HP LaserJet P2010 Series - User Guide
Баспа сапасын жақсартy
Бұл бөлімде баспа ақауларын анықтау жəне түзету туралы ақпарат беріледі.
ЕСКЕРІМ: Егер бұл қадамдар проблеманы жоймаса, HP компаниясының өкілетті
дилерімен немесе техникалық қызмет өкілімен хабарласыңыз.
Басылған бейне ашық немесе өңсіз шығады
●
Баспа картриджінің қызмет мерзімі бітуге жақын.
●
Баспа құралдары Hewlett-Packard компаниясы баспа
құралдары үшін белгілеген техникалық шарттарға сай
болмауы мүмкін (мəселен, баспа құралдары тым
ылғалды немесе тым қалың).
●
Егер бүкіл бет ашық түсті болып шықса, баспа
тығыздығы тым ашық болып белгіленген немесе
EconoMode режимі қосылып қалған болуы мүмкін.
Баспа тығыздығын реттеп алып, принтер Қасиеттері
бетіндегі
EconoMode режимін өшіріңіз.
Тонер нүктелері
●
Баспа құралдары Hewlett-Packard компаниясы баспа
құралдары үшін белгілеген техникалық шарттарға сай
болмауы мүмкін (мəселен, баспа құралдары тым
ылғалды немесе тым қалың).
●
Принтерді тазалау қажет болуы мүмкін.
Беттің кейбір жерлеріне бейне басылмаған
●
Баспа құралының бір парағы ақаулы болуы мүмкін.
Тапсырманы қайтадан басып шығарып көріңіз.
●
Баспа құралының ылғалдығы тегіс таралмаған
немесе баспа құралының бетінде ылғалды жерлер
бар. Жаңа баспа құралына басып шығарып көріңіз.
●
Баспа құралдарының тобы ақаулы болуы мүмкін.
Өндіріс барысында кейбір жерлер тонерді
қабылдамайтын болып болуы мүмкін. Түрі немесе
сауда белгісі басқа бір
баспа құралын пайдаланып
көріңіз.
●
Принтер картриджі ақаулы болуы мүмкін.
86 Бап 9 Проблемаларды шешу KKWW










