HP LaserJet P2010 Series - User Guide
Кептелуді жою
Кейде баспа барысында баспа құралдары кептеліп қалады. Бағдарламадағы қате жəне
принтердің басқару панеліндегі шамдар арқылы сізге баспа құралдарының кептеліп қалғаны
туралы ескерту беріледі. Қосымша ақпаратты
Жағдай жарығының үлгілері 71-бетте бетінен
қараңыз.
Төменде баспа құралдарының кептелуінің кейбір себептері берілген:
●
Беруші науалар дұрыс толтырылмаған немесе асыра толтырылған. Қосымша ақпаратты
Баспа құралын салу 26-бетте бетінен қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Жаңа баспа құралын қосқанда, міндетті түрде беруші науадағы баспа
құралдарының барлығын алып шығып, жаңа баспа құралының дестесін туралаңыз.
Бұл бірнеше құралдың принтерге бір уақытта кетіп калуына жол бермей, кептелуді
азайтады.
●
Баспа құралдары HP компаниясының техникалық шарттарына сай келмейді. Қосымша
ақпаратты
Қолдау көрсетілетін кағаз жəне баспа құралдарының өлшемдері 21-бетте бетінен
қараңыз.
●
Принтердің кағаз жүретін жолдарын кағаз шаңынан жəне басқа қалдықтардан тазалау кажет
болуы мүмкін. Нұсқауларды
Принтерді тазалау 52-бетте ішінен қараңыз.
Баспа құралдары кептелгеннен кейін принтердегі тонер босаңсып қалуы мүмкін. Бірнеше бет
басып шығарылған соң, бұл тонер өзі тазаланады.
ЕСКЕРТУ: Баспа құралдарының кептелеуі парақта бос тонер қалдыруы мүмкін. Егер
тонер киіміңізге тисе, оны суық сумен жуыңыз. Ыстық су тонерді матаға жабыстырады.
ЕСКЕРТУ: Кептемені жою үшін өткір заттарді, мəселен пинцет немесе өткір ұшты
кемпірауыз пайдаланбаңыз. Өткір заттармен келтірілген зиян кепілдікпен қамтылмайды.
Баспа картриджінің айналасы
Баспа картриджінің айналасындағы кептемені жою үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Картридж есігінің түймесін басып, содан кейін картриджді принтерден шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Баспа картриджіне зиян келмеу үшін оны тікелей жарық əсеріне
ұшырауын барынша азайту қажет.
90 Бап 9 Проблемаларды шешу KKWW










