HP Color LaserJet CP2020 Series - User's Guide

Баспа тапсырмасын тоқтату
Сіз баспаға сұратуды өнімнің басқару панелін немесе бағдарламалық құралыңызды пайдалана
отырып тоқтата аласыз. Баспа сұратуын желідегі компьютерден қалай тоқтатуға болатындығы
жөніндегі нұсқауларды нақты желілік бағдарламалық құралға арналған онлайн Анықтамалығынан
қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Сіз тоқтатқан барлық баспа тапсырмаларын алып тастау үшін біраз уақыт қажет
етілуі мүмкін.
Өнімнің басқару тақтасында ағымдық баспа тапсырмасын тоқтату
Басқару панеліндегі Тапсырмадан бас тарту (X) батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер тапсырманы өңдеу ұзап кетсе, сізде одан бас тарту опциясы болмауы мүмкін.
Ағымдық баспа тапсырмасын бағдарламалық құралдардан тоқтату
Диалог терезесі қысқа мезетке экранға шығарылып, сізге баспа тапсырмасынан бас тарту
мүмкіндік беруі мүмкін.
Бағдарламалық құралыңыздан бірнеше сұрау өнімге жіберілген болса, олар баспа кезегінде
(мысалы, Windows Print Manager (Windows Баспаны Басқарушы бағдарламасында) күтіп тұруы
тиіс. Баспа тапсырмасын компьютерден бас тарту жөніндегі нақты нұсқауларды бағдарламалық
құрал құжаттамасынан қараңыз.
Егер баспа тапсырмасы баспа кезегінде (компьютер жадында) немесе баспа
буферінде (Windows
2000, XP немесе Vista жүйелерінде) күтіп тұрған болса, тапсырманы осы жерден өшіріңіз.
Windows 2000, Windows XP немесе Windows Vista жүйелерінде Start (Бастау) батырмасын басып,
одан кейін Printers and Faxes (Принтерлер жəне факстар) батырмасын басыңыз немесе Start
(Бастау) батырмасын басып, оның ішінде Control Panel (Басқару панелі) тармағында Printers
and Faxes (Принтерлер жəне факстар) батырмасын басыңыз. Принтердің буферін ашу үшін
принтердің белгішесіне екі рет басыңыз
. Жойғыңыз келетін баспа тапсырмасын таңдап,
Document (Құжат) мəзірінің астындағы Cancel (Тоқтату) немесе Delete (Жою) батырмасын
басыңыз. Баспа тапсырмасы тоқтатылмаса, сізге компьютеріңізді өшіріп, қайта қосу қажет етлуі
мүмкін.
58 Бап 7 Баспа тапсырмалары KKWW