HP LaserJet P2010 Series - User Guide
Парақ бұралып немесе толқынданып шығады
●
Баспа құралдарының түрі мен сапасын тексеріңіз.
Жоғары температура мен жоғары ылғалдылық баспа
құралдарының бұралуына əкеліп соғуы мүмкін.
●
Баспа құралдары беруші науада тым ұзақ тұрған
болуы мүмкін. Науадағы баспа құралдары дестесін
аударыңыз. Сондай-ақ, баспа құралдарын 180°
градусқа айналдырып көріңіз.
●
Тікелей шығыс есігін ашып, тікелей шығыс жолы
арқылы басып көріңіз.
●
Тонердің термиялық құрылғысының
температурасы
тым жоғары болуы мүмкін. Принтер драйверінде
баспа құралының түрі дұрыс таңдалғанына көз
жеткізіңіз. Егер проблема жойылмаса, мөлдір ұлдір не
жеңіл баспа құралдары сияқты төменірек термиялық
кұрылғы температурасын талап ететін баспа құралы
түрін тандаңыз.
Умаждалу немесе бүгілу
●
Баспа құралдары науа ішіне дұрыс салынғанына көз
жеткізіңіз.
●
Баспа құралдарының түрі мен сапасын тексеріңіз.
●
Тікелей шығыс есігін ашып, тікелей шығыс жолы
арқылы басып көріңіз.
●
Науадағы баспа құралдары дестесін аударыңыз.
Сондай-ақ, баспа құралдарын 180° градусқа
айналдырып көріңіз.
●
Конверттерде бұл конверт ішінде жабылып қалған
ауадан пайда болуы мүмкін. Конвертті шығарып,
жазыңыз жəне
содан кейін қайтадан басып шығарып
көріңіз.
Таңбаның айналасына тонер шашырап шығады
●
Егер таңбалардың айналасына тонер көп шашыраса,
баспа құралдары тонерді қабылдамайтын болуы
мүмкін. (Лазерлі принтерлер үшін таңбаның
айналасына тонердің аз мөлшерде шашырауы
қалыпты жағдай болып табылады.) Баспа құралының
басқа бір түрін пайдаланып көріңіз.
●
Науадағы баспа құралдары дестесін аударыңыз.
●
Лазерлі принтерлерге арналған баспа құралдарын
пайдаланыңыз.
KKWW Баспа сапасын жақсартy89










