HP Color LaserJet CP2020 Series - User's Guide

Принтер драйвері Баспа Орталығында немесе Принтерді орнату утилитасында таңдалған өніміңіз автоматты түрде
орнатылмайды.
Себеп
Шешім
Өнім дайын болмауы мүмкін. Кабельдердің дұрыс жалғанғанына, өнімнің қосулы жəне Дайын
шамының жанып тұрғандығына көз жеткізіңіз. Егер сіз USB
немесе Ethernet хабы арқылы жалғасаңыз, компьютерге тікелей
жалғап көріңіз немесе басқа портты пайдаланыңыз.
Өнімнің бағдарламалық құралы орнатылмаған болар немесе
дұрыс орнатылмаған.
Принтер PPD файлы келесі қатты диск папкасында екендігіне көз
жеткізіңіз:
LIBRARY/PRINTERS/PPDS/CONTENTS/RESOURCES/
<lang>.lproj
, мұндағы <lang> - сіз пайдаланатын тілдің екі əріпті тіл коды.
Қажет болса, бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.
Нұсқауларды алғашқы іске қосу жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.
PPD файлы зақымданған. Келесі қатқыл диск папкасынан PPD файлын жойыңыз:
LIBRARY/PRINTERS/PPDS/CONTENTS/RESOURCES/
<lang>.lproj
, мұндағы <lang> - сіз пайдаланатын тілдің екі əріпті тіл коды.
Бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз. Нұсқауларды
алғашқы іске қосу жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.
Интерфейс кабелі ақаулы немесе сапасы төмен болуы мүмкін. Интерфейсті кабельді жоғары сапалы кабельмен
алмастырыңыз.
Баспа тапсырмасы сізге керекті принтерге жіберілмеді.
Себеп
Шешім
Баспа кезегі тоқтатылған болуы мүмкін. Баспа тапсырмалары кезегін қайта қосыңыз. Print Мonitor
(Баспа мониторы) тармағын ашып, Start Jobs (Тапсырмаларды
бастау) түймесін басыңыз.
Қате бұйым атауы, IP мекенжайы немесе Bonjour принтер атауы
пайдаланылуда.
Бір конфигурация бетін басып шығарыңыз (ақпараттық беттер
72-бетте бөлімін қараңыз). Конфигурация бетіндегі бұйым
атауы, IP мекенжайы немесе Bonjour принтер атауы басып
шығару орталығындағы немесе принтер орнату утилитасындағы
бұйым атауына, IP мекенжайына немесе Bonjour принтер
атауына сəйкес екендігін тексеріңіз.
EPS файлы қате қаріппен басылып шығарылуда.
Себеп
Шешім
Бұл ақаулық кейбір бағдарламаларда пайда болады.
Басып шығарардың алдында EPS файлындағы қаріптерді
өнімге жүктеп көріңіз.
Қосарланған кодтың орнына ASCII форматындағы файлды
жіберіңіз.
KKWW Macintosh мəселелерін шешу 129