HP Color LaserJet CP2020 Series - User's Guide
Жадты қосу
Егер сіз жад DIMM модулін орнатқан болсаңыз, принтер драйверін жаңадан қосылған жадты
тануға қойыңыз.
Windows жүйесі үшін жад қосу
1. Start (Бастау) мəзірінде Settings (Параметрлер) тармағын таңдап, одан кейін Printers
(Принтерлер) немесе Printers and Faxes (Принтерлер жəне факстар) түймешігін басыңыз.
2. Осы өнімді таңдап, одан кейін Properties (Сипаттар) тармағын таңдаңыз.
3. Configure (Конфигурациялау) жиекбелгісінде More (Қосымша) түймешігін басыңыз.
4. Total Memory (Толық жад) жолағында жаңадан орнатылған жадтың толық көлемін теріңіз
немесе таңдап алыңыз.
5. OK түймешігін
басыңыз.
DIMM орнатылуын тексеріңіз
Өнімді қосыңыз. Өнім жұмысты бастау процедурасынан кейін Дайын күйінде екендігін тексеріңіз.
Қате жөніндегі хабар шығарылған жағдайда төмендегілерді орындаңыз:
1. Конфигурациялау бетін басып шығарыңыз. Қараңыз:
ақпараттық беттер 72-бетте.
2. Конфигурация бетіндегі Орнатылған ерекшеліктер мен параметрлер бөлімін тексеріп, оны
DIMM модулін орнатудан алдын басып шығарылған конфигурация бетімен салыстырыңыз.
3. DIMM дұрыс орнатылмауы мүмкін. Орнату процедурасын қайталаңыз.
–немесе–
DIMM модулі ақаулы болуы мүмкін. Жаңа DIMM салып көріңіз.
Өнімді тазалау
Басып шығару кезінде принтердің ішінде қағаз, тонер жəне шаң жиналып қалуы мүмкін. Уақыт өте
ол жұғындылар дақ пен ластау сияқты баспа сапасы мəселелерін туындатуы мүмкін. Бұл өнімнің
сондай мəселелерді түзетіп, болдырмау мүмкіндігін беретін тазалау режимі бар.
Өнімді HP ToolboxFX пайдаланып тазалаңыз
1. HP ToolboxFX ашыңыз.
HP ToolboxFX ашыңыз. 73-бетте қараңыз.
2. Құрылғы Параметрлері папкасын ашып, ішінен Қызмет бетіне өтіңіз.
3. Тазалау режимі аумағында тазалауды бастау үшін Бастау батырмасын шертіңіз.
Өнім бір бетті өңдеп, тазалау процессі аяқталғанда оны Дайын күйіне қайтарады.
Өнімді басқару тақтасын пайдаланып тазалаңыз
1. Мəзірлерді ашу үшін OK түймешігін басыңыз.
2. Сол жақ көрсеткі (
) немесе Оң жақ көрсеткі ( ) түймешігін басып мынаны бөлектеңіз:
Service (Қызмет).
94 Бап 9 Басқару жəне күту KKWW










