HP Color LaserJet CP2020 Series - User's Guide
5. Одан кейін Layout Direction (Орналастыру Бағыты) мəзіріне өтіп, парақтағы беттер кезегі
мен орналастырылуын таңдаңыз.
6. Одан кейін Borders (Жиектері) мəзіріне өтіп, парақтағы əр беттің жан жағындағы жиек түрін
таңдаңыз.
Екі жағын да басып шығару (дуплекс басып шығару)
ЕСКЕРТУ: Кептелуді болдырмау үшін, 105 г/м
2
(28 фунттық жоғары сапалы қағаз) ауыр қағазды
жүктемеңіз.
Автоматты дуплексті баспаны пайдаланыңыз
1. Баспа тапсырмасын қамтамасыз ететін науалардың біріне жеткілікті қағаз мөлшерін
салыңыз. Егер Сіз бланк сияқты арнайы қағаз жүктеген болсаңыз, оны келесі жолдардың
бірімен жүктеңіз:
●
1-науа үшін, бланк парақтарын астыңғы жағын принтерге бірінші енгізіп, жоғары
қаратып салыңыз.
●
Барлық өзге науалар үшін, бланк парақтарын жоғарғы жағын принтердің артына қарата
енгізіп,
төмен қаратып салыңыз.
2. File (Файл) мəзірінен Print (Басып шығару) батырмасын таңдаңыз.
3. Layout (Орналасу) жайылмалы мəзірін ашыңыз.
4. Одан Two-Sided (Екі Жақты) тармағынан, Long-Edge Binding (Ұзын Қырынан Бекіту) немесе
Short-Edge Binding (Қысқа Қырынан Бекіту) таңдаңыз.
5. Print (Басып шығару) батырмасын басыңыз.
Екі жағына қолмен басу
1. Баспа тапсырмасын қамтамасыз ететін науалардың біріне жеткілікті қағаз мөлшерін
салыңыз
. Егер Сіз бланк сияқты арнайы қағаз жүктеген болсаңыз, оны келесі жолдардың
бірімен жүктеңіз:
●
1-науа үшін, бланк парақтарын астыңғы жағын принтерге бірінші енгізіп, жоғары
қаратып салыңыз.
●
Барлық өзге науалар үшін, бланк парақтарын жоғарғы жағын принтердің артына қарата
енгізіп, төмен қаратып салыңыз.
2. File (Файл) мəзірінен Print (Басып шығару) батырмасын таңдаңыз.
3. Finishing (
Аяқтау) жайылмалы мəзірінен Manually Print on 2nd Side (2-ші бетіне қолмен
басып шығару) таңдаңыз.
4. Print (Басып шығару) батырмасын басыңыз. 1-науа ішіндегі шығарылған жинақтың екінші
жартысын басып шығару үшін орнын ауыстырмас бұрын компьютер экранына шығарылатын
жайылмалы терезедегі нұсқауларды орындаңыз.
5. Принтерге өтіп, 1-науа ішіндегі кез келген таза парақты алып тастаңыз.
6. Басылып шығарылған жинақты астыңғы жағын принтерге бірінші
енгізіп, төмен қарата
отырып, 1-науа ішіне салыңыз. Сіз екінші жағын 1-науа ішінен басып шығаруға тиістісіз.
7. Кеңес берілген жағдайда, жалғастыру үшін басқару панеліндегі тиісті батырманы басыңыз.
KKWW Macintosh принтер драйверінде мүмкіндіктерді пайдаланыңыз 33










