HP Color LaserJet CP2020 Series - User's Guide
Клиент құрамында өнімнің аппараттық құрал мекенжайы бар жүктеуді сұрату пакетін жібереді.
Сервер құрамында құрылғы конфигурациялануы үшін қажетті ақпарат бар жауапты жүктеу
пакетімен жауап береді.
Желі бөліктері
Жеке желі класының IP желі мекенжайы ұйымға берілген жағдайда орналасу орны бойынша
танытылатын біреуден көп желі үшін біреуден көбі берілмейді. Жергілікті желі администраторы
желі бөліктерін желіні бірнеше бөлікке бөлу үшін пайдаланады. Желіні желі бөліктеріне бөлу
жұмыс орындалуын жақсартып, жектеулі желі адрестері аумағын жетік пайдалану мүмкіндігін
береді.
Желі бөлігінің маскасы
Желі бөлігінің маскасы бір ІР
желісін бірнеше бөлек желі бөлігіне бөлу механизмі болып
табылады. Берілген желі кластарында IP мекенжайының əдетте қолданылып отырған торапты
анықтау үшін пайдаланатын бөлігі оның орнына желі бөлігін анықтау үшін пайдаланылады. Желі
бөлігінің маскасы əр IP мекенжайында желі бөліктері үшін қолданылатын бөлікті анықтау үшін
қолданады жəне ол бөлік торапты анықтау үшін пайдаланылады.
Шлюздер
Шлюздер (маршрутизаторлар) желілерді біріктіру үшін қолданылады. Шлюздер түрлі байланыс
протоколдарын, деректер форматтарын, құрылымдарын, тілдерді немесе құрылыстарды
пайдаланатын жүйелер арасында аудармашы ретінде жұмыс іс тейтін құрылғы болып табылады.
Шлюздер деректер пакеттерін ашып, арнаулы орны жүесін сəйкестендіру үшін ретін өзгертеді.
Желі желі бөліктеріне бөлінген жағдайда шлюздер бір желі бөлігін екіншісімен байланыстыру үшін
қажет етіледі.
Стандартты шлюз
Стандартты шлюз болып пакеттерді желілер арасында жылжытып отыратын шлюздің немесе
маршрутизатордың IP мекенжайы болып табылады.
Бірнеше шлюз немесе маршрутизатордың болуы жағдайында стандартты болып əдетте бірінші
немесе ең жақын шлюздің немесе маршрутизатордың мекенжайы белгіленеді. Ешбір шлюз
немесе маршрутизатордың болмауы жағдайында стандартты болып əдетте желі торабының
(жұмыс станциясының немесе өнімнің) ІР мекенжайы белгіленеді.
44
Бап 5 Жалғау қабілеті KKWW










