HP LaserJet P2010 Series - User Guide

Бос тонер
Принтердің ішін тазалаңыз.
Баспа құралдарының түрі мен сапасын тексеріңіз.
HP компаниясының жаңа принтер картриджін
орнатып көріңіз.
Принтер драйверінде баспа құралының түрі дұрыс
таңдалғанына көз жеткізіңіз.
Принтерді желілік фильтрдің орнына тікелей
айнымалы ток көзіне қосыңыз.
Қайталанатын тік ақаулар
Принтер картриджі зақымдалған болуы мүмкін. Егер
ақау беттің бір жерінде қайталанып шықса,
HP компаниясының жаңа принтер картриджін
орнатыңыз.
Принтердің ішкі бөлшектерінде тонер болуы мүмкін.
Егер ақаулар парақтың артқы бетінде шықса, бұл
проблема бірнеше бет басып шығарылғаннан кейін
өздігінен жоғалуы мүмкін.
Принтер драйверінде баспа құралының түрі дұрыс
таңдалғанына көз жеткізіңіз.
Таңбалар дұрыс қалыптаспаған
Егер таңбалар дұрыс қалыптаспай, соның
салдарынан бейне бұзылып шықса, баспа
құралдарының дестесі тым тайғанақ болуы мүмкін.
Баспа құралының басқа бір түрін пайдаланып көріңіз.
Егер таңбалар дұрыс қалыптаспай, толқын сияқты
шықса, принтерге техникалық қызмет қажет болуы
мүмкін. Конфигурация бетін басып шығарыңыз. Егер
таңбалар дұрыс қалыптаспаған болса, HP
компаниясының өкілетті дилерімен немесе
техникалық қызмет өкілімен хабарласыңыз
.
Бет қисық шығады
Баспа құралдарының науаға дұрыс салынғанына
жəне баспа құралы бағыттаушылары баспа
құралдары дестесін тым қатты немесе тым бос
ұстамайтынына көз жеткізіңіз.
Беруші науа асыра толтырылған болуы мумкін.
Баспа құралдарының түрі мен сапасын тексеріңіз.
88 Бап 9 Проблемаларды шешу KKWW