HP Color LaserJet CP2020 Series - User's Guide
Қоршаған ортаны бақылау бағдарламасы
Қоршаған ортаны қорғау
Hewlett-Packard компаниясы қоршаған ортаға зиян тигізбейтін жолмен сапалы өнімдерді
шығаруды ұстанады. Бұл өнім қоршаған ортаға зиянды азайтатын бірнеше белгілермен
жобаланған.
Озон өндіру
Бұл өнім ешбір елеулі озон газын өндірмейді (O
3
).
Тұтынылатын қуат
Дайын/Ұйқы режимінде қуаттың тұтынылуы айтарлықтай азайып, бұл бұйымның жоғары
өнімділігіне əсер етпестен табиғи ресурстар мен қаражатты үнемдейді. Бұл өнімдің ENERGY
STAR® квалификациялық жағдайын анықтау үшін Өнім Спецификациясын немесе
Спецификациялар парағын қараңыз. Жарамды өнімдердің тізімі келесілерде де берілген:
http://www.hp.com/hpinfo/globalcitizenship/environment/productdesign/ecolabels.html
Қағаз пайдалану
Бұл өнімнің қолмен дуплекстеу (екі жақты басып шығару) жəне N-дейін басып шығару (бір параққа
бірнеше бетті басып шығару) мүмкіндігі қағаз шығымын жəне нəтижесінде табиғи қорларға
сұранысты азайта алады.
Пластмасса
Ауырлығы 25 граммнан асатын пластмасса бөлшектер бұйымның пайдалану мерзімі
аяқталғаннан кейін пластмассаның қайта пайдалануға жарамдылығын күшейтетін халықаралық
стандарттар бойынша белгіленген.
HP LaserJet баспаға арналған қамсыздандыру құралдары
HP əлем серіктестері арқылы, белгіленген қызмет мерзімі аяқталған HP LaserJet баспа
картридждерін тегін қайтару мен қайта пайдалану оңай. Əрбір жаңа HP LaserJet баспа картриджі
мен жабдықтар орамасында бірнеше тілдегі бағдарлама ақпараты мен нұсқаулар болады. Бөлек
бөлек қайтарғаннан гөрі бірнеше картриджді бірден қайтарсаңыз, қоршаған ортаны қорғауға
үлесіңіз көбірек болады.
HP компаниясы өнімді жобалау мен өндіруден бастап, тарату, тұтынушының пайдалануы
жəне
қайта пайдалануға дейінгі кезең ішінде қоршаған ортаға зиян келтірмейтін тапқыр, жоғары сапалы
өнімдер мен қызметтер ұсыну қағидасын ұстанады. HP компаниясының Planet Partners
(Ғаламшар Əріптестері) бағдарламасына қатысқаңызда, біз HP LaserJet принтеріңіздің баспа
картриджінің дұрыс қайта пайдаланылуын қамтамасыз етіп, оларды жаңа өнімдер шығаруға
арналған пластмасса мен металл етіп қалпына келтіру үшін өңдейміз жəне миллиондаған тонна
қалдықтарды қоқыс тастайтын
жерге жеткізбейміз. Картридж қайта пайдаланылып, жаңа
материалдарда қолданылатындықтан, ол сізге қайтарылмайды. Қоршаған ортаға
жауапкершілікпен қарағаныңыз үшін рахмет!
KKWW Қоршаған ортаны бақылау бағдарламасы 149










