HP LaserJet P2010 Series - User Guide

Тік сызықтар
Баспа картриджінің ішіндегі фотосезгіш барабан тырналып
қалған болуы мүмкін. HP компаниясының жаңа принтер
картриджін орнатыңыз.
Беттің фоны сұр болып шығады
1-науа орнында екеніне көз жеткізіңіз.
Баспа құралдарын жеңілірек түріне ауыстырыңыз.
Принтер тұрған ортаның жағдайын тексеріңіз. Өте
құрғақ (ылғалдылығы төмен) жағдайларда фонның
боялуы артады.
HP компаниясының жаңа принтер картриджін
орнатыңыз.
Тонер айғыздалып шығады
Егер тонер баспа құралдарының принтер ішіне бірінші
кіретін шетіне жағылып шықса, баспа құрал
бағыттаушылары кірленген болуы мүмкін. Баспа
құралы бағыттаушыларын кұрғақ, тегіс матамен
сүртіңіз.
Баспа құралдарының түрі мен сапасын тексеріңіз.
HP компаниясының жаңа принтер картриджін
орнатып көріңіз.
Тонердің термиялық құрылғысының температурасы
тым төмен болуы мүмкін. Принтер драйверінде баспа
құралының түрі дұрыс таңдалғанына көз
жеткізіңіз.
KKWW Баспа сапасын жақсартy87