HP LaserJet P2010 Series - User Guide

Принтер бағдарламасына қатысты проблемалар
Кесте 9-5 Принтер бағдарламасына қатысты проблемалар
Проблема Шешім
Принтер папкасында принтер белгішесі көрсетілмейді.
Принтердің бағдарламалық құралын қайта
орнатыңыз. Windows тапсырмалар панелінде
Бастау батырмасын басып, одан Бағдарламалар,
HP трмақтарын, одан кейін өз принтеріңізді таңдап,
ақырында Жою тармағын таңдаңыз. Принтердің
бағдарламалық құралын ықшам дисктен орнатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Барлық істеп тұрған
бағдарламаларды жабыңыз. Жүйелік науада
белгішесі бар бағдарламаны жабу үшін
маустың оң жақтағы түймесін басып, Close
(Жабу) немесе Disable (Өшіріп қою)
командасын тандаңыз.
USB кабелін компьютердің басқа USB портына қосып
көріңіз.
Бағдарламаны орнату кезінде қате туралы хабарлама
пайда болды.
Принтердің бағдарламалық құралын қайта
орнатыңыз. Windows тапсырмалар панелінде
Бастау батырмасын басып, одан Бағдарламалар,
HP трмақтарын, одан кейін өз принтеріңізді таңдап,
ақырында Жою тармағын таңдаңыз. Принтердің
бағдарламалық құралын ықшам дисктен орнатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Барлық істеп тұрған
бағдарламаларды жабыңыз. Жүйелік науада
белгішесі бар бағдарламаны жабу үшін
маустың оң жақтағы түймесін басып, Close
(Жабу) немесе Disable (Өшіріп қою)
командасын тандаңыз.
Принтер бағдарламасы орнатылатын қатқыл дискіде
қанша бос орын барлығын тексеріңіз. Қажет болса,
мүмкіндігінше көбірек орын босатып, принтер
бағдарламасын қайтадан орнатыңыз.
Қажет болса, Disk Defragmenter (дискті
дефрагментациялау) бағдарламасын қосып, принтер
бағдарламасын қайтадан орнатыңыз.
Принтер Ready (Дайын) режимінде тұр, бірақ ештеңе
басып шығармайды
Принтердің басқару панелінен конфигурация бетін
басып шығарып, принтердің дұрыс жұмыс істейтінін
тексеріп алыңыз.
Барлық кабельдер дұрыс қосылғанын жəне олардың
техникалық талаптарға сай келетіндігін тексеріңіз.
Бұл USB кабеліне, желілік жəне қорек кабельдеріне
қатысты. Жаңа кабель қосып көріңіз.
KKWW Принтер бағдарламасына қатысты проблемалар 85