KKWW Басып шығарылған бет экрандағыға ұқсамайды 83










